Главная » Файлы » РЕФЕРАТ | [ Добавить материал ] |
В разделе материалов: 2903 Показано материалов: 2311-2320 |
Страницы: « 1 2 ... 230 231 232 233 234 ... 290 291 » |
Табыс септіктегі сөзді менгеріп тіркес кұрайтын — сабақты етістіктер: үйді жуды, терезені ашты. Салт етістіктер өзгелік етіс формасына ауысқанда, олар да табыс септік сөзді меңгере алатын болады: ойна — баланы ойнатты, толды — шелекті толтырды, қанды — сусынын қандырды.
|
Ашық сұрақта іздеулі мүше түгел белгісіз болып, сұрақ жалпы, ашық түрде қойылса, альтернативтік сұрақта іздеуге із, жоба болып альтернатив сапа, іс аталады. Ол сапа, іс атаулы сөздер арқылы көрінеді де, олардың сұраулық мағынада айтылып тұрғанын шылау ~ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе білдіреді.
|
Көсемше өзгермейтін форма екені, әрі екінші бір қимылға қатысты қимылды, іс-әрекетті соның сапалық қасиеті ретінде атайтын форма екені белгілі. Бұл жерде біз көсемшенің синтаксистік қызметін атап отырмыз. Синтаксистік жүйенің өзінде көсемшенің қызметі алуан, әрі кейде тіпті бірінен-бірі алшақ боп көрінетіні бар. Бірақ барлық жағдайда — бірыңғай мүшелерді байланыстырғанда да, бағыныңқы қатынастағы сөздерді бай-ланыстырғанда да — көсемше екі етістіктің біріне-бірі қатысты екенін білдіреді.
|
Көп тілді сөздік – үш немесе төрт тілді сөздіктер. К. т. с. бүтіндей бір халықтың өмір сүрген тілдік ортасы, әлеум., экон., мәдени өмірдегі халықар. қатынастардың өрбуі секілді факторларға қатысты түзіліп, жарық көреді. 14 ғ. ескерткіші «Кодекс-Куманикус» көп тілді сөздіктің көне үлгілерінің бірі. Бұл кітапта үш бағана етіп латынша-парсыша-куманша (қыпшақша) сөздік берілген. Сол кездегі еуропалықтар үшін латын тілінің орны қандай болса, Азия халықтары үшін куман (қыпшақ) тілінің орны сондай болған.
|
Сан есімдер-сандық ұғымды білдіретін, есімдер тобына жататын сөз табы. Сан есімдер заттың сандық белгісін білдіретін болғандықтан, ол белгіні білдіретін сөздер тобына жатады. Бұл тұрғыдан сан есім сын есімге жақын, өйткені сын есім де заттың белгісін білдіретін сөз табы. Бірақ сан есім заттың ывсандық белгісін білдірсе, сын есім заттың сындық белгісін білдіреді. Осы ұқсастығына қарай сан есім де белгіні білдіретін болғандықтан, ол да дерексіз мағыналы сөз табы, оның мағынасы зат есіммен тіркескенде ғана нақтыланады. Мысалы, бес кітап, он дәптер, жүз кісі, он бес қала, бес жүз көше т.б.Бұл қолданыстағы сан есімдердің мәнін онымен тіркескен зат есім сөздер деректеп тұр.
|
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл ауқат қоры – Қазақстандағы мемлекетке тиесілі холдинг. Холдингтің басты екі функциясы бар. Біріншіден, ол мемлекетке тиесілі компаниялар мен активтерді біріктіреді. Екіншіден – мемлекетті индустрияландыруға бағытталған ірі жобаларды іске асыратын басты институт. Қазіргі уақытта «Самұрық-Қазына» мемлекеттегі ірі компаниялардың басым бөлігінің акционері болып табылады.
|
Ислам даму банкі, ИДБ (араб.: البنك الإسلامي للتنمية, ағылш. Islamic Development Bank, IsDB) — халықаралық қаржы даму институы, 1973 жылдың 18 желтоқсанында өткен мұсылман мемлекеттерінің қаржы Министрлерінің Бірінші Конференциясының ниеттері туралы Декларациясына сәйкес құрылған.
|
Компания өз жұмысын 1924 жылдың 3 қыркүйегінде Tajik Aviation атымен бастаған. Оның ең алғаш рейсі Бұқарадан Душанбеге бағытталған. Бұл әлемдегі жетінші алғашқы әуе тасымалдаушы болып табылады. Тәуелсіздіктен кейін |
Қарашығанақ Бірлескен Ұйымы– газ өндірісі кәсіпорны, Қарашығанақ кен орнын бірлесе игеру жұмыстарын басқаратын ұйым. Бритишгаз Интернэйшнл (32,5%), Аджип (32,5%), Тексако (20%) және ЛУКойл (15%) компаниялары кіреді.Өндірістік жұмыстарды атқару үшін осы компаниялардың «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг БВ» атты қазақстандық филиалы құрылған.
|
"КАСКОР” – Қазақстанның кешенді өнеркәсіп орындарының бірі. 1959 ж. құрылған. Алғашқыда Каспий аймақтық тау-кен металлургия комбинаты өндірістік бірлестігі деп аталды. Қарақияның жер бетіне жақын орналасқан уранды кенішін қорғаныс үшін кәдеге жарату мақсатымен жіберілген кеншілердің алғашқы отряды екі жерге: негізгі бөлігі қазіргі Ақтау қ.
|