Главная » Файлы » РЕФЕРАТ | [ Добавить материал ] |
В разделе материалов: 2903 Показано материалов: 561-570 |
Страницы: « 1 2 ... 55 56 57 58 59 ... 290 291 » |
Бұл күндері тәуелсіз ел болып шаңырақ көтердік. Қоғамдық өмірде түбегейлі өзгеріс болды. Атажұртты аңсаған ағайындарды бауырға тарта бастадық. Олардың тағдыр-тарихын, рухани дүниесін зерттеуге мүмкіндік туды. Бұл жөнінде елбасы Н.Назарбаев: «Ұлттың рухани өмірі, оның мәдениетіне байланысты әлі де болса көпшілік қауымға жетпей жатқан тарихи, әдеби асыл мұраларымызды игеру жолында еңбектену, бұрын мән бермей келген халықтану, шығыстану, түркітану ілімдерін барынша дамытуға көңіл қою, ұлттық мәдени ерекшеліктерімізді сақтау, жинау, зерттеу ісін жетілдіре түсу – бүгінгі маңызды міндеттеріміздің қатарына кіреді» [1, Б.14-15] - деген болатын. Бүгінгі күннің кезек күттірмес міндетіне айналған бұл іс оқымысты қауымға да үлкен міндет жүктегені белгілі. Осы ретте академик С.Қирабаев: "Қазақ халқының рухани мұрасы тек бүгінгі Қазақстан жеріндегі ұлт өкілдері еңбектерімен шектелмейді. Тағдырдың тәлкегімен шет елдерге және бұрынғы КСРО көлеміндегі мемлекеттерге ыдырап кеткен қазақтардың әдебиеті мен мәдениеті де біздің ұлттық байлығымыздың бөлінбес бөлігі” [2, 17-б.] - деп орынды пікір айтады. |
Ұлттық валютаның енгiзiлуi сәтiнен бастап, 1995 жылға дейiн Орталық банктiң қызметiн атқару, жүйе қызметiн реттеп отыратын нормативтiк құжаттарды қарастыру және қабылдау тұрғысындағы дәстүрлермен тәжiрибесi жоқ Ұлттық банк дербес түрде ақшалай-несиелiк саясат жүргiзу тәжiрибесiн қолға алды. Бұл кезең , сондай-ақ ұлттық валютаның бағаларды ырықтандыру саясатына орай шарттасылған ақша –несие құралдарының және факторлардың әрекетiне бейiмделуi болатын. Сонымен бiр мезгiлде, 1995 жылы 15 ақпанда Қазақстан Республикасы Президентiнiң қаулысымен бекiтiлген, 1995 ж. арналған Қазақстандағы банктiк жүйенi реформалаудың бiрiншi бағдарламасы жасалынды. |
Әрбір дәуірдің елеулі, кезеңді оқиғаларын заманының белгілі ақын-жазушылары дастан-жырларға, ойшылдары тарих-шежіреге айналдырып, шеберлер сәулет өнерінде бейнелеп қалдырған. Тек түркі халықтары мәдениетінің ғана емес, сонымен бірге бүкіл дүние жүзі мәдениетінің тарихында елеулі орын алатын ондай ескерткіштердің мәні өте зор. Сондай құнды рухани мұралардың қазақ жерінде де көптеп жасалғандығы біздің халқымыз үшін үлкен мақтаныш. |
Сыр бойындағы ірі қалалардың бірі Сығанақ болды. Ол қазіргі Қызылорда облысының Жаңақорған ауданындағы қала еді. Бұл қала туралы алғаш рет Х ғасырдағы жазба деректерде айтылған. XI ғ. Ғұлама ғалым, түркі тілінің маманы Махмұт Қашқари өзін "Түркі тілінің сөздігі” еңбегінде жазып қалдырған. Ол сығанақ қаласын оғыз қалаларының ішінде атап өткен [1, 174 б]. Бұл қаланы әр жылдары көптеген ғалымдар зерттеген. 1862 ж П.И.Лерх, 1906-07 ж. И.А.Костанье, 1947 ж. А.Н.Бернштам басқарған археологиялық экспедициялар зерттеулер жүргізді. |
Бойына талай сыр бүккен бұл қазанды бабалардың көзі деп, қолымен ұстап көруге әркім-ақ құмар. Кесенені салдырған Көреген Әмір Темір тапсырысымен бұл қазан 1399 жылы 25-маусымда, ( хижр. 801 жыл, 20-шәуәл) Түркістан қаласының батысында, 27 шақырым жерде орналасқан Қарнақ елді мекенінде, сирек кездесетін асыл металдардың қоспасынан құйылған. Салмағы екі тонна, сыйымдылығы үш мың литр. Қазан сыртындағы араптың гүлденген сульс және куфи қолтаңбаларымен жазылған үш қатар жазудың біріншісінде оны шайхылардың сұлтаны Ахмет Ясауи кесенесіне арналып жасалғаны туралы айтылады. Қазақстан мен Қырғызстанның аумағында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстар барысында табылған қазандарды ғалымдар екі түрге бөледі. |
Ислами әдебиеттерде көбінесе "Йесе” (Йеси) деп аталатын заманауи Түркістан шаһарының діни, тарихи, әлеуметтік маңызын екшемес бұрын, "Түркістан” сөзінің мағнасын сәл талдап көрелік. VII-ғасырда Орта Азияны өз билігіне қаратқан арабтар (Әмәуилер) Жейхұн[1] өзенінің ар жағындағы елдерді "Мауера-ән-Нәһір”, яғни "өзеннің ар жағындағылар”, ал осы аймақты бағындырған олар кейінірек Сейхұн[2] өзенінің солтүстігіндегі елдерді "Биләд әт-Түрк”, яғни "Түрік елі” деп атаған.[3] Иран тілді халықтар да мағналас түрде "Түркістан”, яғни "Түрік Елі”, "Түрік Жері” деп атаған-тұғын. Заманауи түсінікте "Түркістан” – Жейхұн өзені бастауының солтүстігіндегі Орталық Азия елдерінің жалпы атауы.[4] Қарахан (942-1211), Ғазна (962-1187), Селжүк (1040-1157) ханадандары[5] кезінде түркілер билеген аумақтың үнемі өсуіне байланысты бүгінгі күнгі мағнадағы "Ұлы Түркістан” ұғымы қалыптасады. |
Арғы тарихтың бедерінде күллі әлемге із қалдырған түркі дүниесінің бүгінгі күні де дүниежүзілік өркениетте ерекше орны бар екені белгілі. Жалауын жоғары ұстап, намысын ешкімге таптатпаған ежелгі түркі халықтарының қазіргі ұрпақтары бір-бірімен рухани туыстық қарым - қатынасты жақсы жолға қойған. Түп негізі бір, тілегі ортақ, түркі жұртын тек бір-бірін қиналмай ұғысатын тіл ғана жақындастырып қоймайды, олардың етене араласуына бастау-негізі тамырлас өнердің де ықпалы аз болмайды. Түркі өнері - түркілік рухты қозғайтын айрықша кұбылыс. |
Жеке тура салықтар-бұл жеке адамдар мен заңды ұйымдардың табыстары мен мүлкіне салынатын салықтар. Нақты салықтардың айырмашылығы-жеке салық салу әрбір салық төлеушінің жеке табысы мен мүлкін де, оның қаржы жағдайын да ескереді. |
Жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларының өз еліне, туған жеріне, тіліне деген қүрмет сезімін қалыптастыру. Еліміздің тәуелсіздігін сақтауға, қазақ тілінің мәртебесін көтеру,оқушылардың тез ойланып, жауапты жүйелі түрде шапшаң қайтара білуіне үйрету. |
Тілдің пайда болуы туралы әртүрлі теориялар бар, олар тілдің қалай шыққанын, қалай пайда болғанын өзінше дәлелдейді. Тіл білімінде оларды екіге бөліп қарайды. 1. Биологиялық теориялар тілдің пайда болу себебін адам организмі мен психикасының ерекшеліктерінен іздейді. а) Еліктеу теориялары, оның ішінде кең таралған «дыбысқа еліктеу қағидасы» бойынша алғашқы адамдар қоршаған ортадағы дыбыстарға, көрініс, бейнелерге еліктеп, олады белгілеу үшін әртүрлі дыбыстар шығарудан бастайды (Х. Штейнталь). |