Главная » Файлы » РЕФЕРАТ » Софт [ Добавить материал ]

"Динаның хикаясы" қазақ тіліндегі компьютерлік ойын
07.03.2013, 15:19


Жалпы мәліметтер

Ойын 5-7 жастағы балаларға арналған. Ойын толығымен қазақ тілінде жасалған. Ойын оқиғалары Қазақстанда, Астана қаласында өтеді. Ойында тарихи кейіпкерлер қатысқан.

Ойын тарихы

Ерте заманда 9-10 ғасыр шамасында атақты ғалым-философ Әль-Фараби Әбу-Насыр Ибн Мұхаммед өмір сүрген кездің өзінде Отырар қаласы Азия құрылығындағы ірі мәдени орталық болып саналатын. Мұнда көлемі жағынан Александрия кітапханасынан кейінгі орынды алатын кітапхана орналасты. Сол баяғы заманда қазақ халқының ата-бабасының ежелгі тарихы туралы жазылған кітап болған, оны Әль-Фараби көзінің қарашығындай сақтап келген. Аңыз бойынша бұл кітаптың авторы - ұрпақтан-ұрпаққа ауызша айтылып, жеткізіліп отырған халықтың бірнеше ғасырлық тарихын тірнектеп жинап, бір кітапқа біріктірген белгісіз қария екен.

Ол заман бір аласапыран заман еді, біздің бабаларымыздың айналасындағы жаулар жерімізді жаулап алу үшін үнемі әскери шабуылдар жасап отыратын. Әль-Фараби ежелгі ата-мұрамыздың сақтаушысы ретінде жау қолына түспес үшін кітапты бірнеше бөлікке бөліп, еліміздің түкпір-түкпіріне жасыруға мәжбүр болды. Өйткені бұл кітап қазақ халқының баянды бақыты мен өркендеуін қамтамасыз ететін, келешек ұрпаққа арналған бірегей кітап болып табылатын.

Біздің заманымызда бұл кітаптың бары туралы тарихшылардың арасында қызу пікірталастар туды. Біреулері кітап жоғалған деп санаса, екіншілері мұндай кітап тіпті де болған емес, бұл аңыз, халықтың ойдан шығарған заты деп дауласты. Бірақ-та бұл дау ежелгі Отырар қаласына археологиялық зерттеулер жүргізгенде, жер астынан осы кітаптың бөлшектері табылғанда шешілді. Кітап толығымен қалпына келтірілді,тек оның соңғы үш беті жетіспеді. Дәл осы беттерде болашақ ұрпаққа арналған үндеу-бата бар еді. Барлық телеарналар мен радиодан осы жетіспейтін үш бетті іздеп табуға көмектесуге шақырған хабар таратылды. Кітапты Астана қаласындағы Ұлттық академиялық кітапханаға орналастырды.

Астана қаласында Дина есімді қыз тұрады. Ол анасымен, әкесімен, інісімен және әжесімен бірге тұрады. Дина - ақылды, ашық және ширақ қыз. Ол өзінің отбасын жақсы көреді, Астана қаласын, өзінің елін сүйеді. Дина әрқашан жақын адамдарының қал-жағдайын біліп тұрады, кез-келген әңгімеге белсенді араласып, жаңаның бәріне аса қызығушылық танытады. Әсіресе ол әжесімен аса жақын, тіпті достық қарым-қатынаста деуге болады. Олар жиі әңгімелесіп, соңғы жаңалықтарды бірге талдайды, бірге серуендейді және де кішігірім құпияларымен бөліседі.Бірде әжесімен республикалық Хабар телеарнасынан жаңалықтарды көріп отырып,ежелгі кітап туралы таңқаларлық хабарды естіді. Бұл әжесі мен немересін қызықтырды. Динаны өз елінің тарихындағы ерекше оқиға ретінде қызықтырса, әжесін, кейінірек белгілі болғандай ол өзі осы оқиғаға қатысты болғандықтан қызықтырды.

Жас кезінде әжесі де Дина сияқты бір орында отырмайтын ширақ,елгезек еді. Әке-шешесі өмірден ерте озып, қыздарына ежелден келген мұра –картаны қалдырыпты. Ата-анасы оған бұл картаны көздің қарашығындай сақтауды қатты тапсырыпты, өйткені олар да кезінде оны арғы аталарынан алған екен.Бұл карта бірнеше ғасыр бойы ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырған. Картада көрсетілген жерлерде не зат жасырылғаны ешкімге де беймәлім еді. Ерте ме кеш пе картада көрсетілген жерлерде жасырылған затпен толықтыруға болатын нәрсе табылатындығы айтылған. Сондай-ақ бұл затты тапқан адам қазақ халқының бағы үшін ерлік жасайтындығы мәлімделген.

Осылайша, теледидардан естіген хабардан әжеге оның ата-анасынан қалған мұра туралы барлығы да айқын болды. Ол сол бетте Динаға карта туралы айтып берді, бұл оқиға кішкентай қызды қатты таң қалдырды. Екеуіне де картада ежелгі кітаптың соңғы беттері сақталғаны мәлім болды. Дина әжесіне осы беттерді бірге іздеуді ұсынды. Алайда әже өзінің қартайғандығын айтып, Динаға бұл беттерді өзіне табуды ұсынды.

Дина беттерді белсенді түрде іздеуге кірісті. Бірінші бетті табу үшін ол Президенттің мәдени орталығына барды, онда Алтын адаммен кездесу үшін баяғы заманға сапар шекті. Дина Алтын адамға көмектесті, ал Алтын адам Динаға кітаптың бірінші бетін табуға көмектесті. Кітаптың екінші бетін табу үшін Дина Бәйтерекке көтерілді, аты аңызға айналған Самұрық құстың ұясында болды, құс оған екінші бетті қалай табуға болатындығын айтып берді. Үшінші бетті табу үшін Дина бейбітшілік пен келісім Пирамидасына барады, және тапты да. Барлық үш бетті тапқан соң Дина оны Ұлттық академиялық кітапханаға апарып, кітапты біріктіргенде, бағзы заманнан Әль-Фараби шығып, қазақ халқына үндеу-батасын жасайды. Осымен оқиға аяқталады.
 

Категория: Софт | Добавил: admin | Теги: қазақ ойын Динаның хикаясы, қазақ ойын жүктеу, Динаның хикаясы жүктеу, қазақша ойын, Динаның хикаясы ауқыт кітабы
Просмотров: 1904 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 3.7/3
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar