Главная » Файлы » РЕФЕРАТ » Барлық реферат [ Добавить материал ]

Зенон, Демокрит, Софистер философиясы РЕФЕРАТ
06.02.2014, 22:55

Зенон (б.д.д. 490-430 ж.ж.)-Элей мектебінің өкілі. философияға тұңғыш рет диалог формасының қолданылуын енгізді. Ол қозғалыстың диалектикалық табиғаты туралы мәселелерді теріс формада қолданды. Зенон үшін болмсыста қайшылық жоқ, сондықтан қайшылықты болмыс-жалған (елес) болмыс. «Ахилл және тасбақа», «Жебе» т.б. апорияларымен белгілі. Апория (гр. aporia-шарасыздық)-ежелгі грек философиясында шешілуі қиын мәселені білдіретін ұғым. Апория заттың өзінде немесе ол туралы ұғымдағы қарама-қайшылықтың негізінде пайда болады. Зенонның қозғалыстың мүмкін еместігі туралы пайымдауларын апория деп атайды. Зенон апорияларының мәні мынадай: белгілі қашықтықтан өту үшін оның жартысын жүріп өту керек; жартысын жүріп өту үшін осы жартының жартысын жүріп өту керек, сөйтіп осылай кете береді. Бұдан шығатын қорытынды: қозғалыстың басталуы мүмкін емес.

Демокрит (б.д.д. 460-370 ж.ж.)-ежелгі грек материалист-философы, Левкипптің шәкірті, гректердің тұңғыш энциклопедист ойшылы. Демокрит-атомдық көзқарастың негізін салушылардың бірі. Ол дүниенің бастамасы ретінде екі негізді-атом мен бос кеңістікті алға қояды.

Атомдар бос кеңістікте бір жерден екінші жерге ауысып, үздіксіз қозғалып отырады. Осы қозғалыс процесінде олар бір-бірімен қосылып, тұтас материяны құрайды: отты, суды, жерді тудырады. Атомдар-болмыс, ал бос кеңістік-болмыс емес.

Демокрит танымның материалистік теориясын дамыта келіп, адамның санасы-обьективті түрде атомдардың сезім мүшелеріне жасайтын әсерінің нәтижесі деп есептеді. Дүниені танып-білудің екі түрін көрсетеді:

1. Сезім арқылы танып-білу,

2. Ақылмен танып-білу.

Демокрит біздің сезім мүшелеріміз-көру, есту, иіс сезу, дәм білу, тән сезімдеріміз-заттар мен қозғалыстардың бәрін бірдей қабылдай алмайды, дүниеде шексіз ұсақ нәрселер бар, адам оларды ақыл-ойы арқылы ғана тани алады.

Демокриттің атомдық теориясы көптеген ғасырлар бойы ғылымға жол көрсеткен ілім болды. Оның материялық атомдардың обьективті өмір сүретіндігі туралы жалпы философиялық көзқарасы ғылым мен филосогфияның тарихында орасан зор маңызға ие. Демокриттің көзқарастарын Эпикур мен Лукреций Кар әрі қарай датытты.

Софистер (гр. sophists-өнерпаз, дана)-«даналықтың,» «шешендіктің» кәсіби ұстаздары ретінде саналған ежелгі грек философтарын осылай атаған. Олардың халықты риторикаға, философияға үйретудегі атқарған еңбектері зор. Діннен бас тарту, табиғат құбылыстарын ұтымды түсіндіру, этикалық және әлеуметтік релятивизм-олардың ортақ көзқарасы болып табылады. Софистер екі топқа бөлінді: «Аға софистер»-табиғатты материалистік тұрғыда түсіндірді. Бұл топтың өкілдері-Протагор, Гиппий, Продик, Антифондар-алғашқы ағартушылар. Екінші тобы- «Кіші софистер» (ақсүйектер тобы)-Гипподам, Критий-философиялық идеализмге ден қойғандар. Софистер дау–дау кезіндегі кейіпке байланысты пайда болған «Софистика» деген әдісті қолданды. Софистика – дауласу немесе дәлелдеу кезінде қисынсыз пікірлерді, софизмдерді, яғни сырттай ғана дұрыс болып көрінетін айлаларды саналы түрде қолдану. Сондықтанда Аристотель оларды «жалған даналық» ұстаздары деп атады.


Категория: Барлық реферат | Добавил: admin
Просмотров: 1024 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar