Главная » Файлы » РЕФЕРАТ [ Добавить материал ]

В разделе материалов: 2903
Показано материалов: 2001-2010
Страницы: « 1 2 ... 199 200 201 202 203 ... 290 291 »


Құрметті қауым!
Қадірлі қонақтар!
Астана қаласының әкімдігі мен Астана қаласының Тілдерді дамыту басқармасы Елорданың 10 жылдығы мен Алаш қозғалысының 90 жылдық мерейтойына арнап «Әлем қазақтарының рухани сұхбаты: тіл, мәдениет және Алаш мұраты» атты халықаралық конференция ұйымдастырған екен. Алаш алыптарының даналық идеясына халқымыз жер-жерде шынайы құрмет көрсетуде. Осы құрметтің биік реті Елордасы Астанаға да келіп жетті. Осы қуаныштарыңызбен Сіздерді шын жүректен құттықтап өоюға рұқсат етіңіздер.
Барлық реферат | Просмотров: 991 | Загрузок: 0 | Добавил: Bolatbek | Дата: 07.08.2013 | Комментарии (0)

XIX ғасырдың екінші жартысынан басталған қазақ ішіндегі күрес тартыстардың басында болған қайраткерлер халқын орыс езгісінен азат етуді көздеді. Олар елін отарлаудан құтқарып, ашық түрде күреске бастады. «Олардың алға қойған мақсаттарының бірі – жер мәселесі еді. Бұл қазақ қоғамында отарлық кезеңнен бері шиеленісіп келе жатқан өзекті мәселе. Жер мәселесін шешуде қазақ интеллигенттері Ресей Мемлекеттік Думасын, патша үкіметінің әкімшілік органдарын пайдалануға тырысты» [1,4]. Қазақ тіршілігінің негізі болған жер мәселесі ертеден ақ өзекті болған. Өздерінің отарлау саясатының басты нысаны ретінде қазақтың ұлан байтақ жеріне иелік етуді көздеген патша үкіметіне қарсылық жасап, жер жерде өрістеген қарсылық көтерілістердің басы қасында болған қазақ зиялылары бұл мәселені жоғары органдар деңгейіне көтереді. Қазақтың көрнекті қоғам қайраткері Ә.Бөкейхан «Государственная Думада», «Төртінші Дума һәм қазақ» мақалаларында осы мәселені түбегейлі көтеріп, жер бөлуде қалыптасқан көзқарас пікірлердегі қайшы тұстарды саралайды. Қазақ жұртына тиімсіз болып тұрған мәселелерді ашып, көрер көзге әділетсіз шешімдерге наразылық айтады
Барлық реферат | Просмотров: 881 | Загрузок: 0 | Добавил: Bolatbek | Дата: 07.08.2013 | Комментарии (0)

Ұлт тарихы тек қана саяси, әлеуметтік, қоғамдық оқиғалардан ғана емес, сонымен қатар ұрпақтар жалғастығынан, өміршең дәстүрлерден құралатыны да белгілі. Сол игі дәстүрлерден тағылым ала отырып, мемлекет, әлеумет, жеке адам көшін түзейді, бағытын айқындайды. Халқымыз жүріп өткен ұзақ жолдың шежірелі күндеріне көз салсақ, тарих ата жадына тоқыған талай тағылымды істерді көрер едік. Қазақ тарихының осындай белесті асуларының бірі – Алаш қозғалысы. Бүкіл қазақ даласын азаттық идеясына жұмылдырған бұл ұлы қозғалыстың тарихы мен тағылымы уақыт өткен сайын айқындалып келеді. Алаш қайраткерлері ұлтты ұлт ететін талай-талай шаруаны бастағаны, жолға салғаны белгілі. Сол зиялы қауым көтерген іргелі мәселенің бірі – тіл мәселесі.
Барлық реферат | Просмотров: 1149 | Загрузок: 0 | Добавил: Bolatbek | Дата: 07.08.2013 | Комментарии (0)


Алаш тарихы – жаңаруға ұмтылған, тарихи сабақтастықты үзбеген, білім мен елшілдікті басым бағыт еткен ұлттық серпілудің тарихы. Сондықтан біз Алашты ауызға алған сайын осыдан 90 жыл бұрынғы саяси қозғалыс пен күресті ғана емес, бүгінімізді ертеңге жалғайтын жасампаздық істерімізді сараптағанымыз дұрыс. Алаш – біздің ұлтқа, дәстүрге қаншалықты адал екенімізді салмақтайтын ар өлшемі. Алаш – өткен тарихтың ғана олжасы емес, бүгінгі ұрпақтың да елдік іске олжа салар мүмкіндігі. Алаш – әлемдегі қазақтың да, қазақ ішіндегі әлемнің де тұтастығы, үйлесімділігі.
Барлық реферат | Просмотров: 1133 | Загрузок: 0 | Добавил: Bolatbek | Дата: 07.08.2013 | Комментарии (0)

Қазақ халқының таяу заман тарихында еретичке орынға ие Алаш қозғалысының тарихы көбінесе Алаш Орда үкіметінің тарқауымен байланыстырылып 1918 жылға дейін келіп аяқтатылады. Алайда бұл мәселеге тереңнен үңілгенде, оның ауқымының одан әлдеқайда әріде, Мұстафа Шоқайдың күрес тарихымен жалғасып 1940 жылдарға дейін барғанын көреміз.
Барлық реферат | Просмотров: 917 | Загрузок: 0 | Добавил: Bolatbek | Дата: 07.08.2013 | Комментарии (0)


Қоғамдық өмірге белсене араласқан Н.Орманбетұлы Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы халықтық үн көтерілген 1905 жылғы Қоянды жәрмеңкесіндегі атақты Қарқаралы петициясына қатысушылардың бірі болды. «Патша өкіметі бұл акцияны барып тұрған саяси күрес деп тауып, жергілікті басқару органдарынан бақылауды күшейтуді талап етеді. Дала генерал-губернаторы хұзырхатты ұйымдастырған адамдарды анықтап, олардың үстінен іс қозғау жөнінде Қарқаралы уезінің бастығына нұсқау береді. Уез бастығы Оссовский өзінің тексеру жұмысытарының барысында хұзырхатты дайындағандардың басшылары Ә.Бөкейхан, М.Дулатов, А.Байтұрсынов, Ж.Ақбаев екендерін дәлелдеп, қазақ тілінен орыс тіліне аударған Т.Нұрекенов болғанын да анықтап, олардың үстінен іс қозғап, арттарынан аңдушылар қойды». Бұл жерде атақты Қарқаралы петициясын ұйымдастырушылар Алаштың көсемдері, соның ішінде А.Байтұрсынов десек, халқымыздың қоғам және әдебиет қайраткері Қарқаралыда бастапқыда сыныптық орыс-қазақ, кейін қалалық училищенің оқытушысы болғаны мәлім. Міне, Нарманбет ақын «Мектеп бастығына» өлеңінде А.Байтұрсыновтың ұлтты ағарту мен оятудағы қызметін ереше бағалап, халқымыздың отарлық қысымдағы мүшкіл халын жеткізеді:
Барлық реферат | Просмотров: 1467 | Загрузок: 0 | Добавил: Bolatbek | Дата: 07.08.2013 | Комментарии (0)

Алаш қозғалысына қатысты әрбір дерек біз үшін маңызды болуы тиіс. Өйткені бұл ұлт-азаттық қозғалыс халқымызды ұйыстыруға, дербес мемлекет құруға, ең бастысы – ұлтымыздың рухын көтеруге арналған ұлы шара еді. Тәуелсіздік алған жылдан бері қарай Алаш қозғалыс туралы жүйелі зерттеулер жүргізіліп келеді. Бұл құптарлық қадам. Өйткені осы айтулы қозғалыстың тарихын тану – халқымыз жүріп өткен жолдарды саралаумен бірге, ұлттық болмысымызды түгендеу болатындығы сөзсіз.
Барлық реферат | Просмотров: 1330 | Загрузок: 0 | Добавил: Bolatbek | Дата: 07.08.2013 | Комментарии (0)

Қазақ халқының тарихында Алаш қайраткерлерінің алар орны ерекше. Олар өз ұлтының бостандығы жолында басын бәйгеге тіккен, туған елін отаршылдықтың бұғауынан босатып, тәуелсіз мемлекет құру үшін ақтық демі қалғанша күрескен асылдар еді. Жалпы, қазақ халқының тарихында азаттық аңсап, өз елінің тәуелсіздігін қорғаған тарихи тұлғалар аз емес. Әйтсе де, Алаш қайраткерлерінің олардан бір үлкен айырмашылығы мен ерекшілігі бар. Бұған дейінгі бостандық үшін басын бәйгеге тіккен ұлы тұлғалар өз мақсаттарын ақ найзаның ұшымен, алмас қылыштың жүзімен жүзеге асырмақ болса, Алаш қайраткерлері өркениетті елдердің дәстүрімен күресті партия құрып саяси жолмен жүргізді.
Барлық реферат | Просмотров: 1380 | Загрузок: 0 | Добавил: Bolatbek | Дата: 07.08.2013 | Комментарии (0)

Қазақ халқының тарихында әр ғасырдың басы аласапыран оқиғаларға толы болды. Бұл өз кезегінде тарих сахнасына ірі-ірі тұлғалар мен қайраткерлерді шығарып, түбірлі өзгерістерге алып келіп отырды. Әсіресе ХХ ғасырдың басы айрықша күрделілігімен, сансыз оқиғалардың сапырылысымен, ұлттық сананың оянуымен ерекшеленеді. Осы тұста қазақ сахарасында да Алаш ұранын көтеріп, қазақ баласын азаттыққа бастаған бір шоғыр қазақ қайраткерлерінің ой-пікірі мен іс-әрекеті жарқырап көрінді. Бұл кез қазақ халқы тарихындағы ең бір талмау тұстардың бірі болатын.
Барлық реферат | Просмотров: 944 | Загрузок: 0 | Добавил: Bolatbek | Дата: 07.08.2013 | Комментарии (0)

Алаш қозғалысының тарихи негізгі Ресей отаршылдығының қазақ жеріндегі аса асқынған кезеңінен басталды десек те, Алаш идеясы одан әлдеқайда бұрын өмірге келіп, күні бүгінге дейін елім, жерім деп ұлт болашағын ойлаған әрбір қазақ жүрегінің терең түпкірінен орын тепкен. Өйткені Алаш қозғалысы қазақ қауымындағы отаршылдыққа қарсы бағытталған, прогресске ұмтылған жалпыхалықтық демократиялық қозғалыс еді.
Барлық реферат | Просмотров: 1177 | Загрузок: 0 | Добавил: Bolatbek | Дата: 07.08.2013 | Комментарии (0)

1-10 11-20 ... 1981-1990 1991-2000 2001-2010 2011-2020 2021-2030 ... 2891-2900 2901-2903