Главная » Файлы » РЕФЕРАТ | [ Добавить материал ] |
В разделе материалов: 2903 Показано материалов: 2551-2560 |
Страницы: « 1 2 ... 254 255 256 257 258 ... 290 291 » |
XX ғасырдың басындағы қазақтың ағартушылық, демократтық бағыттағы оқыған азаматтарының бipi — талантты қаламгер, қоғам қайраткері Міржақып Дулатұлы еді.Аумалы-төкпелі заманда елдің болашағы үшін атқарған күреске толы кызметімен де, шығармашылық мұрасымен де ол халқына аяулы, еліне құрметті. Міржақып қоғамда да, әдебиетте де халқының тәуелсіздігін бірінші кезекке қойды. |
Жұбан Молдағалиев 1920 жылы Батыс Қазақстан облысының Сайқұдық деген жерінде туған.Мектептен кейін Орал ауыл шаруашылығы техникумында оқыған. 1940 жылдан 1947 жылға дейін әскер қатарында болып, Ұлы Отан соғысына қатысқан. Әскерден оралғаннан кейін түрлі қызмет атқара жүріп, шығармашылықпен айналысады. |
Аймауытов Жүсіпбек (1889-1931)— қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі.Туып өскен жері Павлодар облысының Баянауыл ауданына қарасты бұрынғы «Қызыл ту», қазіргі Жүсіпбек Аймауытов ауылы.Әкесі Аймауыт кедей болғанымен, арғы аталары Дәндебай мен Қуан атақ-абыройлы, бай, ел арасында білікті кісілер екен. Жүсіпбек жастайынан арабша хат тану, оқу үйренген. |
Жүсіп Хас Хажыб Баласағұн (1020-?) – Орта Азияның белгілі ақыны. Туған жері – Жетісу жеріндегі Баласағұн қаласы. Бұрын бұл қаланы «Күз Орда» деп атаған.Жүсіптің әкесі де ақын, өнерпаз кісі болған. Қараханидтер мемлекетінің астанасы Баласағұн қаласында хан сарайында өлең айтып, күй шерткен. Кейін ол бұл іске баласын да тартып, Жүсіп әкесімен бірге хан сарайында қызмет еткен. Осында жүріп қоғамдық және жаратылыстану ғылымдарынан білім алады. |
Жиренше шешен есімі ақыл, парасаттың үлгici ретiнде қазақ ауыз әдебиетiнен берiк орын алған. Халық аныздары бойынша, Жиренше шешен кедей адам болған. Ол дербес Қазақ хандығын кұруда Жәнібек ханға көмектескен, оған пайдалы кеңестер айтып, бұқара халықтың атынан сөйлеген. |
Жаяу Мұса Байжанұлы - қазақ халқының әйгілі әнші-композиторы, ақын.Туған жері — Павлодар облысының Баянауыл ауданындағы Жасыбай көлінің жағасы, Ақшоқы алқабы. Шыққан тегі — Орта жүз, Арғын ішіндегі Сүйіндік руы. |
Есет Көтібарұлы - халықтың әйгілі батырларының бірі. Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы ұлт-азаттық қозғалыстың басшысы, Кіші жүздің Қабақ руының басқарушысы болған. Ол 1807 жылы Ақтөбе облысының Шалқар ауданындағы Шалқар көлінен жеті-он шақырым жердегі Ақши бойында дүниеге келген. |
Доспамбет жырау – қазақ халқының ұлы тұлғаларының бірі. Ноғай Ордасында әскери қолбасшы болған. Дешті Қыпшақты көп аралаған, Бақшасарай мен Стамбұлда болған. Доспамбет жырау толғауларында оның мұрат-мақсаты айқын көрініс тапқан. |
Дина Нұрпейіс келіні – қазақтың атақты күйші-композиторы. Туып-өскен жері – Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданына қарасты Бекетай құмы деген жер. Топырақ Алматы қаласынан бұйырған. Қазақстанның халық әртісі (1944 ж.). Халық өнерпаздарының 1937 жылы өткен республикалық байқауына қатысып, 75 жасында халық аспаптарын тартатын өнерпаздардың Мәскеуде өткен Бүкілодақтық бірінші байқауында, одан кейін 1944 жылы 83 жасында Орта Азияның бес республикасынан өнерпаздар қатысқан Ташкенттегі онкүндікте Дина тағы да жүлделі орындарды жеңіп алады. |
Бұрынғы Бөкей ордасында, қазіргі Батыс Қазақстан облысының Орда ауданына қарасты Қарамола деген жерде дүниеге келіп, өзінің ата қонысынан топырақ бұйырған.Ата-бабасы Өріс (Орыс) ханнан бері қарай хандық биліктен қол үзбеген. Бөкей хан өлген соң, Дәулеткерейдің әкесі Шығай сегіз жылдай Бөкей ордасына хандық билігін жүргізген. Дәулеткерей төре күйлерінің дәстүрін біржолата орнықтырып, төре тартысты тұтас бір мектеп ете алған адам. Сондықтан да болар, Дәулеткерейді академик А.Жұбанов төре күйлерінің атасы дейді. |