Главная » Файлы » РЕФЕРАТ [ Добавить материал ]

В разделе материалов: 2903
Показано материалов: 2261-2270
Страницы: « 1 2 ... 225 226 227 228 229 ... 290 291 »

Венесуэла, Венесуэла Республикасы – Оңтүстік Америкада орналасқан мемлекет. Жер аумағы – 912,0 мың км2. Халқы – 28 млн. адам (2007). Астанасы – Каракас. Халқының ұлттық құрамы: 69%-ы метистер, 20%-ы ақ нәсілділер, 9%-ы зәңгілер, 2%-ы үндістер. Ресми тілі – испан тілі. Тұрғындарының басым көпшілігі – католиктер. Елді президент басқарады. 
Барлық реферат | Просмотров: 1753 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 10.04.2013 | Комментарии (0)

Венгрия, Хунгария, Мажар Республикасы – Еуропаның орталығында орналасқан мемлекет. Жер аумағы 93 мың км2. Халқы 10,1 млн. адам (2007). Астанасы – Будапешт. Халқының 90%-дан астамы венгрлер. Қалғандары неміс, серб, хорват, румын, еврей, т.б. халық өкілдері. Мемлекеттік тілі – венгр (мадьяр) тілі. Тұрғындарының басым көпшілігі католиктер (70%) және протестанттар (25%). Венгрия – парламенттік республика. Елді президент басқарады. 
Барлық реферат | Просмотров: 1862 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 10.04.2013 | Комментарии (0)

КАШМИР – Азиядағы Гималай мен Тибет таулары тоғысқан тұста орналасқан тарихи өлке. Ежелгі дәуірде және орта ғасырларда Үндістан жерінде болған түрлі мемлекеттік құрылымдар құрамына кірді. 1586 ж. К. Моғол империясына енді (қ. Акбар), 1736 ж. оны ауғандар, 1818 ж. сикхтер басып алды. 1845 – 46 ж. 1-ағылшын-сикх соғысында ағылшын отаршылдары жаулап алды. 
Барлық реферат | Просмотров: 1204 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 10.04.2013 | Комментарии (0)

Катар мемлекеті – Парсы шығанағының Катар түбегіндегі мемлекет. Жер көл. 11400 км2. Халқы 724 мың адам (1999). Негізгі тұрғындары – катарлық арабтар. Оған қоса пәкстандықтар, үнділер, ирандықтар тұрады. Ресми тілі – араб тілі. Тұрғындары, негізінен, мұсылмандар. Астанасы – Доха қ. Мемлекеттің саяси құрылымы – абсолютті монархия. Мемлекет басшысы әмір шейї Хамад бен Халифа әл-Тани (1995 жылдан) бүкіл билікті өз қолына шоғырландырған. Саяси партияларға тыйым салынған. Ұлттық мерекесі 3 қыркүйек – Тәуелсіздік күні (1971). Ақша бірлігі – К. риалы. 
Барлық реферат | Просмотров: 2943 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 10.04.2013 | Комментарии (0)

Вавилон, Вавилония – ежелгі мемлекет. Даму тарихы төрт кезеңге бөлінеді: 1) ерте Вавилон патшалығы (біздің заманымыздан бұрынғы 1894 – 1518); 2) касситтер дәуірі (біздің заманымыздан бұрынғы 1518 – 1204); 3) саяси құлдырау дәуірі (біздің заманымыздан бұрынғы 1204 – 626); 4) жаңа Вавилон патшалығы (біздің заманымыздан бұрынғы 626 – 538).
Барлық реферат | Просмотров: 2419 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 10.04.2013 | Комментарии (0)

Ағылшындар мен голландықтардың бәсекелесінде, Балтықта голландықтардың позициясы ерекше мықты болатын. Балтық теңізінің жағалауынан Батыс Еyропаға маңызды тауарларды: кемелік құрылыс ағаш, кенеп (кенептен, кендірден тоқылған мата және көптеген маңызды тауарларды таситын. Нақты мәліметтердің жетіспеуінен, Балтық саудасына ағылшындықтардың ену тенденциясын дәл анықтау қиын. Осыған екі көзқарас болып тұр. 
Барлық реферат | Просмотров: 936 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 10.04.2013 | Комментарии (0)

Біріккен Араб Әмірлігі (БАӘ), әл-Әмирәт әл-Араби әл-Муттахида – Азиядағы Парсы шығанағының оңтүстік жағалауын алып жатқан, Арабия түбегінің шығыс жағындағы мемлекет. Құрамына Әбу-Даби, Дубай, Шараджа, Фуджайра, Умм әл-Кайвайн, Әджман, Рас әл-Хайма әмірліктері кіреді. Жері – 83,6 мың км2. Астанасы – Әбу-Даби. Халқы – 4,4 млн. адам (2007). Арабтардан басқа үндіс, парсы, т.б. ұлттар тұрады. Мемлекеттік тілі – араб тілі. Діні – ислам.
Барлық реферат | Просмотров: 3489 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 10.04.2013 | Комментарии (0)

Армения республикасы – Кавказ тауларының оңтүстігінде орналасқан мемлекет. Негізгі заңы – 1995 ж. 5 маусымда қабылданған Конституция. Мемлекет басшысы – президент. Жоғарғы заң шығарушы органы – Ұлттық жиналыс. Жоғарғы атқарушы органы – Министрлер Кеңесі. Армения солтүстік-батысында Грузия, шығыс, солтүстік-шығысында Әзербайжан, оңтүстігінде Түркия, Иран мемлекеттерімен шектеседі. Жерінің аумағы 29,8 мың км2, халқы 3 млн. (2007), астанасы – Ереван. Халқының 93%-дан астамы армяндар.
Барлық реферат | Просмотров: 3525 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 10.04.2013 | Комментарии (0)

Арктика — Еуразия және Солтүстік Америка құрлықтарының солтүстік шетін, Солтүстік мұзды мұхитты аралдарымен қоса түгел қамтитын жер шарының солтүстік полюс аймағы. Грек тілінде arktіkos солтүстік деген мағынаны білдіреді. Ол сондай-ақ Атлант мұхиты мен Тынық мұхиттың іргелес бөліктерін де қамтиды. Ауданы 27 млн. км2, оның 15 млн. км2-і мұхит суы. Арктиканың құрамына Ресей Федерациясының Мурманск, Архангельск, Түмен облыстары, Красноярск өлкесі, Саха (Якутия) Республикасы, Магадан облысының солтүстік аудандары, Канаданың Юкон, Солтүстік-батыс Квебек, Ньюфауленд аймақтары, АҚШ-тың Аляска түбегінің солтүстігі, Данияның Гренландия аралы, Норвегияның Шпицберген аралдары бөліктері енеді.
Барлық реферат | Просмотров: 2230 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 10.04.2013 | Комментарии (0)

Бұқар Халық Кеңес Республикасы — уақытша ұйымдастырылған "қуыршақ" мемлекет, Буқарға Қызыл Әскері шабуыл жасап, Буқар әміршілігінің жойылғаннан соң құрылған еді. 1920 жылының қыркүйектің 2-сінде қүйымдастырылған еді. 1920 жылының қыркүйектің 14-інде республика болып жарияланды.
Барлық реферат | Просмотров: 1067 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 10.04.2013 | Комментарии (0)

1-10 11-20 ... 2241-2250 2251-2260 2261-2270 2271-2280 2281-2290 ... 2891-2900 2901-2903