Главная » Файлы » РЕФЕРАТ [ Добавить материал ]

В разделе материалов: 2903
Показано материалов: 1101-1110
Страницы: « 1 2 ... 109 110 111 112 113 ... 290 291 »

Азербайжан әдебиеті. Әзірбайжан мен қазақ халқының тарихи-мәдени байланысы әріден басталады. Екі елдің генетик, тамыры мифологиялық, фольклорлық қайнар көзден тарайды. Академик Мамед Атжар айтқандай «тарихи және географиялық жағдайына қарай Шығыс пен Батыстың аралығына орналасқан Азербайжан ежелден-ақ көптеген елдермен, халықтармен - урарттармен, вавилондықтармен, ассириліктермен, ирандықтармен және басқа елдермен байланыста болды. Сол ерте кездегі саяси, экономикалық және мәдени байланыстары мықты «Отты елдер» Азербайжанды әлемдік орбитаға, әсіресе шығыс мәдениетіне тартты».
Барлық реферат | Просмотров: 1063 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 03.01.2014 | Комментарии (0)

Фольклорлық деректер мен этнографиялық материалдар - Белгілі композитор, академик А. Қ . Жұбанов: «Халық аспаптарының ішектерінде ғасырлар бойғы даналық тұныптар»,— деген еді. Қазақтың көптегенмузыкалық аспабы халық поэзиясында аталатыны тектен-тек емес. Батырлар жырында үрлеп ойналатын және ұрып ойналатын аспаптардың аттары кездеседі, бұл аспаптарды дабыл қағу үшін жорықтарға алып шығатын болған. Мұндай аспаптарға тән ортақ қасиет — олардың даусы күшті болып келеді. 
Барлық реферат | Просмотров: 1165 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 03.01.2014 | Комментарии (0)

«Хибат ул-Хақайық», «Ақиқат сыйы» – есімі Қарахан мемлекеті түркілеріне мәшһүр болған ғұлама ақын Ахмет Жүйнекидің әр түрлі моральдық-этикалық мәселелерді жыр еткен дидактикалық-философиялық мазмұндағы жыр-дастаны. Бұл дастан моральдық-этикалық ұғымдар мен мінез-құлық нормаларының поэзия тілімен айтылған жиынтығы болып келеді. Сол кездегі Шығыстың классикалық әдеби дәстүріне сәйкес автор өз шығармасын Алланы, пайғамбарды және төрт сахабаны мадақтаудан бастайды.
Барлық реферат | Просмотров: 953 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 03.01.2014 | Комментарии (0)

Жолжазба – автордың жолсапары кезіндегі алған әсері мен көзбен көрген нақты оқиғалар суреттелетін шығарма. Күнделік, очерк, мемуар, т.б. түрінде жазылады. Жолжазбалар танымдық мәліметтерімен құнды. Сонымен қатар оларда саяси, философия, эстетика көзқарастар да баяндалады. Александр Македонскийдің (б.з.б. 4 ғ.) жорықтары жөніндегі Жолжазбалар әлем әдебиетінде осы жанрда жазылған шығармалардың ежелгі үлгілері болып табылады.
Барлық реферат | Просмотров: 964 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 03.01.2014 | Комментарии (0)

Екпін Еділді өрлеп, Жайықты жалпағынан басып, Оралдың етегіндей бұрқ-сарқ етіп, далаға бет алды.

Өр көкіректенген екпіннің ұлы қимылы Тянь-Шань етегін басып, дәл төбесінен бір-ақ секірді.

Еңбекті еңіретіп, ердің ерлігін сынап, құрғақты – шөл, шөлді көлге айналдырып ауылды екінші түрге түсірейін деді. Дабылдаған долы екпінге аяусыз асқарлар мен кертелі кезеңдер еріксіз сызылып қол берді. Қарсы шапқан қаскүнемдердің тауалын шағып, тарысын үктірді.

Барлық реферат | Просмотров: 911 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 03.01.2014 | Комментарии (0)

Күннің нұры Алатаудан бері көзін салғанда, сұлу табиғатты, көрікті әсем қаланың әдетті қимылы басталды. Көше-көшемен қаптап жүріп жатқан халық, оның ішінде жуан портфелді совет қызметкерлері де бар, социализм елінің бақытты бөбектері, өмірдің, білімінің биік шыңына қол созған, оқушы, студенттер де бар, жас ұландар да бар. Әйтеуір қала тіршілігі, қала өмірі тіпті көркем, тіпті әсерлі.
Барлық реферат | Просмотров: 964 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 03.01.2014 | Комментарии (0)

Алты ай айдаса ат жетпейтін, тұлпардың тұяғы, сұңқардың қанаты майырылатын ұлан-байтақ даламен біз заулатып келеміз, бетіміз Қарталы.

Жер мен көктің арасын кезген даланың қоңыр желі бір ұшы-қиыры жоқ океан сияқты, біздің мініп келе жатқан машинамыз сол океанда жүзіп бара жатқан жел қайық тәрізді. Ұлы океанның корабльді тербеткені сияқты біз де ауаның кең құшағында тербетілеміз. Океанның ақырын ғана жайқатылып, күміс толқынымен жел қайықты еркелеп соққаны тәрізді майда жел біздің де бетімізден соғады, біз де океанның ортасында шайқалып, толқимыз.

Барлық реферат | Просмотров: 870 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 03.01.2014 | Комментарии (0)

Қалмақ халқының ұлы эпосы «Жәңгір» жырының шыққанына алдымыздағы май айының ішінде 500 жыл толады. Бұл жыр Қалмақ халқының XIV—XV ғасырдағы ұлы жауынгерлік істерін сипаттайды. Халық туғызған жыр қашанда болса ескірмек емес, оның өмірі соншама ұзақ болып халықпен бірге жасай бермек.
Барлық реферат | Просмотров: 897 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 03.01.2014 | Комментарии (0)

Батырлық жырлар, батырлар жыры — ауыз әдебиетіндегі ең бай да көне жанрлардың бірі. Қаһармандық эпос деп те аталады. Б. ж. халық өмірінің тұтас бір дәуірін жан-жақты қамти отырып, сол тарихи кезеңдегі батырлардың сыртқы жауларға қарсы ерлік күресін, ел ішіндегі әлеум. қайшылықтар мен тартыстарды бейнелеп береді. Бірақ онда тарихи оқиғалар тізбегі өмірде болған қалпында емес, жырдың көркемдік шешіміне лайықты өріледі.
Барлық реферат | Просмотров: 1086 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 03.01.2014 | Комментарии (0)

Көне Рим әдебиеті
Б.д.д. ІІІ ғ. ортасында Жерорта теңізінің батыс жағалауында, Италияда, антикалық әдебиеттің екінші бөлігі  – рим әдебиеті өркендей бастайды. Рим әдебиеті грек әдебиетімен байланысты болды. Рим әдебиеті грек әдебиетімен бірге дамыған, бірақ ол латын тілінде шығарылды, себебі Рим латын тайпаларының орталық қауымы болды.
Барлық реферат | Просмотров: 1271 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 03.01.2014 | Комментарии (0)

1-10 11-20 ... 1081-1090 1091-1100 1101-1110 1111-1120 1121-1130 ... 2891-2900 2901-2903