Главная » Файлы » РЕФЕРАТ » Барлық реферат [ Добавить материал ]

Өскенбай Аяпұлы Аяпов
16.10.2014, 23:47

Өскенбай Аяпұлы Аяпов (15.9.1929, Жамбыл облысыСарысу ауданыЖайылма ауылы — 17.1.1983, Алматы) — ғалым, техника ғылымдарының докторы (1973), профессор (1973), Қазақстан ҒА-ның корреспондент мүшесі (1979).

Қазақ Химия-технология институтын бітірген (1951). 1951 — 1959 ж. Қазақстан ҒА-ның Отқа төзімді және құрылыс материалдары ин-тында аспирант, кіші ғылыми қызметкер, 1959 — 75 ж. Алматы Құрылыс материалдары ғылыми-зерттеу және жобалау институтында аға ғылыми қызметкер, ғалым хатшы, лаборатория меңгерушісі, 1975 — 1983 ж. Металлургия және кен байыту институтында лаборатория меңгерушісі, директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары болды. 976 — 1979 ж. Құрылыс материалдары өнеркәсібі мин-лігі қарамағындағы кәсіпорындардың өнім сапасын бағалау жөніндегі мемл. комиссияны басқарды. Негізгі ғыл. жұмыстары тұтқыр материалдардың қатайғанда гидраттануын және құрылым түзілуін зерттеуге арналған. Аяпов домна және фосфор қоқыстарын пайдалану тәсілдерін тауып, құрылыста тездеткіш қосымшалар қолданудың өлшемдерін жасады; гипс кристалдануының және сілтілер байланысының құрылыс материалдары құрылымы мен қасиетіне тигізетін әсерін анықтады. 30 авторлық куәлік алған. Аяповжәне оның басқаруымен жүргізілген ғыл. жұмыстардың нәтижелері республикамыздағы құрылыс материалдары өндірісі мекемелеріне кеңінен ендірілді.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі, Дереккөздер

1.Қазақ энциклопедиясы

Категория: Барлық реферат | Добавил: admin | Теги: Аяпұлы, тұоға, Өскенбай Аяпұлы Аяпов, аяпов, Өскенбай
Просмотров: 2190 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar