| Главная » Файлы » РЕФЕРАТ | [ Добавить материал ] |
| В разделе материалов: 2903 Показано материалов: 1271-1280 |
Страницы: « 1 2 ... 126 127 128 129 130 ... 290 291 » |
|
Ертеде бір өлкенің өте ақылды және ақ көңіл патшасы болыпты. Бұл патшаның жапанда жалғыз ұлы болыпты. Патша ұлын жанынан да жақсы көріпті. Бұны білетін сарайдағылар патшаға жағу үшін кішкене бекзаданы мақтай береді екен. Біреулері «жер жүзінде біздің бекзададан асқан әдемі бала жоқ» десе, басқалары «дүниенің ең ақылды баласы» екендігін айтыпты. Енді біреулері оның қабілетін мақтап бітіре алмайды екен. Уақыт өте келе кішкене бекзада айтылғандардың бәріне сене бастапты. Дүниеде өзінен асқан ақылды және қабілетті бала жоқ деп ойлайтын болыпты. |
|
Әдеби тілдің мәнін айқындап, өзіндік белгілерін саралап, оның тарихына қатысты негізгі мәселелердің басын ашып, ғылыми тұжырым жасау үшін әдеби тілдің өзін, оның өзіндік ерекшеліктері қандай екенін дұрыс анықтап алу қажет. Яғни әдеби тіл деп нені түсінеміз? Әдеби тілдің тарихы қай кезден басталады? Әр кезеңдегі әдеби тілдің дамуының, нормалануының тілдік көрсеткішіне қандай әдебиет нұсқалары жатқызылуға тиіс және олардың мазмұны мен сипаты қандай болмақ деген сұрақтардың нақты жауабы әдеби тілдің анықтамасымен тікелей байланысты. Ал әдеби тіл деген ұғымды әр түрлі түсінудің салдарынан зерттеулерде оған қатысты проблемалық мәселелер әрқалайша баяндалып жүр. |
|
Армян әдебиеті Әуезов көзі тірісінде-ақ туған елінен тыс жерлерде кеңінен танылды. Оның «Абай жолы» роман-эпопеясы, повестері, әңгімелері, драмалық шығармалары, әдебиеттану саласындағы терең мазмұнды еңбектері, публицистикасы мен педагогтік қызметі бұрынғы Кеңес Одағы халықтарымен бірге армян халқына да кеңінен танылып, өте жоғары бағаланды. Көп ұлтты кеңес әдебиетінің ең биік табыстарының, қазақ халқының рухани мәдениетінің өшпес ескерткіштерінің қатарына қойылды. |
|
Арнау өлең — түркі халықтары поэзиясына тән жанр. Арнау өлең қазақ ауыз әдебиетінде, жазба әдебиетінде ерекше орын алған. Арнау өлеңді қазақ әдебиеттану ғылымында алғаш енгізіп, ішкі жанрлық түрге жіктеген А.Байтұрсынов: "Арнаудың өзі үш түрлі болады: жарлай арнау, сұрай арнау, зарлай арнау”. Арнау өлең іштей жанрлық түрге жіктелгенімен белгілі бір ортаға, қауымға, жеке адамға т.б. арналып айтылатындықтан онда ортақ үндестік, бір жанрға тән ерекшелік айқын байқалады. Арнау өлеңнің жіктелуі негізінен тақырыптық сипатына, яғни кімге, қалай арналуына байланысты. |
|
Абылай хан: «Ешқандай Барабы татарларын естіген емеспін, білмеймін. Жер біздікі!» Абылай дарынды хан, аса ірі қайраткер, қолбасшы болды. Әбілмәмбет ханның тірі кезінде қазақ халқы оны өзінің қорғаушысы, көсемі санады. Ол патша өкіметінің губернаторларының ыңғайына жүрмеді. Елінің еркіндігін, бостандығын қорғай білді. |
|
Абылайдың ақ үйі, Абылайдың ордасы – Абылай ханның Петропавл қаласындағы ордасы, тарихи ескерткіш. Қазақстанның солтүстік аймағын отарлау басталған кезде Есіл өзені жағасында орналасқан Қызылжар қыратында 1752 ж. әулие Пётр бекінісінің құрылысы басталды. Бұл өз кезегінде елдердің арасындағы сауда-экономикалық қатынастардың орнығуына әсерін тигізді. Осыған байланысты казактардың дала тұрғындарына тиісіп, қазақтардан мал тартып әкетуі және жер учаскелерін басып алуы тәрізді мәселелерді талқылау үшін ханның арнайы ордасы қасында осындайқұрылыс салу қажеттігі туындады. |
Әлем әдебиетіндегі сентиментализм...Өткен ғасырлар үлесіндегі әлем әдебиетінде көптеген әдеби ағымдардың болғаны баршаға аян. Сол ағымдардың ішіндегі 18-ғасыр дың екінші жартысы мен 19-ғасырдың басында дамыған ағым – сентиментализм. Сентиментализм (французша сезім, сезімталдық деген сөздерден алынған ). Бұл көркем әдебиеттегі ағым Ағылшын және басқа Еуропа халықтарының әдебиетінде кеңінен өріс алған. Ағылшын әдебиетінде сентиментализмді орнықтырған жазушы Л.Стерн. Оның «Франция мен Италияға сентименталдық сапар» атты романы Еуропа елдерінде кең қанат жайды, орыс тілінде аудармасы да жарық көрді. |
|
«Улисс» (ағылш. Ulysses) — ирланд жазушысы Джеймс Джойстың екінші ең беделді романдарының бірі. Шығарманың жазылуы 7 жылға созылды. Америкалық «The Little Review» журналында 1918 жылдан бастап 1920 жылға дейін бөліктері жарияланып тұрды. Францияда 1922 жылдың 2 ақпанында тұтас кітап болып баспадан шықты. Жазушының туған жерінде роман алғаш рет 1939 жылы жарық көрді. |
|
Ергенеқон Ергенеқон— дастан; ғұндар мемлекеттік бірлестігі ыдырап, көк түріктердің алғашқы мемлекеті — Түрік қағанаты салтанат құрған (552 — 745) кезеңге дейінгі 450 жыл ішінде болған түрлі оқиғаларды қамтитын, түркі халықтарының ата тегін тарихи деректер бойынша жыр еткен ауыз әдебиеті үлгілерінің бірі. "Ергенеқон” дастаны толық күйінде сақталмаған, тек жекелеген үзінділері мен жалпы сюжеттік желісі ғана бізге мәлім. "Ергенеқон” дастанына алғаш назар аударғандар Түркияның түркітанушы ғалымдары — М.Ф. Күпрулу (1896 — 1966), Атсыз Нихал (1905 — 1975) болды. |
|
«Кабуснама» - Кей-Кабустың 1082-83ж. парсы тілінде жазған, әлемге кең тараған дидактикалық сарындағы шығармасы. Европа мен Азияның озық ойшылдары «Кабуснаманы» орта ғасырлардағы педагогикалық тәлім-тәрбие, өсиет-өнеге жөніндегі танымның энциклопедиялық жиынтығы ретінде жоғары бағалаған. «Кабуснаманың» аударма нұсқаларын қазақтың ағартушы-демократтары өз еңбектерінде шығармашылық тұргыда пайдаланып отырды. |

