Главная » Файлы » РЕФЕРАТ | [ Добавить материал ] |
В разделе материалов: 2903 Показано материалов: 2041-2050 |
Страницы: « 1 2 ... 203 204 205 206 207 ... 290 291 » |
Банк маркетингісі Маркетингтің пайда болу тарихы көне замандарда жатыр. Маркетинг қызметінің алғашқы формасы (баға саясаты мен жарнама) ақшалай-тауарлық қатынастың қалыптасуы мен дамуының алғашқы кезінде пайда болды. Тауарлар жарнамасы туралы мәліметті Шумердің, ежелгі Мысырдың, ежелгі Месопотамия мемлекеттерінің тарихи құжаттарынан кездестіруге болады. Мәселен, 1650 жылы «Минуи» сауда фирмасының бір қызметкері Токиода әмбебап дүкенге ұқсас дүкен ашады. Бұл дүкенде алғаш рет әр түрлі тауарлардың сұранысы мен ұсынысы, өтімді тауарлардың өндірісіне тапсырыс туралы ақпараттарды топтастыру, сатып алушының тауарды қайтып беруіне әрі өз ақшасын қайтарып алуына мүмкіндік беретін кепілдікті мерзімді болуы, жарнама секілді бірқатар маркетингтің негізгі принциптері пайдаланылады. |
Балқаш көлі Балқаш өңірі - әрі жылы, әрі күн сәулесі көп түсетін табиғаты жағынан Қазақстандағы тартымды жерлердің бірі. Шөлді болып келетін қуаң дала Балқаш көлінен нәр алады. Бұл аймақ өзінің әсем көрінісімен, ерекше өсімдіктер және жануарлар дүниесімен белгілі. ХХ ғасырдың 50-жылдарына дейін бұл жерде хайуанаттар қожасы жолбарыс болған. Өтуге болмайтын шытырман тоғайдың арасынан жабайы шошқаны да кездестіруге болады. Іле өзенінің атырауын секемшіл елік, сайғақ пен қарақүйрық, түлкі мен борсық мекендейді. Балқаш өңірін әр түрлі құстар мекендейді. Көлдің шеткері түпкірлерінде қызғылт және бұйра бірқазан құстар ұя салып бакландармен бірге үлкен сап түзеп көлде жүзіп жүреді. |
Балдыр Жазда тоған суының кейде жасыл түсті болатынын байқймыз.Ал оның неден болатынын білесіңдер ме? Жылы тоған суында ерекше өсімдіктер балдырлар тез көбейе бастайды.Суды жасыл түске енгізетін солар.Егер сендер «жасыл» суды микроскоппен қарасаңдар,толып кішкентай түйіршіктерді көресіңдер- бұл балдырлардың шоғыры болып табылады. Жер бетінде балдырлардың түрі өте көп.Олардың арасында ұзындығы 40 метрге жететін алыптары бар, олар мұхиттарда өседі.Бар болғаы бір клеткадан тұратын балдырлар да бар.Олар әдетте түйіршіктер шоғырына жиналады және су бетінде осындай сансыз шоғырлар түзіп,оның бетін түрлі түске бояйды. Түсі жөнінен жасыл көк,жасыл, қоңыр және қызыл балдырлар болады. |
САЯСИ ӨМІРДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 1962—1969 жылдардағы реформашылдық дүрбелең елдің ішінара алмастырулар және жетілдірулер жолымен қол жеткізуге болатын өзгерістер шегіне тірелгенін керсетті. Жүргізілген шараларда экономикалық байланыстар мен қатынастарды түбегейлі өзгерту жолдары көзделмеді. Туындаған проблемалар негізінен ұйымдық қайта құру дүрмегін діттеген субъективтік түрде жол-жөнекей шешіліп отырды. Шалағай ойластырылған әрі бірін-бірі жиі алмастырған қайта құру толқыны тұрақсыздық, тұрмыс деңгейінің және әлеуметтік кепілдіктердің әлсіреу қаупін төндірді. Коммунистік болашақ идеясы да жағдайды жеңілдете алған жоқ. |
1. Баяндама Сіздерді келе жатқан 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Халқымызға ғасырлар бойғы арман болған тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн – біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Азаттық аңсаған елдің түпкі мақсатының орындалып, бүгінгі Қазақстан Республикасы өз мемлекеттілігін бұдан 12 жыл бұрын жариялаған болатын. Бұл мереке күнтізбеде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңының 1991 жылы 16 желтоқсанда қабылдануына байланысты тұрақты түрде аталып өтіледі. |
1. Қазақ хандығының шекараларының өсуі. 2. Тәуке хан және оның “Жеті жарғысы”. 3. XVI-XVII ғғ. Қазақ хандығының шаруашылығы мен мәдениеті. Моңғол шапқыншылығынан кейін барлық қазақ рулары мен тайпалары Жетісуда алғаш рет бір мемлекетке біріктірілді. XVI-XVII ғ. қазақ хандығының шекарасы едәуір ұлғая түсті. Өз кезінде “Жерді біріктіру” процесін жедел жүзеге асырып, неғұрлым көзге түскен қазақ хандарының бірі – Жәнібек ханның ұлы Қасым. Қасым ханның тұсында (1511-1523) феодал ақсүйектердің қарсылығы әлсіреп, әскери қуаты артты. “Тарихи – Рашиди”, “Шайбанинама”, т.б. деректерге қарағанда, қазақтардың этникалық территориясының негізгі аудандары қазақ хандығына Қасым хан тұсында біріктірілген. |
ХҮ-ХҮІ ғасырлардағы Қазақстан мен Орта Азия тарихы маңызды тарихи оқиғаларға толы болды. Осы кезеңде Қазақстанда моңғол ұлыстары ыдырап Қазақ хандығы құрылса, Орта Азияның батыс бөлігінде Темір мемлекетінің орнына Шайбани тұқымдары билік басына келді, ал шығыс бөлігінде Моғолстан хандығының орнында қырғыз бірлестігі пайда болған еді. ХІҮ ғасырда қырғыз тайпалары Алтайды мекендей отырып Моғолстан мемлекетінің құрамында болып келді. Алтайды мекендеген қырғыздар ХІҮ-ХҮ ғ.ғ. мұсылман авторларының деректерінде «моғол» немесе «шағатай» сияқты ортақ терминдермен аталып келген. Мұның өзі қырғыздардың этникалық тарихын оқып білуде қиындықтар туғызды. |
-----Фанфары -----Жүргізушілер шығады: Медетов М.О. және Құдайбергенова Шұғыла. Мият: -Армысыздар, ұстаздар, оқушылар! «Қош бол, алтын ұя мектебім!» атты салатанатты жиынға жиналған қауым. Шұғыла:- Міне тағы бір оқу жылы аяқталып, біздің мектебіміздің 32 түлегі бүгінгі салтанатты жиында балалықпен, мектеппен қоштасқалы тұр. Мият:--Бұл күн – мектеп тарихында , мектеп бітіруші түлектер есінде мәңгі өшпейтін күн. Шұғыла:--Жас жүректің өмірлік құштары –гүл, Бағбан - ұстаз баулыған құстары бұл. Қоштасып бүгінгі күн ұясынан Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр. |
Сабақтың мақсаты: 1. Батырлар жыры туралы оқушыларға жан-жақты түсінік беру. 2. Елін қорғау, Отанын, халқын сүю батырлар жырының басты қасиеттері екендігін оқушыларға ұғындыру. 3. Ер Тарғынның ел намысын ту етіп, елін қорғау үшін қиындыққа төзе біліп, жауын жеңетіндігін түсіндіру. 4. Ой дамыту: әр түрлі стратегиялар арқылы ойлау қабілетін, ауызша сөйлеу мәдениетін дамыту. Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Өз Отанын, халқын шын сүйетін патриот етіп тәрбиелеу. |
Сабақтың мақсаты: 1. Тақырыптың идеясын ашу, қанағатшыл, шыдамды болуға үйрету. 2. Өтілген сабақ пен жаңа сабақты байланыстыру арқылы шығармашылық ойлау қабілетін дамыту. Сабақтың түрі: Дамытушылық сабақ. Сабақтың тәрбиелік мақсаты: 1. Кішіпейіл, қарапайым, қанағатшыл болуға үйрету. 2. Адам бойындағы жақсы қасиеттерді үйренуге тәрбиелеу. Сабақта қолданылатын әдістер: Ой шақыру, топқа бөлу, топпен жұмыс, салыстыру кестесі, түртіп алу жүйесі, 5 жолды өлең, жұптасып сурет салу, болжау, негізгі идеяны суреттеу, сұрақ қою, көрнекілік стратегияларын пайдалану. |