Главная » Файлы » РЕФЕРАТ | [ Добавить материал ] |
В разделе материалов: 2903 Показано материалов: 501-510 |
Страницы: « 1 2 ... 49 50 51 52 53 ... 290 291 » |
Макроэволюция ـ түрден жоғары деңгейде (туыс тұқымдас, отряд, класс, т.б.) қалыптасуына ықпал ететін эволюциялық өзгерістер макроэволюция терминінің тұңғыш рет ғылымға, орыс ғалымы Ю.А.Филипченко енгізген (1927 ж.). Қазіргі кездегі зерттеулерде макроэволюцияның механизмі жоқ, тек микроэволюция процестерінің негізінде ғана жүзеге асады деген тұжырымдар жасалды. Микроээволюция деңгейінде көрінбейтін эволюцияның жалпы заңдылықтары мен бағыттарын макроэволюцияда байқауға болады. Микроэволюциядағы процестер жинақтала келіп, макроэволюциялық құбылыстардан сырттай көрініс табады. |
Жоспары: 1.Тарихы 2.Халқы 3.Табиғаты 4.Экономикасы 5.Мадагаскар ағысы |
Майлықожа Сұлтанқожаұлы қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы Қызылқұм жерінде туып өскен.Әкесі Сұлтанқожа мұсылманша сауатты,шағын дәулетті,көзі ашық,діндар адам болған. Майлықожа әкесінің үйретуімен сауат ашып,кейін өз бетімен көп ізденіп,заманына сай білімді алған. Майлықожа әке-шешесінен 14 жасында жетім қалып,жоқшлқ,мұқтаждқт көп көрген.Ержете келе жаттап өлең айтып,өнер жолына түсу арқылы елге танылады. |
Мағжанға дейінгі, шамамен екі ғасырлық кезең патшалық Ресейдің Түркістан
аймағын басып алу мақсатында жүргізген саясатында туған әрекетімен және
Түркістан халқының оған қарсылық көрсетуімен өткен. Ғасырлар бойы кең жазира
қала қанға бөгіп, ел қажып күйзеліп, халық жаны мен жүрегіне жара түскен. Ал
Мағжан туған жылдары Түркістан аймағы түгелімен патшалық Ресейдің езгісінде
болатын. Бірақ соған қарамастан Түркістанда қалыпты бір жүйе құрылмаған еді.
Түркістан халқының патшалық Ресейдің жаулап алу саясатына қарсы жүргізген
күресі енді саяси үстемдікке наразылық білдірген бітпес бас көтеруге айналды. Ал,
бұл көтерілістерді патша әскерлері аяусыз басып-жаншып отырды. Мағжан Ресейдің
Түркістан аймағында отаршылдық саясатын күшейту мен славян тектес көшпенділерді
жаппай Түркістан территориясына қоныстандыруына қарсы Түркістан аймағының 1916 жылғы көтерілісіне де куә болды. |
Мағжан Жұмабаевтың
алғашқы өлеңдері ағартушылық сарында жазылды. Ол түсінікті еді. Мағжан өмір
сүрген уақыт қаншалықты күрделі саяси, қоғамдық тақырыптарды алға тартқанымен,
оның алдындағы Шоқан, Ыбырай, Абайлар бастап кеткен ағартушылық ой-пиғыл бұл
кезең әдебиетінде басымдау жатты. Мағжан да Абай дәстүрінде жыр жазды, ұлы
ұстаз үлгісін жалғастырды. Алғашқы өлеңдерінің бірін "Алтын хакім
Абайға" деп атауының өзінен ақынның ұлы Абайды ерекше құрмет тұтқаны сезіледі. Өз өлеңдерінде қазақ
арасындағы әр түрлі келеңсіз
мінез-құлықты, әрекетсіздік пен жалқаулықты,
сауатсыздықты сынайды. Елін білім алуға, өнер үйренуге шақырады.
"Жазғы таң", "Өнер-білім қайтсе табылар", Қазағым",
т.б. өлеңдерінде ақын осы тақырыпты көтереді. Мағжанның ағартушылық сарындағы
өлеңдерінің арасында ел мен жер тағдырына алаңдаушылық жатады. Ақын туған елін сүйді, туған жерінің әрбір
пұшпағын жүрегіне жақын тұтты. Ол: |
XVIII ғасыр қазақ халқының қиын-қыстау заманы болды. Жоңғар,
қалмақтың жан-жақтан қыспағы елді қатты күйзеліске ұшыратты. 1723 жылғы қайғылы
да қасіретті «Ақтабан шұбырынды – Алқакөл сұлама» оқиғасы елдің еңсесіне батты.
Қазақ елі бытыраңқылыққа ұшырады. Осы кезде халықтың басын қосып, қасына
батырларды жинаған ер Абылайды айтпай кетуге болмайды. Жастайынан Төле бидің
қолында өскен Сабалақ жорықтарға қатысып, ерлігінің арқасында елдің айбатты
арыстанына айналды. Елжіреген жұрттың қамын ойлап, халықты ауызбіршілікке
шақырып, елдің еңсесін көтерді. Бірақ,
|
Мағжан Жұмабаев поэзия әлеміндегі жарық жұлдыз,
қайталанбас құбылыс. Оның қуатты, бойға жігер, жүрекке от беретін рухты үні,
ізденістері мен жаңашылдығы қазақ әдебиетін ХХ ғасырдың басында-ақ Еуропа, орыс
әдебиетінің биік деңгейіне көтерді. «Өлеңді музыкаға айналдырған, дыбыстан
сурет тұрғызған, сөзге жан бітірген, жаңа өлшеулер шығарған» Мағжанның осындай
қасиеттерін, ішкі шығармашылық құдіретін жұрттан бұрын байқаған әрі аса жоғары
бағалаған Мұхтар Әуезов: «Мағжан мәдениеті зор ақын. Сыртқы кестенің келісімі
мен күйшілдігіне қарағанда, бұл бір заманның тегінен асқандай, сезімі
жетілмеген қазақ қауымынан ертерек шыққандай… Сондықтан бүгінгі күннің бар
жазушысының ішінен келешекке бой ұрып, артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз –
Мағжанның сөзі. Одан басқамыздың бәріміздікі күмәнді, өте сенімсіз деп білемін»
деп жазды. |
Мағжан Жұмабаев поэзия әлеміндегі жарық жұлдыз, қайталанбас құбылыс. Оның қуатты, бойға жігер, жүрекке от беретін рухты үні, ізденістері мен жаңашылдығы қазақ әдебиетін ХХ ғасырдың басында-ақ Еуропа, орыс әдебиетінің биік деңгейіне көтерді. «Өлеңді музыкаға айналдырған, дыбыстан сурет тұрғызған, сөзге жан бітірген, жаңа өлшеулер шығарған» Мағжанның осындай қасиеттерін, ішкі шығармашылық құдіретін жұрттан бұрын байқаған әрі аса жоғары бағалаған Мұхтар Әуезов: «Мағжан мәдениеті зор ақын. Сыртқы кестенің келісімі мен күйшілдігіне қарағанда, бұл бір заманның тегінен асқандай, сезімі жетілмеген қазақ қауымынан ертерек шыққандай… Сондықтан бүгінгі күннің бар жазушысының ішінен келешекке бой ұрып, артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз – Мағжанның сөзі. Одан басқамыздың бәріміздікі күмәнді, өте сенімсіз деп білемін» деп жазды. |
Поэзия өнер мүлкі ретінде қыр-сыры мол жан-сезімнен
тыс поэзия болмайды. Оның ішінде лирика тікелей сезімдік туынды екені мәлім.
Алайда әр ақынның сол сезімді поэзияға өзек етуіндегі эстетикалық арсеналдары
түрліше. Негізгі объект алдымен талант қырларында жатыр. Айту мәнері шабыт
көзінде жатыр. Лирика – белгілі бір уақыт пен ортаның жемісі, сол орта мен
уақыт перзентінің көңіл-күйі , жан тебірінісі. Оның бойындағы барша қасиет – қадірді нақты мезгіл
рухы, дәуір мазмұны айқындамақ. Ендеше біздегі лирика – замандасымыздың рухани
өмірінің, сезім әлемінің, ой дүниесінің көрікті сурет екені даусыз. |
Қылыш шағында-ақ әдебиет көгінен жарқырап шалынған Мұхтар Мағауиннің жұлдызы бүгін де тым биіктен, тым дара көрінеді. Қырық жылдан кейін баспасөз бетін көрген бозым қаламнан туған "Бір уыс бидай» аталатын алақандай әңгімеден бастап, байсал тұста жазылған "Қыпшақ аруы» психологиялық әфсана хикаятына дейінгі аралықта қалың оқырманның рухани жауһарына айналған талай тамаша туындылар жазушының аты-жөнін Темірқазықтай әйгілегені күмәнсіз ақиқат. Еш күлбілтелемей, міңгірлемей мойындаған жөн. Ал қаламгердің кілең кереметтерінің ішінен сүзіп алар інжу-маржандардың көшбастаушысы ретінде ұдайы "Қобыз сарынын» ойланбастан ауызға алатыны бекер емес-ау. Оны жіті байыздап, тап басу үшін жанкешті жазушының жан-дүниесіне тереңірек бойлап, сыры сан қатпарлы, сан қабатты шығармашылық қазынасына қырағы жанармен үңілуің керек |