Главная » Файлы » РЕФЕРАТ » Софт [ Добавить материал ]

KazKey v8.1 қазақ тілінің драйвері
07.03.2013, 18:43

KazKey v8.1 қазақ тілінің драйвері



Жалпы ақпарат

KazKey v8.1 қазақ тілінің драйвері WinTranslate бағдарламалық пакетіне енеді. Берілген драйвердің нұсқасы ең соңғы болып табылады және Windows 7 + SP1 жұмыс істейді. Төменде драйвердің сипаттамаларымен және кейбір функционалдық мүмкіншіліктерімен танысуды ұсынамыз.

Қазіргі мәселелерге шолу

Компьютердің жұмыс істеу кезінде қазақ тілін қолданудағы көптеген қиын жағдайлар белгілі, және іс жүргізудегі қазақ тілінің жаппай және тиімді қолданылуы әрбір жеке мәселені шешу барысына тәуелді. Сіздердің осы мәселелерді және оларды жою әдістерін тереңірек түсінулеріңіз үшін кейбір мәселелерді жекелей қарастырамыз, қажетті жағдайда олардың байланысын көрсетеміз.

Стандарттар. Символдардың кодтық кестесі.

Әртүрлі кодировкалы драйверлердің алуан түрлілігі қазақстандық мекемелер мен ұйымдардың толық түрде ақпарат алмаса алмауына әкелді. Мұндай жағдай қазақ әліпбиінің символдарының кодтауының бірегей стандарты болмауы әкелді. Қабылданған үлгі СТ РК 1048-2002 - 8-биттік қазақ әліпбиінің кодтық кестесі бұл мәселені шешуге мүмкіндік береді.

Драйвердің негізгі сипаттамалары.

KazKey драйвері келесі сипаттамаларға және мүмкіншіліктеріне ие:

  • ОЕМ кодталуы СТ РК 920-91 мемлекеттік стандартқа сәйкес келеді;
  • 8-биттік Windows кодталуында драйвер СТ РК 1048-2002 стандартқа сәйкес келеді;
  • 16-биттік кодталуда драйвер UNICODE халықаралық консорциум қабылданған стандартқа сәйкес келеді;
  • Қазақ символдарының Windows операциондық жүйенің кез келген бөлігінде қолдану мүмкіндігі. Қазақ әліпбиінің символдарының функционалдығы орыс тілі әліпбиінің символдарының функционалдығымен сәйкес келеді, яғни қазақ тілі орыс тілі жұмыс істейтін жерде жұмыс істейді;
  • Қазақ символдарының қосымшаларда қолдану мүмкіндігі (мысалы, MS Office, Photoshop, Corel, PageMaker, Delphi, Microsoft C++ және т.б..). KazKey драйверінің болуының арқасында Windows опрециялық жүйенің ядросы дұрыс теңеседі және қазақтілінің символдарын өңдейді;
  • Windows операциондық жүйенің орнатылған нұсқасына қарамастан жергілікті компьютерде, сонымен қатар компьютерлік желіде файлдар, бумалар, белгішелердің қазақ тіліндегі қолданысы;
  • Қолдану жеріне қарамастан клавишінің қолданысы;
  • Жұмыстың тұрақтылығы;
  • Қазақ тілінің мысалы, Far, Norton Commander, Turbo Pascal, MS DOS сеансында және т.б. (Windows NT4/2000/XP/ 2003/Vista/7) сияқты қосымшаларындағы қолданысы. Far жұмыс істеуге үйренген қолданушылар қазақ атауларындағы файлдар мен бумаларды көре, редакциялау, жасай алады;
  • Бағдарламалық жабдықтаманы өңдеушілер қазақ тілінің интерфейсіндегі қосымшаларды жасай алады(кез-келген аспаптық ортада), Turbo Pascal, Delphi және тағы өңдеудің басқа аспаптық ортада түсініктемелер жаза алады;
  • Электрондық почта ақылы хаттардың қабылдау мен жіберу мүмкіншіліктері. Егер бұрында қазақ тіліндегі тексттерлі тек салымдар түрінде жібере алған болса, қазіргі кезде қолданушы оларды хат түрінде жібере алады;
  • Ауыстыру буферінің толық қолданылуы. Берілген ауыстыру буфері қазақ тіліндегі ақпаратпен жұмыс істеу кезінде басқа драйверлермен салыстырғанда жоғалмайды;
  • Windows қажетімен драйвер берілгендерді UNICODE-тан ANSI-ге, UNICODE-тан OEM-ге, ANSI-дан OEM-ге конвертацияны дұрыс жүзеге асады;
  • Интернет-технологияның қолданысы;
  • Жүйеде KazKey драйверінің болуы қазақ тілі үшін тексттерді сканирлеу және тану үшін қолдануға болады. Мысалы, ABBYY компанияның FindReader бағдарламасы KazKey драйверінің қатысында қазақ тіліндегі тексттерді дұрыс тани алады;
  • 1С:Бухгалтерия барлық нұсқаларындағы қазақ тілінің қолданысы(есеп, сұрыптау және т.б.);
  • KazKey драйвері арнайы шешулермен бірге Interbase, Microsoft SQL, MySQL, FireBird, Oracle –де қазақтілінің қолданысын қамтамсыз етеді.
Категория: Софт | Добавил: admin | Теги: қазақ тілі драйверы, қазақ тіліне арғалған драйвер, қазақ тілі драйвер
Просмотров: 1963 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar