Главная » Файлы » РЕФЕРАТ | [ Добавить материал ] |
В разделе материалов: 2903 Показано материалов: 671-680 |
Страницы: « 1 2 ... 66 67 68 69 70 ... 290 291 » |
Қазақстанда индустрияландыруға бағыт алу. 1925 ж. желтоқсанда өткен БК(б)П-ның ХІV съезінде Кеңестер Одағын индустрияландыру бағыты белгіленді. Капиталистік шаруашылықтан ерекше, елдің экономикалық тәуелсіздігін қамтамасыз ететін, өзіндік машина, станок жасау, металлургия, химия, қорғаныс және басқа да ірі өнеркәсіптері бар жүйе құру қажет делінді. Шаруашылықтың барлық салаларын соның негізінде техникалық қайта жасақтандыру мен еңбек өнімділігін арттыру үшін бүкіл экономиканың негізі ретінде ең алдымен ауыр өнеркәсіпті дамыту, оның шаруашылықтағы жетекшілік рөлін бекіту арқылы шет елдермен экономикалық жарыста озып шығу мақсаты қойылды. Бұл сол кездер үшін дұрыс |
Тәуелсіздіктің екінші онжылдығының белортасынан асқан кездегі демократиялық қайта құрулар кезеңінде біздің қоғам одан ары даму жолы мен демократия үлгісін таңдау алдында тұр. Егер бұл мәселе дұрыс шешілмесе, онда тоталитаризм мен демократия арасын таңдау мәселесі қайтадан өзекті мәнге ие болуы мүмкін. Мұндай мәселені шешу этнос, ұлт, ұлттық мемлекет деген сияқты категорияларды түбегейлі түрде анықтауға әкеліп тірейді. Қазақстан – өзінің полиэтникалық құрамы арқылы ерекшеленетін мемлекет. Сондықтан, негізгі міндеттердің бірі әлеуметтік топтардың ғана емес, сонымен бірге әртүрлі әлеуметтік қоғамдастықтардың қарым-қатынасын реттеу болып табылады. |
Тәуелсіздік жылдарында елімізде орын алған күрделі саяси-экономикалық жаңарулар мен өзгерулер ағымында мемлекет билігінің қайнар көзі болып табылатын халқымыздың рухани өмірі мен діни көзқарастары да бір жағынан толығып, ал енді бір жағынан әралуан бағыттар бойынша дамып, бүгінгі көптеген этникалық топтар мен түрлі діндерді ұстанатын зайырлы Қазақстан қоғамы қалыптасты. Жоғарыда айтқанымыздай, халықсыз билік болмайды, ал – дінсіз халық болмайды |
Қарастырып отырған к езеңде қазақ жері Ресейге толық қосылып болғандығын білеміз. Патша өкіметінің отарлау саясатының жағымсыз жақтарымен қатар оның прогрессивтік мәні орасан зор болды. Қазақстанның Ресейге қосылуы қазақ халқының мәдениетінің дамуына орыс мәдениетінің прогрессивтік ықпалының күшеюіне көмектесті. ХІХ ғасырдың орта кезінде Ресейдің өзінде ерекше әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің болғандығы белгілі. |
Экономикасы. Қазақстан экономикасы көне заманнан бастап Қазан төңкерiсiне дейiнгi кезеңде көшпелi мал ш-на негiзделдi. Мал жыл бойы өрiсте бағылады. Жер көшпелi қауымның ортақ меншiгi болып саналып, қазақ шаруалары оны қауымдасып пайдаланды. Мал жеке меншiкте болды. Шын мәнiнде малдың иесi жайылымға да иелiк еттi. Қазақстан Ресейге қосылған, одан мемлекеттiлiгi жойылған кезеңнен бастап, әсiресе, 1891 ж. Дала ережесi өмiрге енгiзiлгеннен кейiн, көшпелi ш-тың сипаты өзгердi. |
Қазақстан Республикасында 1989 жылғы халық санағында 16199,2 мың адам тiркелдi. 1999 жылғы санаққа дейiнгi аралықта Қазақстан халқы 1246,1 мың адамға кемiген. Мұның басты себебi бұрын қуғын-сүргiнге ұшырап, Қазақстан жерiне көшiрiлiп, қоныстандырылған өзге ұлт өкiлдерiнiң, әсiресе, орыстардың, украиндардың, немiстердiң, кавказ халықтарының, т.б. өз ата мекендерiне көшiп кетуi болды. Өсу тек Оңт. Қазақстан, Қызылорда, Атырау облыстарында, Алматы, Астана қ-ларында байқалды. Ерлердiң саны 7201,8 мың болса, әйелдер 7751,8 мыңды құрады. |
Кіріспе I Қазақстан Республикасының салық жүйесі 1.1 Салық мәні,мазмұны және элементтері 1.2 Жалпы мемлекеттік салықтар 1.3 Ғалымдар мен тәжірибешілердің пікірлеріндегі салық жүйесі туралы көзқарастар II Жанама және тікелей салыққа сипаттама 2.1 Тікелей салықтар және жанама салықтар Қорытынды |
Менің жыл сайынғы Жолдауларым әдеттегідей жетістіктерімізді саралап, келешегімізді бағдарлауға, ең бастысы – баршамызға ортақ ұлы мақсатқа жетудің дұрыс жолын бірлесе айқындауымызға бағытталып келеді. Қазақстан халқына арналған 2006 және 2007 жылдардағы Жолдауларымда мен ағымдағы міндеттер туралы ғана емес, біздің дамуымыздың келешегі жайында да айтқан едім. Осыған орай, әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарынан нық орын алу мен 30 корпоративтік көшбасшыларын қалыптастыру негізінде елді индустрияландыру міндеттері біздің басты стратегиялық мақсатымыз болып қала бермек. |
Тәуелсіз егемен мемлекеттің міндетті рәміздерінің бірі оның ұлттық валютасы болып табылады. Кез келген мемлекеттің тарихына оның бір-ақ рет енгізілетін өз валютасының тарихы да кіреді. Басқа көптеген елдердің ұлттық валютасының тарихы сан ғасырлар бойы қалыптасқан. Кез келген ұлттық валюта елдің өткенін, бүгінгісін және болашағын бейнелейді. Ал Теңгенің - Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының тарихы Президенттің 1993 жылғы 15 қарашадағы жарлығынан басталды. |
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Диссертациялық жұмыс 1924-1930 жылдар аралығында Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы құрамында болған Қарақалпақ Автономиялық облысының мәселелерін кеңінен қарауға негізделген. Орта Азия республикаларын ұлттық-аумақтық межелеу комиссиясының шешіміне сәйкес құрылған Автономиялық облыстың сипаттамасы қазақ-қарақалпақ қатынасының тарихымен сабақтасып, кеңестендіру жылдарындағы Алаш зиялыларының саяси көзқарасына ортақ болған ұстанымдармен байланыстырылды. Сонымен бірге, облыстың кейінгі жағдайының Одақ көлемінде және өзбектердің ұлттық-аумақтық межелеу комиссиясының мүддесінде шешілуіне негіз болған, ұжымдастырудың ақтаңдағына айналған Тақтакөпірдегі бас көтерудің ақиқаты, қарақалпақ жеріндегі қазақ босқындары, екі ұлтқа да ортақ бүгінгі күн әлпетіндегі мәселелер зерттеуде кеңінен қарастырылады. |