Главная » Файлы » РЕФЕРАТ | [ Добавить материал ] |
В разделе материалов: 2903 Показано материалов: 151-160 |
Страницы: « 1 2 ... 14 15 16 17 18 ... 290 291 » |
Бастауыш болатын сөз таптары. Әуелі бастауыш болатын — атау тұлғасындағы зат есім. Мысалы: Бала ойнайды. Ат шабады. От жанады. Бұл сөйлемдердің ішінде бастауыш қай сөз екенін әуелі ішкі белгісімен тауып қарайык. Олай табу үшін мысалға алынған сөйлемнін әрқайсысында не туралы сөйленіп тұрғанын ашу керек. 1-інші сөйлем. Бала ойнайды. Мұнда кім турасынан сөйленіп тұр?— Бала турасынан. 2-інші сөйлем: Ат шабады. Мұнда не турасынан сөйленіп тұр?— Ат турасынан. 3-інші сөйлем: От жанады. Мұнда не турасынан сөйленіп түр?—От турасынан. Сүйтіп, бұл сөйлемдерде бала, ат, от турасынан сөйленген болып шықты. Олай болса, бұл сөздерде бастауыштың ішкі белгілері бар, сондықтан бұлар бастауыш болуға тиіс. Енді тысқы белгілерімен тауып қарайық. Олай табу үшін «кім?», «не?» деп сұрау салу керек. Сол сұрауға қай сөз жауап берсе, ашып айтқанда, қай сөз сұрауға жауап болып табылса, сол сөз бастауыш болмақ. 1-інші сөйлем: Бала ойнайды. Кім ойнайды?—Бала. |
Сөздің морфологиялық құрамындағы морфемалардың мағыналары мен қызметтері,
әрине, бірдей емес. Морфемаларды түбір морфема және қосымша морфема деп екіге
бөлуге болады. Түбір морфема – сөздің әрі қарай бөлшектеуге келмейтін ең түпкі негізі. Қосымша морфемалар деп түбірге қосылып, оған қосымша мғыналар үстейтін
морфемаларды айтамыз. Біріншіден, түбір морфемалар мен қосымша морфемалар бір-біріне парықсыз
емес; олардың қарым-қатынастары белгілі бір заңдарға сүйенеді. Екіншіден, қай қосымша қосылса да, және қанша қосымша қосылса да, түбір
морфема тұлға жағынан өзгермейді, үнемі бір қалыпта сақталып отырады. Үшіншіден, бір түрлі қосымша қай түбірге және қанша түбірге жалғанса да,
олардың әрқайсысына әр түрлі мағына үстемейді, олардың бәріне де жалпы бір
түрлі ғана мағына үстейді. |
Оқыту әдісі – дидактиканың ең басты
құрамды бөлігінің бірі. Оқыту әдістері білім берудің мазмұны сияқты, оқытудың
жалпы мақсаттары мен және міндеттерімен анықталады. Оқыту процесінің нәтижелі
және сапалы болуы оқыту әдістемесінің тиімді шығармашылықпен жүзеге асырылуына
байланысты. Ол мұғалім мен оқушының бірігіп жұмыс атқаруы. Оның арқасында білім,
іскерлік, дағдының қалыптасып, оқушының дүние танымдылығы мен қабылеттілігінің
артуы. |
Түркі тілдерінде көптеген зат есімдердің ешбір көптік жалғауынсыз көптік мағына білдіретіндігі туралы ерекше айтылады. Сөздің көптік мағынасын бұлайша айқындау үндіевропалық грамматикалардан ауысқан дейді В.Г. Гузев. Бірақ қос нәрселердің атын білдіретін зат есімдердің көптеген жалғаусыз айтылатын мойындаймыз. Септік жалғаулары. Сөздің септелуі тек зат есімдермен шектеліп қалмайды. Сөздің септелуі заттанған сын есімдер мен сан есімдерде, есімдік, тіпті етістік атауларында да бола береді: әміріңізге құлдық Фермерлерге жалынды сәлем! Қамқорлығыңа рахмет! Кейбір зерттеушілер мұндай сөз тіркестерін одағайлы тіркестер деп қарайды (Ибрагимова, 1972, 22). Себебі олар эмоциональды-экспрессивті мағынаға ие. Бірақ оларды сөз тіркестерінің есімді тобына енгіземіз, өйткені оларды одағай деп қарасақ, онда одағайлар басқа сөйлем мүшелерімен байланысатын сөз табы, олай болса, одағайлар сөз тіркестерін құрай алмаулары керек. Сәлем – зат есім. |
Сөз тіркесі жөнінде жүйелі зерттеулердің қалыптасып дамығанына көп болған жоқ. Қазан төңкерісіне дейінгі еңбектерде тек сөйлем мүшелерін, олардың байланысын, орын тәртібін көбірек сөз қылды да, ал сөз тіркесіне байланысты мәселелер онша ауызға алынбады. Түркі тілдерінің сөз тіркестері тек кеңес дәуірінде ғана зерттеліне басталды. Орыс тілінде сөз тіркестерін тұңғыш қолға алған В.В. Виноградов сөз тіркестерінің түрлері, байланыс формалары және олардың құрылысы тіл білімінің ең басты бөлімі екендігін айтады. |
Софистер бұл 5-6 ғ.б.э.д өмір сүрді. Ежелгі Грецияда өмір сүрген философиялық мектеп. Бұл философиялық мектептің қайраткерлері теоретик философ болып қана емес, азаматтарды философияға, орталық өнерге басқа да білімдер түріне үйреткен, оқытушы философияға орталық өнерге басқа да білімдер түріне үйреткен , оқытушы философ ретінде де болған. |
Облыстық соттар және оларға теңестірілген астананың және республикалық маңызы бар қалалардың соттары, Қазақстан Республикасы әскерлерінің Әскери соты орта буын соттары болып есептеледі. Олар бірінші, апелляциялық, кассациялық және қадағалау инстанцияларының соттары ретінде әрекет етеді, сонымен бірге, олар заңмен белгіленген жағдайларда, жаңадан ашылған жағдаяттар бойынша қылмыстық істерді қарайды. Бірінші инстанция соты ретінде олар, мәселен, аса ауыр жағдайда кісі өлтіру, геноцид, мемлекетке опасыздык жасау, террорлық, баскесерлік, жаппай тәртіпсіздік туралы қылмыстық істерді, сондай-ақ өз қалаулары бойынша неғұрлым күрделі және маңызды азаматтық істерді қарайды. Мұнымен қоса, орта буындағы соттар заңды тұлғалар арасындағы даулы мәселелерге байланысты шаруашылық істерін қарайды. |
1. Сот-сарапшылық биологиялық зерттеу Сот-сарапшылық биологиялық зерттеу көбінде жеке адамға қарсы, меншікке қарсы, халықгар денсаулығы мен адамгершілікке қарсы қылмыстар, сондайақ экологиялық қылмыстар жөніндегі қылмыстық істер бойынша жүргізіледі. Сот биологиялык сараптаманың тақырыбы —жануар немесе өсімдік тектес зерттелетін объектінің жаратылысын; —оның белгілі бір таксономиялык топтарға (отряды, тегі, түрі) жаткызылуын; —салыстырылатын объектілердің ортақ тектік (топтық) қатыстылығын; —салыстырылатын объектілердің бірыңғай шығу көздеріне қатыстылығын; —объектінің зертгелетін оқиғамен кеңістіктік-мезгілдік байланыстарын анықтаумен байланысты іс жағдаятгарын арнайы ғылыми білім негізінде анықтау болып табылады. |
Сот-сарапшылық баллистикалық зерттеу көбінде адамның жеке
басына карсы, бейбітшілік пен адамзаттын қауіпсіздігіне қарсы, конституциялык
құрылыс негіздері мен мемлекет қауіпсіздігіне карсы, меншікке қарсы, қоғамдық
кауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке карсы, халықтың денсаулығына және
адамгершілікке қарсы, басқару тәртібіне қарсы қылмыстар жөніндегі қылмыстық
істер бойынша, сондайақ әскери қылмыстар бойынша жүргізіледі. |
Жоспар 1. Сингармонизмге жалпы түсінік 2. Буын үндестігі 3. Дауыстылардың үндесуі 4. А. Байтұрсыновтың сингармонизм туралы зерттеуі Сингармонизм – гректің Sun «бірге» және hanmoni «байланысу, үндесу» деген мағынаны білдіретін сөздері бойынша жасалған термин. Тіліміздегі байырғы сөздердің басым көпшілігі не біркелкі жуан, не біркелкі жіңішке айтылады. Мысалы: Жуан сөздер: балалар, қалалар, қызылдау. Жіңішке сөздер: жерлерді, ініміз, күнделік. Түбірдегі дауысты дыбыстың немесе соңғы буынның өзгеріп отыруына байланысты сингормонизмнің мына секілді заңдары болады: 1. Сөздің алғашқы буыны жуан болса, келесі буындары да жуан немесе сөздің соңғы буыны жуан болса, оған жалғанатын қосымша да жуан болады. Мысалы: бала – лар, жа-зу-шы-лар, оқу-шы-лар, қа-ла-да-ғы-лар-ымыз. 2. Сөздің алғашқы буыны жіңішке болса, келесі буыны да жіңішке немесе сөздің соңғы буыны жіңішке болса, оған жалғанатын қосымша да жіңішке болады. Мысалы: өн-ер-ші-лер-ге, ән-ші-лер,үй-де-гі-лер-іміз. Осы заңдылықтармен байланысты сөздің соңғы буынында -х, - қ, -ғ дауыссыздары келсе, қосымшалар үнемі жуан болады. |