Главная » Файлы » РЕФЕРАТ » Барлық реферат [ Добавить материал ]

Жаинизм ұсынған 4 ақиқат РЕФЕРАТ
06.02.2014, 22:14

Будцизм ілімі бойынша, өмір — қасірет. Адам қандай әлеуметтік сатыда тұрса да аурудан, кәріліктен, өлімнен кұтыла алмайды. Оған кұдайға шалған құрбандық та көмектесе алмайды. Қасіреттен кұтылудың бірден-бір жолы — сансардан толық азат болу. Ол үшін адам төрт түрлі ақиқатты білуі қажет:

1. Өмір — қасірет. Өмірге келу, кәрілік, ауру, өлім, жақсы көрген нәрсеңнен айырылу, кажетіңе жете алмау, т.б. осылар-дың бәрі — қасірет.

2. Касіреттің пайда болу себептері туралы ақиқатты білу Ол—өмірге, ләззатқа деген құштарлық.

3. Құштарлықтан құтылу арқылы оны жеңу.

4. Құштарлықтан құтылу жолдарын білу.

Құштарлықтан құтылу оңай емес. ол үшін сегіз қағиданы бұлжытпай орындау керек, Олар:

1. Дұрыс жол — төрт ақиқатты дүрыс түсіну.

2.Дұрыс шешім—төрт ақиқатқа сәйкес өз өмірін өзгертуге бағытталған ерік-жігер.

3. Дұрыс сөз — өтірік айтпау, біреуді босқа жамандамау, балағат сөз айтпау,

4. Дұрыс іс-әрекет— ешқаңдай тіршілік иесіне жамандық жасамау, ұрлық-қарлықтан қашық болу.

5. Дұрыс тұрмыс қалпы — адал еңбек етуді әдетке айналдыру.

6. Дұрыс күш жұмсау — қүмарлықпен, жаман оймен күресу

7. Дұрыс ой бағыты— дүниенің жалған, уақытша екенін түсіну.

8.Дұрыс жинақтала білу — өз денеңді сезінуден, ойлаудан, түйсінуден арылу.

Дұрыс жинақтала білудің өзі төрт сатыдан тұрады.

1.Ойды төрт акиқатты түсініп, пайымдауға бағыштау.

2.Осы төрт ақиқатка сену. Ол біздің жанымыздың тыныштықта және куаныш та болуына мүмкіндік береді.

3. Куаныш — қайғыдан, өзденеңді сезінуден арылу.

4. Толық сабырлылық және талғаусыздык жағдайға жету.

Соңғы сатыны Будда "нирвана" деп атайды (адамның тірі кезінде жанды сансардан толығымен азат етуі). Нирвананың мокшадан айырмашылығы, мокша жанды қасіреттен о дүниеде азат етсе, нирвана — бұл дүниеде азат етеді. Нирвана жағдайына жеткен адам архат (қадірлі, құрметті, сыйлы адам) деп аталады. Нирвана — ең жоғарғы ләззат. Кейін келе, нирвана ұғымы адамның бойынан бүкіл әлемдік көрініске ауысады. Әлемдегі нирвана мәңгі, оны ешкім дүниеге әкелмейді және пайда болуының себебі жоқ. Әлемдік нирвананы сезім мүшелері арқылы қабылдау мүмкін емес, оны тек қана дұрыс жолмен жүрген,ақыл-ойы күнделікті қызықтан алшақ адам танып - біле алады. Б.д.д. III ғасырда буддизм Иңдияның ресми идеологиясы болды. Кейінірек келе, ол дінге айналып, екі ағымға бөлініп кетті. Хинаяна — "кіші шеңбер" деп аталатын ағым бастапқы буддизмге жақынырақ болса, макаяна—"үлкен шеңбер" деп аталатын ағым "бодхисаттваны" пір тұтып, одан алшақтап кетті. "Бодхисатхва толық білімге жетуге талпыньп жүрген адам.. Ол алғашқы буддизмдегі білгір адамнан гөрі, дін уағыздаушы адамға көбірек ұқсайды. Өзінің ерлігімен, батырлығымен ол тек өзін ғана құтқармайды, өз күшімен нирванаға жете алмайтындардың бәрін құтқаруға көмектеседі. Сөйтіп, нирвана өзінің бұрынғы мағынасынан айырылып, "жұмақ" деген ұғымға пара-пар болып шыға келеді. Буддизмге сүйенушілер Үндістанның өзінен гөрі одан тыс мемлекеттерде көп кездеседі (Қытай,Жапония, Бирма, Цейлон, т.б.). Ал Үндістанның өзінде буддизмнің орнын брахманизм басып, буддизмдегі Будда Вишну құдайдың бір көрінісі болып қалады. Локаята (Чарвака). (Лока — "аймақ, ел, кеңістік, әлем, жер, өмір", Ал көптік түрде — "адамдар", "халық, адамзат" деген мағыналар берген). Локаяттар веда ілімдерін жокқа шығарады. Осы тұрғыдан веда дінін, оның беделді ғұламаларын, ілімдерін сынға алады. (Мысалы, веда дінбасыларын халыкты алдап, соның арка-сында байып жүр, дене өлгеннен кейін жан да өмір сүрмейді). Олардың пікірінше, әлемдегі барлық денелер, заттар махабхут деп аталатын 4 түпнегізден тұрады. Олар: ауа (ваю), от (агаи), су (ап) және жер (кшита). Махабхуттар белсенді және әрекетшіл келеді. Олар өздеріне тән күштің, белсенділіктің аркасында өзара байланысқа түсіп, бірігіп, ыңғайы келгенде, бұрын жеке алғанда өздерінде жоқ касиет-сананы дүниеге әкеледі. Ал жанды дене-лер өлгенде, олар қайтадан өздерін өмірге әкелген махабхуттарға бөлшектенеді, ал бөлшектенген махабхуттармен бірге сана да жойылады. Локаяттар өмірдің мәні бақытта, ал бақыттың өзі — ләззат деп түсінген. Ләззат пен қасірет байланысты, бірақ' қасірет буддизмдегі сияқты өмірдің мәні емес,сондықтан оны азайтуға, жеңіддетуге болады, ол өз қолымызда. Кейінірек келе, локаяттар сушикшит (нәзік) және дхурта (тұрпайы, дөрекі) деп аталатын екі салаға бөлінеді.

Категория: Барлық реферат | Добавил: admin
Просмотров: 565 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar