Главная » Файлы » РЕФЕРАТ | [ Добавить материал ] |
В разделе материалов: 2903 Показано материалов: 1951-1960 |
Страницы: « 1 2 ... 194 195 196 197 198 ... 290 291 » |
Aлпысыншы жылдарғы Алматы. Жасыл мәуеге малынған маужыр қала. Соғыс кезінде азды кем тұрып, дәмін татып, көзі жұмылғанша тамсана мадақтап өткен ақын Владимир Луговской тауып айтқандай – “Город вещих снов”. Жайраңдаған жайдарман ортадағы жадыра думаннан соң жайлы төсекте жатып, таң алдында тамсана көрген тамаша түстей жайсаң шаһар. Күн сайын түс ауа ағыл-тегіл құйып өтетін ақ нөсерден кейін күміс бауыр жапырақтарын жарқ-жұрқ жалтылдатып, жамыраса сыбдырласқан ақ балтыр қайыңдар арасында мың сан періште бір-бірімен үздіге сыбырласып тұрғандай. Мұзарт құздардан мөлтеңдей құлап, көше сайын мөлдірей шапқыласқан меруерт моншақ тау суын жағалап, қырық сан қызыр серуендеп жүргендей. Аттаған сайын амалсыз кідіріп, бас киіміңді қалай жұлып алғаныңды білмейсің. Өйткені, қарсы алдыңнан ол кездегі исі қазақтың бәрі де: “Шіркін-ай, бір көрсем-ау?” – деп жүретін аты әйгілілердің біреуімен қалай да ұшырасып қаласың. |
Кезінде репрессияға ұшырап, мерт болған боздақтар қайта тірілді, сөнген жанып, жоғалған табылды. Алыптар қайта оралды. Тұтас буынның төлбасы, кешегі Абай, Ыбырай, Шоқан салған ағартушылық, демократтық бағытты ілгері жалғастырушы ірі ғалым-тілші, әдебиет зерттеуші, түрколог, дарынды ақын-аудармашы Ахмет Байтұрсынов қалыптасқан дәстүрлі құжаттар бойынша айтқанда, қазіргі Қостанай облысы, Торғай атырабындағы, Сартүбек деген жерде ел арасында беделді, қайратты кісі Шошақұлы Байтұрсын шаңырағында 1873 жылы 18 қаңтарда дүниеге келген. |
Диссертациялық жұмыста ірі энциклопедист ғалым, қазақ әдебиеттану ғылымындағы әдебиет теориясының негізін салушы Ахмет Байтұрсынұлының – сөз өнерінің теориялық сипаты жөніндегі тұжырымдары талқыланып отыр. Ол тұжырымдар ғалымның 1926 жылы Қызылорда қаласында жарық көрген «Әдебиет танытқыш» атты еңбегінде баяндалғаны белгілі. Жұмыста ғалымның теориялық пайымдары негізінен ХХ ғасыр басындағы ресей және дүниежүзілік әдебиеттану ғылымының контексінде (Б.В.Томашевский, В.М.Жирмунский, А.И.Белецкий, Г.О.Винокур, Ю.Н.Тынянов, Р.Якобсон, В.Кайзер, Г.Г.Гадамер, В.Б.Шкловский, М.М.Бахтин, Цв. Тодоров, Р.Уэллек және О.Уоррен, Ю.М.Лотман, М.Гаспаров) талданады |
Жуырда терминтану саласында өнімді еңбек етіп жүрген белгілі тілтанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Шерубай Құрманбайұлының “Алаш және терминтану”, “Терминологиялық әдебиеттердің библиографиялық көрсеткіші” атты еңбектері жарық көрді. Ғалымның “Алаш және терминтану” атты монографиясы қазақ терминологиясы ХХ ғасырдың 1910-30-жылдарына арналып, аталмыш саланың даму, қалыптасу кезеңдері, негізгі ерекшеліктері, сипаты, басшылыққа алынған ғылыми қағидаттар жан-жақты зерттеліпті. |
Африка- Жердің, Евразиядан кейінгі көлемі жағынан екінші үлкен материгі. Оған қарасты аралдарды қоса есептегендегі ауда¬ны -30,3 млн. км2, аралдарсыз -29,2 млн. км2. Африка материгі Евразиямен тығыз байланысты: оларды тек Қызыл және Жерорта тенізі бөліп тұр. Африка мен Евразия шы¬ғыс жарты шардың біртұтас құрлық массивін құрайды, бұларды басқа материктерден мұхиттардың, орасан зор кеңістіктepi бөліп тастаған. Материктің шеткі нүктелері солтүстікте - Эль-Абьяд мүйісі (37˚20' с.е.), оңтүстікте - Игольный мүйісі (34˚52'с.е.). Африка солтүстіктен оңтүстікке 8 мың км созылып жатыр. Материктін eң жалпaқ бөлігі экватордан солтүстікте 10˚ пен 16˚ аралығында жатыр, мұнда Африка 17˚33 б. б. бастап (Альмади мүйісі), 51˚24 ш. б. (Хафун мүйісі) дейін созылып, ені 7500 км-ге жетеді. |
Ел экономикасының қуаттылығы оның қазба байлықтары мен минералдық ресурстар базасының көлеміне емес, алысты аңғаратын экономикалық реформалар стратегиясының бәсекелестікке қабілетті жоғарғы технологиялық тауар мен сапалы қызмет жасауға жағдай туғызуға негізделген жөн. |
ӘОЖ 811. 512. 122/373.46 Қолжазба құқығында ҚОЖАЕВА МАРЖАН ТӨРЕҒҰЛҚЫЗЫ Аударматану терминдерінің когнитивтік-семантикалық құрылымы 10.02.02 – қазақ тілі Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты Қазақстан Республикасы Алматы, 2006 Жұмыс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында орындалған Ғылыми жетекшісі: филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Ө.Айтбайұлы Ресми оппоненттер: филология ғылымдарының докторы, профессор А.М.Алдашева филология ғылымдарының кандидаты, О.Жұбаева Жетекші ұйым: Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Диссертация 2007 жылы « 2 » ақпан сағат 14-00 -де ҚР БжҒМ А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты жанындағы 10.02.06 – түркі тілдері және 10.02.02 – қазақ тілі мамандықтары бойынша филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғайтын Д 53.38.01 диссертациялық кеңестің мәжілісінде қорғалады (050010, Алматы қаласы, Құрманғазы көшесі, 29). Диссертациямен ҚР Білім және ғылым министрлігінің Орталық ғылыми кітапханасында танысуға болады (050010, Алматы қаласы, Шевченко көшесі, 28). Автореферат 2006 жылы « 25 » желтоқсанда таратылды. Диссертациялық кеңестің ғалым хатшысы, филология ғылымдарының докторы, профессор Ж.А.Манкеева |
Физика ғылымының дамуы барысында ХIХ ғасырдың аяғына қарата атомның қасиеттерiне байланысты жаңа тәжiрибелiк деректер жинала бастады. Мысалы М.Фарадей 1833 жылы электролиз құбылысын зерттеу барысында электролит ертiндiлерiндегi ток иондардың реттелген қозғалысы екенiн анықтады. Ал 1897 жылы Дж.Томсон сиретiлген газдардағы электр разрядын зерттеу барысында қыздырылған немесе ультракүлгiн жарықпен сәулелендiрiлген кез-келген химиялық элементтiң атомы өзiнен терiс зарядталған бөлшектердi шығатынын анықтады. Осылай алғашқы элементар бөлшек – электрон ашылды. Атом құрлысының күрделiлiгiне нұсқайтын тағы бiр бұлтартпас факт 1869 жылы орыс ғалымы Д.И.Менделеев ашқан химиядық элементтердiң периодтылық заңы. Атомдық масса өскен кезде элементтердiң қасиеттерiнiң қайталануын атомның құрамына кiретiн бөлшектердiң саны өскен кезде оның iшкi құрылымының қандай да бiр ерекшелiгiнiң қайталануымен түсiндiруге болатындай. |
Жақында ғана АҚШ-та жарық көрген Кеңес мемлекеттік қауіпсіздігінің бұрынғы генералы Павел Судоплатовтың «Особые задания» естеліктер кітабындағы «Атомдывқ шпиондар» мақаласы батыста шу көтерді, өйткені бұнда америкалық атом бомбасы жөнінде кеңес барлаушыларының жетісті туралы айтылады. Батыс комментаторларына мына жайт қызуғышылық туғызды: Судоплатов НКВД үшін «ақпарат көздері» ретінде атақты ғалымдарды – Роберт Огенгеймер, Энрико Ферми, Нильс Бор, Лео Сицилард және Георгин Гамовты атады, бірақ та бұны ешбір құжаттармен нақтыламаған. |
Облыстың ауа бассейні екі түрлі жолмен ( табиғи және антропогендік) ластанады. Күшті шаңды борандар мен Маңғыстау жеріндегі тұздардың болуы ауада шаң және тұз түйіршіктері мен тозаңдарының болуын тұрақты етеді. Антропогендік ластану өнеркәсіп пен көлік тасымалына байланысты. Әрбір автомобиль әрбір 1км-ге орта есеппен 40г зиянды заттар шығарады, ал облыс бойынша оның мөлшері жылына 100 мың тоннадан асып түседі. |