Главная » Файлы » Материалы пользователя [admin] | [ Добавить материал ] |
В разделе материалов: 1756 Показано материалов: 861-870 |
Страницы: « 1 2 ... 85 86 87 88 89 ... 175 176 » |
Ақтөбе облысы — Қазақстанның солтүстік-батыс өңірінде орналасқан. Терістігінде — Ресей Федерациясының Орынбор облысымен, оңтүстігінде — Өзбекстан Республикасының құрамындағы Қарақалпақстанмен, батысында — Маңғыстау облысы, Атырау және Батыс Қазақстан, шығысында — Қостанай, оңтүстік-шығысында — Қызылорда облыстарымен шектесіп жатыр.
|
Ақтөбе — қала, Ақтөбе облысының әкімшілік орталығы (1932). Қазақстанның ірі өнеркәсіп және мәдени орталықтарының бірі. Темір жол, әуе және автомобиль қатынастарының маңызды торабы. Мұғалжар тауының оңтүстік-батысында Елек өзенінің сол жағалауына, Ақтөбені айнала орналасқан.
|
Ақтау — Маңғыстау облысының орталығы (1973 – 88 жылдары және 1990 жылдан), қала, теңіз және әуе порты. Каспий теңізінің шығыс жағасында орналасқан. Қаланың шығысында 40 км жерде әйгілі Қарақия ойысы жатыр. Маңғыстау түбегінде мұнай, газ, уран, т.б. қазба байлықтарының ашылуына байланысты іргетасы 1959 ж. қаланған. 1963 ж. оған қала мәртебесі берілді. Ақтау біраз уақыт Шевченко аталып (1964 – 91), кейіннен тарихи жер атауы қалпына келтірілді.
|
Жақсы ауданы – облыстың солт.-батысындағы әкімш. бөлік. Аудан солт-нде Солт. Қазақстан обл-мен, шығысында Сандықтау және Атбасар, оңт.-батысында Жарқайың, батысында Есіл аудандарымен шектеседі. Іргесі 1957 ж. тың және тыңайған жерлерді игеруге байланысты қаланды. |
ОЙЫЛ АУДАНЫ – Ақтөбе обл-ның солт.-батысында орналасқан әкімш. бөлік. 1930 ж. құрылған. Жерінің аум. 11,5 мың км2. Тұрғыны 20,2 мың адам (2004). Аудандағы 23 елді мекен 8 ауылдық округке біріктірілген. Орт. – Ойыл а. О. а-ның жері негізінен эроз.-денудац. жазықта орналасқан. Орт. бөлігі көтеріңкі келген. Ол сай-жыралармен тілімденген. Өзен аңғарында Барқын, Сарытөбе, т.б. құмды алқаптар кездеседі.
|
Қазақстан Республикасының орталығында орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлініс. 1939 жылы құрылған. 1961 – 92 жылдары Целионград облысы болып аталды. Жер аумағы 146,2 мың км2. Тұрғыны 746,6 мың адам, орташа тығыздығы 1 км2-ге 5,1 адамнан келеді (2006). Солтүстігінде Солтүстік Қазақстан, шығысында Павлодар, оңтүстігінде Қарағанды, батысында Қостанай облыстарымен шектеседі. 14 ауылдық, 2 қалалық әкімшілік ауданға бөлінген. 10 қала, 13 кент, 245 ауылдық әкімшілік округ бар.
|
Ақкөл ауданы — облыстың орт. өңіріндегі әкімш. аудан. 1928 ж. құрылған. 1997 жылға дейін — Алексеев ауд. аталып келді. Аудан солт-нде Еңбекшілдер, солт.-батысында Бұланды, оңт-нде Шортанды, шығысында Ерейментау аудандарымен шектеседі. Солт.-шығысында Степногорск қ. орналасқан. Жерінің аумағы 6,9 мың км2. Тұрғыны 30 мың адам (2008). Халқының орташа тығызд.
|
ФРАКИЯ — Балкан түбегінің шығыс бөлігінде орналасқан тарихи аймақ. Ежелгі заманда бұл өңірде антикалық Фракия мемлекеті құрылды. 46 жылы Фракия Рим провинциясына айналып, 395 жылдан Византия империясыныңқұрамына кірді. 6 ғасырда Фракияны славяндар мекендеді. Бірінші Болгар патшалығы (680 — 1018) кезінде Фракия аумағы ішінара оның құрамына қосылды. 1204 жылдан бастап біраз уақыт Латын империясына кірді. 15 ғ-дан Осман Сұлтандығы қол астында болды.
|
Ескелді ауданы – Алматы облысындағы әкімшілік бөлініс. Жер аумағы 4,3 мың км². Тұрғыны 50,5 мың адам, орташа тығыздығы 1 км²-ге 11,7 адамнан келеді (2006). Аудандағы 38 елді мекен 1 кенттік, 10 ауылдық әкімшілік округке біріктірілген. Аудан орталығы – Қарабұлақ кенті. Ескелді би ауданының жері негізінен Жетісу (Жоңғар) Алатауын екіге бөліп тұрған Көксу депрессиясы мен тауаралық ойыста орналасқан. Ауданның шығыс бөлігі – басын мәңгі қар мен мұз басқан биік тау сілемдерінен тұрады, мұнда ауданның ең биік жері (4016 м) орналасқан.
|
Есіл ауданы – облыстың солт.-батысындағы әкімш. аудан. Солт-нде Солт. Қазақстан обл. Ғ.Мүсірепов, шығысында Жақсы, оңт.-шығысында Жарқайың, батысында Қостанай обл-ның Қарасу аудандарымен шектеседі. 1930 ж. Ақмола округінің Пролетар және Атбасар аудандарының жерінде орт. Қима а. болып құрылған.
|