Главная » Файлы » РЕФЕРАТ | [ Добавить материал ] |
В разделе материалов: 2903 Показано материалов: 111-120 |
Страницы: « 1 2 ... 10 11 12 13 14 ... 290 291 » |
Ол тауар-ақша айырбасының саласы болып табылады және өндірушілер (сатушылар) мен тұтынушылар (сатып алушылар) арасындағы экон. қатынастар жүйесін білдіреді. Бұл қатынастардың негізгі элементтері – құн, баға,[ бәсеке, сұраныс пен ұсыныс. Нарықтың жұмыс істеуі тауар өндірушілердің арасындағы байланыстарды реттейтін, сондай-ақ адамдардың арасындағы экон. қарым-қатынас олардың еңбегінің өнімін сатып алу мен сату арқылы көрініс табатын тауар өндірісі жағдайында қоғамдық еңбекті бөлу мен ынталандыруды реттейтін заңға бағындырылған. Сұраныс пен ұсыныс заңы осыны жүзеге асыру нысаны ретінде әрекет етеді, оның іс-әрекеті айырбастың баламалылығын, ақша және тауар ағынының, төлем қабілеті ағынының, төлем қабілеті бар сұраныс пен ұсынылатын тауарлардың (қызметтердің) ара салмағын айқындайды. |
Қытайдағы қазақтардың әлеуметтік шаруашылык жағдайы, негізінен, ҚХР-ның аграрлық экономика өндірісімен тығыз байланыста болды, Жоғарыда пайымдағанымыздай, ҚХР 1950 жылдан бастаи Қытайдың саяси-әкімшілік құрылымдарын кайта құруына байланысты, экономикалық жоспар мен өндіріс құры-лымдарын да социалистік бағытқа бейімдеп қайта құра бастады. Алдымен, ауылды кооперативтендіріп, одан соң оларды коммуналандырды. Алғашқы жылдары экономиканы қалпына келтіру мақсатында диқандар мен шаруаларға қаржылай және техникалық көмек көрсетіп, елдің еңсесін біршама көтерді де, соңынан ауыл тұрғындарының мал-мүлкін Халық коммунасының меншігіне өткізіп алды. |
Этнопедагогика — этникалық қауым педагогикасының дамуын зерттейтін педагогикалық білімдердің жаңа саласы. Педагогиканың дамуын халықтың педагогикалық дәстүрлерімен бірге қарастыру тек қызығушылық туғызып қана қоймайды, сондай-ақ тарихи-педагогикалық зерттеулердің нәтижелірек болуының, ғылыми педагогикалық теориялардың өмірге икемділігін, оларды келешекте зерттеудің қажетті екендігін тексерудің де айғағы. Этнопедагогика курсы болашақ маманды тәрбие жүйесіндегі этникалық өзгешеліктер мен үлттық даралық жайлы біліммен қаруландырады, көпғасырлық тәрбие әрекеті нәтижесінде жинақталған педагогикалық байлықты практикада қолдана алу дағдысын игертуді көздейді. |
Этикет хан (шах, король, патша) сарайларында рәсімділік сақтау тәртібі ретінде пайда болған. «Этикет»сөзі француз тілінен аударғанда «рәсімді реттеуші нұсқау қағаз, этикетке, рәсім өткізу тәртібі» деген мағынаға ие. XVIII ғасырда этикет деп монархтар сарайларында өзін-өзі ұстау ережелерінің жиынтығын айтатын болған, бірақ өмір бұл терминнің одан гөрі кең мағынада қолданылуын қажет етті. Жоғары билік жүргізушілер арасындағы қарым-қатынастардың өз алдына бөлініп, қарапайым халықтан ерекшеленуінің нәтежиесінде этикетке көп мән берілгендігін тарих дәлелдейді. Этикет билеушілер сарайындағы өмірді қатаң түрде реттеп отырды: кімнің қашан тұруы керектігі, монархты кімнің, қашан, қалай киіндіретіндігі, аудиенциялардың өту тәртібі және т.б. |
Еркінше
алынған қайтымды циклды қарастыралық. Циклды бөлшектеу көмегімен, элементарлы
Карно циклын шексіз көп санды теңдікті (2.12), түрде жазуға
болады: dq1/T1=dq2/T2 |
Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық қоғамдастыққа тең құқықты мүше ел болып кіруі одан, яғни, Қазақстан Республикасынан басқа елдердегі халықаралық, қаржы капиталының, либерализациялық қозғалысын оқып үйренуді талап етуі. Қазіргі таңда мұның маңызы өте зор. өйткені, ұлттық экономиканың дамуына әсер ететін әлемдегі шаруашылық факторларын білуіміз қажет. Сонда ғана экономикалық өсу болады. Зор макроэкономикалық мақсатқа жету үшін халықаралық қаржы мен әлемдік экономиканың глобализациялық және либерализациялық процесіне қосулу керек. Халықаралық қаржыны либерализациялау үшін елде әр түрлі реформалар жүргізу қажет. Мұндай реформалардың әр елде өз ерекшеліктері бар. Және бірнеше сатыдан тұрады. |
Адамзат қоғамының алдында тұрған экологиялық мәселелер оның дамуының барлық тарихи кезеңдерінде орын алып отырды. Бірақ, өндірістік қоғам мен демографиялық жарылыс кезеңінде адамзаттың табиғатқа теріс әсерінің нәтижелері ғаламдық сипатқа ие болды. Экологиялық мәселенің мәні – табиғаттағы қалыптасқан тепе-теңдікті бұзбай, миллиардтаған адамдарды жерде қоныстандыру және олардың барлық қажеттіліктерін қамтамасыз ету. Қазіргі Жердегі тіршілік адам қызметінің сипатына тәуелді. |
Шыңғысұлы Жошы хан (1187-1227 жж.) – моңғол шапқыншылығынан кейін Қыпшақ даласында құрылған жаңа мемлекет - Жошы ұлысының негізін қалаушы, атақты Шыңғыс ханның қоңырат қызы Бөрте бәйбішесінен туған төрт ұлдың үлкені. Ол ересен күшті, ер жүрек, алған бетінен қайтпайтын қайсар адам болған. Ол, алдымен, моңғолдардың басқыншылық әскери жорықтарының бәріне қатысқан аса ірі әскери басшы ретінде танылады. |
Шығыс Қазақстан Шығыс Қазақстан облысында орналасқан. Бұл
аймақ Қытай, Монғолия және Ресей шекараларының қиылысында орналасқан. Аймақ
терреториясының көп бөлігін Рудалық және Оңтүстік Алтай, Қалба және Саур Тарбағатай
тауларының тізбегі алады. Таулар шыңының биіктігі 800-ден Негізгі өзендер қатарын Ертіс және оның салалары:Үлбі, Үбі
және Бұқтырма құрайды. Ең үлкен көлдері Марқакөл, Зайсан, Рамановское,
Сасықкөл, Алакөл және Маралды. Ауа райы өте континенталды, күндізгі уақыты
ұзақ, жылдық температура ауспалы. Шығыс Қазақстан түрлі табиғи климаттық аймақтармен
сипатталады. Шығыс Қазақстан табиғаты таңқаларлық: Азияның жазығы мен
жартылай шөлейттері Сібірдің таулы ормандарымен қиылысуының нәтижесінде бірегей
ландшафт түрлерін, яғни шөлді, жазықтарды, ормандарды және тауларындағы тұрақты
мұздықтар мен өзендерді, көлдерді көруге болады. Белуга шыңы |
Шетел капиталын тарту және оны пайдаланудың тиімділігін көтеру,
мемлекеттің ұлттық мүдделері мен шетел инвесторлары мүдделерінің келісімді
болуын қамтамасыз ету мақсатында, ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық
механизмді жетілдіру, инвестициялық қызмет үшін жалпы қолайлы жағдай мен
экономиканың басым салаларын дамыту преференциялық режим құруды талап етеді. Іс
жүзіндегі механизмге толықтырулар мен өзгерістер шаруашылық жағдайы мен оның
икемділігін көтеруге байланысты енгізілуі тиіс. Шетел инвестицияларын тарту мен
қолдану процесін тежеуші бюрократиялық процедураларды жеңілдету және шетел
инвесторларының құқықтарын қорғау бойынша кепілдемені көтеру аса маңызды рөлге
ие. Қазақстан экономикасына шетел капиталын тартудың негізгі формаларының бірі
– сыртқы несиелер. . |