| Главная » Файлы » РЕФЕРАТ | [ Добавить материал ] |
| В разделе материалов: 2903 Показано материалов: 1241-1250 |
Страницы: « 1 2 ... 123 124 125 126 127 ... 290 291 » |
|
Қазақ мемлекетінің құрылуы тарихта ғана емес, әдебиетте де үлкен із қалдырғаны сөзсіз. Көшпелі тұрмыс үшін, жаз жайлауын, қыс қыстауын тастап кету - үлкен қасіреттердің бірі. Ел мен жерге деген қимас сезім ғалым М.Мағауиннің жазуынша: «Біздің заманымызға сол кездегі халық зарын көрсететін, «Ноғай қазақтың айналуы», «Орманбет хан өлгенде, он сан ноғай бүлгенде» сияқты күйлер жетті. Қазақ ССР Ғылым Академиясының қолжазбалар қорындағы қазақ халқының құрылуы дәуініндігі белгілі тарихи оқиғалардан көрініс беретін ұзынды - қысқалы өлең, жыр, поэзиялар бар. Бұл шығармалардан кейбір рулардың ата - қонысынан аууға онша құштар болмағандығы аңғарылады. |
|
1917 жылғы Қазан төңкерісі Ресейге бағынышты халықтардың тарихына өзгерістер әкелгені белгілі. Осы өзгерістер өз кезегінде әдебиет пен өнерде , мәдениетте көрінді. Әдебиет қоғам көрінісі деген сөзді негізге алсақ, осы кезеңдегі қоғамдағы алмасулар қазақ әдебиетінің түрлі саяси бағыттағы өкілдерінің әр тақырыптағы түрлі бағдар, алуан идеядағы шығармаларын тудырды. |
|
Баспасөз мен ғаламторда кейбір көкелеріміздің қазақ поэзясын сынай да міней жазған мақалалары, поэзия сүйер патша көңіл оқырманға еріксіз ой салады. Алдаспан қылыштай отты стиль мен орып түсіп, аузымен от шайнап, жалын бүріккен шайрлардың шығармашылығы жайында оңды-солды пікірлер беріліп, біреуді мақтап аспанға ұшырса, біреуді құздан құлата лақтырады. Соңғы кезде поэзия айдынында «дәстүр бұзушылар» мен «тіл бұзушылар» көбейіп кетті деп налиды да, қара найзаның қақ үшін жастарға тіреп, поэзяның қайнар бұлағын жастар былғады деген ұғым қалыптастырады. |
|
Бұл шығармада түрлі қоғамдық топқа жататын адамдар арасындағы қарым-қатынас мәдениеті адамгершілік, әдептілік мәселелері көтеріледі. Сондай-ақ білімді адамдар өмір сүретін мінсіз қоғам нормалары жайлы, әлеуметтік мәртебесі әрқилы қоғам мүшелерінің мінез-құлық ережесі, сондай-ақ басқарушы және бағынушылар арасындағы ара қатынас қағидалары баяндалады. Бұл еңбегінде ойшыл бақытты, рахатты, салауатты өмір сүруі үшін және қоғамның ахлақтық негізі үшін әдептік ұстанымдарды белгілейді. |
|
«Құтты білікте» білім өмір мәні және қоғамың мәдени, рухани деңгейінің өлшемі ретінде көрсетіледі. Ойшылдың пікірінше, білім мен парасат адам мен қоғам өмірінде кездесетін зұлымдықтардың алын алу үшін қажет. Білім адамның өз болмысын танып білуге, иманын жетілдіруге, өмірдегі өз орнын табуға және қайырымды болуға жол ашатын жарқын жол. |
|
«Едіге» эпосы – Алтын Орда дәуіріндегі біздің ата-бабаларымыздың кейінгіге қалдырған үлгі-өсиеті, асыл аманаты. Күні кеше ғана күркіреп тұрған мемлекетін, тұтастығын, рухани бірлігін, басынан ұшқан бағын жоқтауы, жан дауысы, имандай сыры. Бұл жерде: «Народная поэзия не фактографическая хроника: дело здесь в общегосударственных и народных устремлениях и интересах, а не в изображении отдельных, частных событий», – деген Б.Я. Пропптың пікірінің дұрыстығына қол қоймасқа амал жоқ. |
|
1420 жылы Едіге дүниеден озған соң біздің Алтын Орданың күш-қуаты кеміп, бірлігі кетті. Ақыры жеті хандыққа ыдырап тынды. Бірлігі қашқан олар аяғында тегіс бодан елге айналды. Әуелі өткенін жоқтаушылар көп болды. Кейінгі Ә.Бөкейханов, Х.Досмұхамедовтерден соң қайта бірігу идеясы көзден бұл-бұл ұшты, енді мүмкін емес нәрсеге айналды. Ол – ол ма, өткенін білетін, оны көз алдынан қайыра елестетіп, бағасын байыптай алатын адам да қазір онша көп емес. |
|
Біз тілді қоғамдық құбылыс дегенімізбен де, оның негізі ұлттық мәйегінде, халықтық сипатында екендігі даусыз. Тіл де тірі ағза секілді өмір сүреді немесе өледі, яғни жасарып, жаңарады, түлейді, түрленеді һәм қартаяды, қатардан шығады. Ол сол тілде сөйлейтін ұлттың тағдыр талайына қатысты болмақ. Ұлт бар жерде тіл бар, тіл бар жерде сол ұлттың өмір сүруіне негіз бар. |
|
1959 жылдың тамыз айының соңғы күндері еді. Кеңес Одағының Батыры, жазушы, ғалым, Абай атындағы ұлттық педагогикалық университет ректоры Мәлік Ғабдуллинді үш бозбала іздеп келіп, кеңседен кездестіре алмай, сол маңда сергелдеңмен жүр едік. Ауылға қайту ойымызда, қалта тесік. Шешеміздің берген тиын-тебені біткелі қашан. |
|
Иә, бәрі есімде… Сонау өткен ғасырдың 70-жылдарының ортасы болатын. Студент кезім. Тұңғыш өлеңдерім мерзімді басылымдарда Әбу ата Сәрсенбаевтың, Фариза апа Оңғарсынованың жылы лебіздерімен жарық көріп, қанаттанып жүрген кезім. Барша қалам ұстаған жастардың қамқоршысына айналып кеткен Әбу атаның үйіне барып тұратынмын. |

