Главная » Файлы » РЕФЕРАТ » Барлық реферат [ Добавить материал ]

ТӘУЕКЕЛ ХАН
06.03.2013, 18:51

Ақназар (Хақназар) ханның мұрагері әрі ізбасарларының бірі. Ол Бұхар мен Моғолстан бұғауынан босау жолында үздіксіз соғыс жүргізді. Бұхар әскерін талқандаған соң, Ташкент пен Самарқанды басып алды.

Тәуекел хан Ресеймен одақтық бәтуаға келу жолында көп еңбек сіңірді. Ресейдің бұл келісімге келгендегі мақсаты: Көшім ханға біріккен күшпен соққы беру; Орта Азиямен келіссөздер жүргізу үшін одақтық байланысты пайдалану; Бұхар хандығына қарсы Тәуекел ханмен, Иран шахы Аббаспен одақтық келісімге келу.

1594 жылдың қаңтар айында патша үкіметі Тәуекел ханға көмек беруге бел байлады. Тәуекел хан ұлы Құсайынды Мәскеуге аманат ретінде жіберуге келісім берді. Патша үкіметі жауапты шешім ретінде Тәуекел ханның немере інісі Ораз-Мұхаммедті қайтармақшы болады. 1595 жылдың мамыр, маусымында Тәуекел хан қонақжайлылық салты бойынша В. Степанов бастаған орыс елшілерін қабылдады.

1598 жылы Бұхар үшін болған шайқаста Тәуекел хан қаза болды.

Категория: Барлық реферат | Добавил: admin | Теги: Тәуекел хан өмірбаяны, Тәуекел хан мәлімет, Тәуекел хан, Тәуекел хан туралы реферат, Тәуекел хан реферат
Просмотров: 2653 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar