Главная » Файлы » РЕФЕРАТ | [ Добавить материал ] |
В разделе материалов: 2903 Показано материалов: 2341-2350 |
Страницы: « 1 2 ... 233 234 235 236 237 ... 290 291 » |
Құмырсқа – жарғаққанаттылар отрядының бір тұқымдасы. Құмырсқа Жер шарында кеңінен таралған, тек Қиыр Солтүстікте және Антарктидада ғана кездеспейді. Құмырсқаның 10 мыңдай түрі бар. Олардың көпшілік түрлері тропиктік аймақтарда кездеседі. Денесі бас, көкірек және құрсақтан тұрады.
|
Адам анатомиясы (латынша anatome – кесу, бөлшектеу деген ұғымды білдіреді) – адам денесінің құрылысын, пішінін, қимылдарын, мүшелердің өзара қарым-қатынасын зерттейтін жаратылыстану ғылымының бір саласы.
|
Тұқымқуалаушылықтың хромосомалық теориясы – ядрода орналасқан хромосомалар гендерінің тасымалдаушысы болатындығын және олардың тұқымқуалау негізі екендігін дәлелдейтін теория. Т. х. т. 20 ғ-дың басында клетка теориясы негізінде қалыптасты.
|
Ас-су режимі — су мен тұздық организмдегі қалыпты тепе-теңдігін сақтауға мүмкіндік береді Және организм тіршілігіне қолайлы жағдай туғызады. Ас-су режимі тамақ режимімен тығыз байланысты. Сұйықты ретсіз, артық қабылдау ас қорытуды нашарлатады, жүрек-қан тамырлары жүйесіне және бүйрекке қосымша күш түсіреді, организм ге қажетті заттардың бүйрек және тер бездері арқылы шамадан тыс көп бөлініп шығуына әкеліп соқтырады.
|
1929 ж. Америка физиологі Уолтер Кэннон ішкі ортаның, организмнің басты – басты биологиялық көрсеткіштерінің (константалардың) тұрақтылық дәрежесін белгілеу үшін гомеостаз деген жаңа термин ұсынды. Гомеостаз деп қан көлемі мен құрамының және физикалық, химиялық, биологиялық қасиеттерінің тұрақтылығы, яғни барлық биологиялық константаларды (артериялық қан қысымы, дене температурасы т.т.) айтады.
|
Вирус, биологияда – нуклеин қышқылдары (ДНҚ немесе РНҚ) мен белоктық қабықтан тұратын, клеткалық құрылымы болмайтын, өсуі мен бинарлық көбею қабілеті жоқ өте ұсақ тірі бөлшектер. Вирусты (латынша vіrus – у деген ұғымды білдіреді) 1892 ж. орыс ғалымы Дмитрий Ивановский ашты.
|
Тер. Терінің маңызы. Тері – біздің денеміздің сыртқы жабыны. Ол мықты, серпімді болады. Бұл адамның жеңіл және еркін қозғалуына мүмкіндік береді. Тері адамның ішкі мүшелерін сыртқы соққыдан қорғайды және судың мөлшерін белгілі бір көлемде сақтайды.
|
ИТЕЛГІ (Falco cherrug), балобан – сұңқартәрізділер отрядына жататын ірі жыртқыш құс. Қазақстанда биік таулар мен ормансыз жазықтардан басқа жерлердің бәрінде кездеседі. Әсіресе, Маңғыстау мен Сарыарқаның аласа таулы өңірлерінде көп ұшырасады.
|
Індетке қарсы күрес жүргізетін бөлім Республика көлемінде кездесетін жұқпалы аурулар мен паразит ауруларын болдырмау, алдын алу, сақтандыру және оған қарсы күрес жоспарын жасап, олардың орындалуын, аурулардан тазарту мумкіншіліктерін іске асырады. Бірінші мал дәрігерлік есепке талдай жасап, осы аурулардан тазарту мумкуншіліктерін іске асырады. Бірінші мал дәрігерлік есепке талдау жасап, осы аурулардан өлім-жетімге ұшарамауын қадағалайды. Сонымен қатар облыстардағы мал дәрігерлік қызмет салаларының дәрі-дәрмек, зарарсыздандыру заттарымен, биологиялық препараттармен қамтамасыз етілуін қадағалайды.
|
Аңшы құстардың ұшу сипаты. Құс өмірінің көбін ұшумен өткізеді. Аң-құс іздеген кезде аушы құс көз жетпес шалғайға, қиян-құздарға, сағымды далаға, жапан түзге, алысқа дейін талмай ұшуға қабілетті. Табиғи жаратылысы мен дене бітімі оларға үздіксіз, солқылдамай ұзақ, әрі жинақы ұшуды қамтамасыз етеді. Қазақ құсбегілер аушы құстың ұшу мәнерін алпыстай түрмен сипаттайды:
|