Главная » Файлы » РЕФЕРАТ | [ Добавить материал ] |
В разделе материалов: 2903 Показано материалов: 2201-2210 |
Страницы: « 1 2 ... 219 220 221 222 223 ... 290 291 » |
Зыряновск - Зырян қаласы Шығыс Қазақстан облысының солтүстік шығысында орналасқан, Зырян ауданының әкімшілік орталығы болып табылады. Қала халқы 2008 жылдың 01 қаңтарына алғанда 41085 адамды құрады. Қала негізі 1791 жылы салынған, қазіргі бар шекарасы 1941 жылы құрылған. Қала экономикасының негізін құрайтын - өнеркәсіп. Мұндағы пайдалы қазбалар өнеркәсіптің салалық бағытын айқындайды.
|
Егіндікөл ауданы – облыстың оңт.-батысындағы әкімш. аудан. Астана қ-нан 165 км, облыс орт. – Көкшетау қ-нан 350 км жерде. Солт-нде Астрахан, шығысы мен оңт-нде Қорғалжын, батысында Атбасар аудандарымен шектеседі. 1970 ж. Краснознаменский ауд. болып құрылған. 1997 жылдан Е. а. болып аталады. Орт. – Егіндікөл а. Әкімш.-аумақтық құрылымы 4 ауылдық округке біріктірілген 13 елді мекеннен тұрады.
|
Алматы — Алматы облысының орталығы, республикалық мәртебесі бар қала. Қазақстанның оңтүстік-шығысында, Іле Алатауының солтүстік баурайында орналасқан. Аумағы 190 км2, тұрғыны 1,35 млн. адам (2007). 1929 жылдан 1997 ж. қазан айына дейін Қазақстанның астанасы болды. 6 қалалық әкімшілік ауданға бөлінген. Жергілікті басқару органы – Алматы қалалық әкімшілігі.
|
Батыс Қазақстанның шаруашылық географиясы Батыс Қазақстан - республикамыздағы жетекші салалары мұнай өндіретін және өңдейтін, мұнай химиясы мен балық өнеркәсібі, ферроқорытпа (24% жуық) және минералды тыңайтқыш (35%) өндіретін жалғыз экономикалық аудан. Ауданының жалпы аймақтық өнім шығарудағы үлесі 27%. |
Батыс Қазақстан аймағы орталық пен оңтүстік Қазақстан және Орта Азия мемлекеттерінің қақпасы болып табылады. Ол республиканың солтүстік батысында орналасқан. Бай табиғи ресурстар, қолайлы географиялық мекен, Ресей қалалары мен өзге мемлекеттер арасындағы дамыған экономикалық байланыстар сыртқы экономикалық ынтымақтастықтың дамуына көп септігін тигізеді.
|
ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ – облыстың солт-ндегі әкімш. бөлік. Аудан солт.-батысында Солт. Қазақстан обл-мен, шығысында Бурабай, оңт-нде Сандықтау аудандары жерімен шектеседі. 1935 ж. құрылған. 1997 ж. Көкшетау ауд-мен біріктірілді. Жерінің аум. 8,0 мың км2.
|
Батыс Қазақстан облысы — Қазақстан Республикасының солтүстік-батысындағы әкімшілік-аумақтық бөлік. Шығысында Ақтөбе, оңтүстігінде Атырау облыстарымен, батысында Ресейдің Астрахан, Волгоград, солтүстік-батысында Саратов, Самара, солтүстігінде Орынбор облыстарымен шектеседі. Облыс 1932 ж. 10 наурызда Орал облысы болып құрылған. 1996 жылдан Батыс Қазақстан облысы болып аталады. Жерінің аумағы 151,3 мың км², тұрғындары 617,6 мың адам (1999). Әкімшілік жағынан Батыс Қазақстан облысы 12 ауылдық, 2 қалалық әкімшілік ауданға, олар 4 кенттік және 155 ауылдық әкімшілік округтерге бөлінген. |
МЕРКЕ, Меркі – ортағасырлық қалашық орны. Жамбыл обл. Мерке ауд. Мерке а-ның батыс жағында, Алматы – Тараз автодаңғылының солт-не қарай орналасқан. 1893 – 94 ж. В.В. Бартольд экспед., 1936 ж. Жетісу археол. экспед. (жетек. А.Н. Бернштам), 1964 ж. Жетісу археол. экспед-ның Луговой отряды қазба жұмыстарын жүргізген.
|
МЕРКЕ АУДАНЫ – Жамбыл обл-ның оңт-ндегі әкімш. бөлік. 1929 ж. құрылған. Жерінің аум. 7,1 мың км2. Тұрғыны 71,7 мың адам (2003). Құрамында 1 кенттік және 12 ауылдық округ және оларға қарасты 43 елді мекен бар. Орт. – Мерке а. Ауданның оңт-н Қырғыз Алатауының Мүйіздіқара, Қараауыз, Құмбел, Қасқасу, Үңгірлі, Сандық, Шайсандық, Молалы таулары алып жатыр. Ал орт. және солт. бөлігіндегі жазық дала Солт. Мойынқұм құмына ұласады.
|
Барнауыл (орыс. Барнау́л) — Ресей қаласы (1730 жылы құрылып, қала мәртебесін 1771 жылдан бастап алды), 1937 жылдан бастап Алтай өлкесінің (орыс. Алтайский край) әкімшілік орталығы. Қала Батыс Сібірдің оң жағында, Барнаулка өзенінің Обь өзеніне құяр тұсында орналасқан. Қала ауданы – 321 км², халқы – 621,7 мың адам (2012), сонымен бірге қала халқының саны бойынша Ресейде 21-ші орында тұр. Қала округтерінің шекарасында бағындырылған елді мекендердегі тұрғынды қосқанда Барнауыл халқы 681,5 мың адамды құрайды. Сібірдің ауқымды өндірістік, мәдени және білім орталығы: 9 мемлекеттік ЖОО, 5 театр, мұражайлар және ХVIII-XX ғасырларға жататын сәулет өнерінің көне ескерткіштері бар.
|