Главная » Файлы » РЕФЕРАТ | [ Добавить материал ] |
В разделе материалов: 2903 Показано материалов: 2091-2100 |
Страницы: « 1 2 ... 208 209 210 211 212 ... 290 291 » |
1917-1941 ж.ж.кеңес мектебі мен педагогикасы. Мектептің революциялық қайта құрылуы және алғашқы қадамдары. Халық ағарту ісінің барлық жүйесін қайта құру революцияның алғашқы күндерінен басталады. 1917 жылы 9 қарашадағы декрет бойынша, Ағарту ісінің мемлекеттік комиссиясы ұйымдасты, ол негізінен халыққа білім берудің жаңа жүйесін құрудың негіздерін талдаумен айналысты. |
Кезінде репрессияға
ұшырап, мерт болған боздақтар қайта тірілді, сөнген жанып, жоғалған табылды.
Алыптар қайта оралды. Тұтас буынның төлбасы, кешегі Абай, Ыбырай, Шоқан салған
ағартушылық, демократтық бағытты ілгері жалғастырушы ірі ғалым-тілші, әдебиет
зерттеуші, түрколог, дарынды ақын-аудармашы Ахмет Байтұрсынов қалыптасқан
дәстүрлі құжаттар бойынша айтқанда, қазіргі Қостанай облысы, Торғай
атырабындағы, Сартүбек деген жерде ел арасында беделді, қайратты кісі Шошақұлы
Байтұрсын шаңырағында 1873 жылы 18 қаңтарда дүниеге келген. |
1917 ж. Қазан революциясы және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы. ¬Өлкедегі азамат соғысы (1917-1920 жж.) 1.1917 ж. Қазан революциясы және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы. 2.Қазақстанда кеңестік аппарат құру және экономика саласындағы алғашқы өзгерістер. 3.Қазақстан азамат соғысы жылдарында (1918-1920 жж.). 1914 жылы басталған дүниежүзілік соғыстың салдарынан Ресей империясы үлкен дағдарысқа ұшырады: бірінші – экономикалық , екінші – саяси дағдарыс. |
ХVІ ҒАСЫРДАҒЫ ЖЕТІСУ АЙМАҒЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ САЯСИ ЖАҒДАЙЫ Н. Дәуірбаева Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан қ. Бұл мақалада Қазақ хандығының қалыптасып, даму тарихымен тығыз байланыста болған Жетісу аймағының қазіргі таңда тарихи деректер мен ғылыми зерттеулерде зерттелу деңгейіне тарихнамалық шолулар жасалынған. ХVІ-ғасырдың басындағы бірінші онжылдықта да қазақтың ханы Керей ханның баласы Бұрындық өзінің хандық билігін жалғастырған. Алайда оның Жетісу жерінде ешбір билік жүргізген әрекеттері жазба деректерде кездеспейді. М.Х.Дулатидің жазуына қарағанда бұл кезде хан Бұрындық еді, бірақта хандық билік Қасым ханның қолында еді дейді |
XVI-XVII ғасырлардағы Қазақ хандығы 1. Қазақ хандығының шекараларының өсуі. 2. Тәуке хан және оның “Жеті жарғысы”. 3. XVI-XVII ғғ. Қазақ хандығының шаруашылығы мен мәдениеті. Моңғол шапқыншылығынан кейін барлық қазақ рулары мен тайпалары Жетісуда алғаш рет бір мемлекетке біріктірілді. XVI-XVII ғ. қазақ хандығының шекарасы едәуір ұлғая түсті. Өз кезінде “Жерді біріктіру” процесін жедел жүзеге асырып, неғұрлым көзге түскен қазақ хандарының бірі – Жәнібек ханның ұлы Қасым. Қасым ханның тұсында (1511-1523) феодал ақсүйектердің қарсылығы әлсіреп, әскери қуаты артты. “Тарихи – Рашиди”, “Шайбанинама”, т.б. деректерге қарағанда, қазақтардың этникалық территориясының негізгі аудандары қазақ хандығына Қасым хан тұсында біріктірілген. |
Сіздерді келе жатқан 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Халқымызға ғасырлар бойғы арман болған тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн – біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Азаттық аңсаған елдің түпкі мақсатының орындалып, бүгінгі Қазақстан Республикасы өз мемлекеттілігін бұдан 12 жыл бұрын жариялаған болатын. Бұл мереке күнтізбеде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңының 1991 жылы 16 желтоқсанда қабылдануына байланысты тұрақты түрде аталып өтіледі.[size=15] |
-----Фанфары -----Жүргізушілер шығады: Медетов М.О. және Құдайбергенова Шұғыла. Мият: -Армысыздар, ұстаздар, оқушылар! «Қош бол, алтын ұя мектебім!» атты салатанатты жиынға жиналған қауым. Шұғыла:- Міне тағы бір оқу жылы аяқталып, біздің мектебіміздің 32 түлегі бүгінгі салтанатты жиында балалықпен, мектеппен қоштасқалы тұр. Мият:--Бұл күн – мектеп тарихында , мектеп бітіруші түлектер есінде мәңгі өшпейтін күн. Шұғыла:--Жас жүректің өмірлік құштары –гүл, Бағбан - ұстаз баулыған құстары бұл. Қоштасып бүгінгі күн ұясынан Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр. |
Е.С. Альчикенов Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Тараз институты, Тараз қ. ХҮ-ХҮІ ғасырлардағы Қазақстан мен Орта Азия тарихы маңызды тарихи оқиғаларға толы болды. Осы кезеңде Қазақстанда моңғол ұлыстары ыдырап Қазақ хандығы құрылса, Орта Азияның батыс бөлігінде Темір мемлекетінің орнына Шайбани тұқымдары билік басына келді, ал шығыс бөлігінде Моғолстан хандығының орнында қырғыз бірлестігі пайда болған еді. ХІҮ ғасырда қырғыз тайпалары Алтайды мекендей отырып Моғолстан мемлекетінің құрамында болып келді. Алтайды мекендеген қырғыздар ХІҮ-ХҮ ғ.ғ. мұсылман авторларының деректерінде «моғол» немесе «шағатай» сияқты ортақ терминдермен аталып келген. Мұның өзі қырғыздардың этникалық тарихын оқып білуде қиындықтар туғызды. |
1.1917 ж. Қазан революциясы және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы. 2.Қазақстанда кеңестік аппарат құру және экономика саласындағы алғашқы өзгерістер. 3.Қазақстан азамат соғысы жылдарында (1918-1920 жж.). |
|