Главная » Файлы » РЕФЕРАТ » Барлық реферат [ Добавить материал ]

Сіз білесіз бе?
10.05.2014, 15:53

1. Адам күніне орта есеппен 13 рет күлетін көрінеді.

2. Әтеш алдымен мойнын созбай шақыра алмайды екен.

3. Егер тіліңіздің түсі күлгін болса, ол «таза» деген сөз, ағарып тұрса, бактерия қабаты түзілгендігінің белгісі.

4. Қыздарға құлаққағыс - пияз турау барысында көз ашымас үшін сағыз шайнаған жөн екен.

5. Ең алғаш «SOS» дабылы әйгілі «Титаник» кемесінде қолданылыпты.

6. Жағымды затты көргенде адамның қарашығы 45 пайызға дейін ұлғаяды екен.

7. Бал асқазанда неге тез қорытылады? Өйткені оны аралар қорытып үлгерген.

8. Адам түшкірген сайын мидағы жасушалардың бөлігі азая түседі.

9. Әйгілі Харлей Девидсон мотоциклі 1903 жылы құрастырылып, оның карбюраторы томат банкісінен жасалыныпты.

10. Адамның сол жақ өкпесі оң жақтағымен салыстырғанда кішірек келеді. Соның арқасында жүрекке орын тиеді екен.

11. Атышулы «Титаник» кемесін құрастыруға 7 миллион АҚШ доллары кеткен екен. Ал ол туралы фильмді түсіруге 200 миллион АҚШ доллары жұмсалыпты.

12. Адамның тырнағы мен шашы өлгеннен кейін де өседі екен.

13. Тек екі жануар ғана мойын бұрмай-ақ артындағыны көре алады, олар - қоян мен тотықұс.

14. Ой еңбегімен көп шұғылданатын адамдардың шашында мырыш пен жездің құрамы көбірек болады екен.

15. Футболшы бір ойында шамамен 11 шақырым жүгіреді.

16. Ал ұзын кенгуру бір секіргенде он метрді артқа тастайтын көрінеді.

17. Қазіргі кезде өзіміз қолданып жүрген қаламсап 1945 жылдан бастап саудаға түсіпті. Сол кезде оның құны - 12 АҚШ долларына тең келіпті.

18. Жақсы қаламсаппен 50 мың сөзге дейін жазуға болады екен.

19. Америкалық Джон Уинтроп 1630 жылдың 25 маусымында, түскі астың кезінде тұңғыш рет шанышқыны пайдаланыпты.

20. Ең алғашқы граммофон пластинкасына Лайош Кошутаның дауысы жазылыпты. Бұл оқиға 1890 жылы тіркелген.

21. Напалеонның шәй кеселерінің бірі атақты италиялық содыр Калиостроның бас сүйегінен жасалыныпты.

22. «Роллс-Ройс» көлігінің бамперіндегі мүсіншенің құны 5000 АҚШ долларына тең екен.

23. Британияның империялық тәжінде тура 1783 жақұт бар екен, ал оның ішіндегі ең әйгілісі - «Африка Жұлдызының» салмағы 309 каратты құрайды.

24. Джон Кеннедидің тербеліп тұратын креслосы аукцион арқылы 442 мың АҚШ долларына сатылыпты.

25. Ежелгі Қытайда балалары ата-анасының туған күніне табыт сыйлаған екен. Бұл ең күшті сыйлық саналыпты.

26. Ал Персияда жас жұбайлардың тойына міндетті түрде шахмат сыйлау дәстүрі болған екен.

27. Қытайдың кейбір жазу машинкаларында 5700 белгі бар. Оның клавиатурасының ені бір метрге жуықтайды, сол себепті ең шебер деген қаріп терушінің өзі минутына ары кетсе, 11 сөз ғана жаза алады екен.

28. 1 долларлық купюрадан тұратын 1 миллион доллардың салмағы шамамен 1 тоннаға тең. Ал оны бір-бірінің үстіне жинаса, биіктігі 100 метрге жуықтайды.

29. Бір текшеметр ағаштан жарты миллион тіс шұқығыш жасауға болады.

30. Хамелеонның тілі денесінен екі есеге ұзын.

31. Қолтырауындар судың түбіне тереңірек бойлау үшін тас жұтып алады екен.

32.Коала аюы тәулігіне 18-22 сағат ұйықтайды және тамаша жүзе біледі екен.

33. Бактериялардың бір пайызы ғана ауру әкеледі.

34. Ал ақ киттің жүрегінің үлкендігі жеңіл көлікпен бірдей.

25. Елікті аңшыларға қарағанда, көлік жүргізушілері көп өлтіреді екен.

26. Африка пілі әлі күнге дейін қолға үйретілмей келеді. Тек Үндістандағы пілдер ғана адамның ырқына бағынған.

27. Егеуқұйрық бес қабатты үйдің төбесінен құласа да аман қалады екен.

28. Түйеге қарағанда, керік шөлге шыдамды келеді.

29. Кірпінің жүрегі сағатына 300 рет соғады.

30. Көртышқан бір түннің ішінде 100 метрлік жерді қаза алады.

31. Акула - бір мезгілде екі көзін бірдей жұма алатын жалғыз балық. Ол сондай-ақ судың 100 миллион бөлігіндегі қанның иісін сезе біледі екен.

32. Ит онға жуық, мысық жүзден астам дыбыс түрін шығара алады.

33. Дельфиндер бір көзін ашып ұйықтайды.

34. Мұнайдың бір ғана тамшысы 25 литр суды ішуге жарамсыз етеді.

35. Пошта қызметі тегін көрсетілетін әлемдегі жалғыз мемлекет - Андорра.

36. Саусақтың ізі сияқты тілдің ізі де қайталанбайтын бірегей болады екен.

37. Ертедегі қытай ойшылдарының пікірінше, ұйықтаған кезде әулиелер арқасымен, күнәһарлар - ішімен, патшалар - оң жағымен, данышпандар - сол жағымен жатқан.

38. Бір жылда 31 557 600 секунд бар екен.

39. 100 жасқа дейін жеткен әр бес адамның төртеуі әйелдер.

40. Әр секунд сайын жердің бетінде 200-ден астам найзағай жарқылдайды.

41. Бір ғана Мәскеуде 100 мыңнан астам Ивановтар әулеті бар.

42. Ақысы төленетін ең ұзақ еңбек демалысы Финляндияда тіркелген. Осы елдің еңбеккерлері 9 апта бойы демалады. Одан соңғы орында немістер (8 апта), австриялықтар, испандар, португалдардың еңбек демалысы 36 күнге созылады.

43. Гонконг тұрғындарының 64 пайызы дінге еш қызықпайды екен. Ал Чехия халқының 55 пайызы, оңтүстіккореялықтардың 46 пайызы атеистер көрінеді. Дінге құлай берілу жөнінен Батыс Африка тұрғындарына тең келер ешкім жоқ. Олардың 99 пайызы дінге сенеді екен.

44. БҰҰ келтірген деректерге сенсек, жер бетінде күн сайын 250 сәби өмір есігін ашады. Яғни әр секунд сайын үш баладан дүниеге келеді.

45. Әлем бойынша, күніне 4,5 миллиард тонна бензин жағылады.

46. Қытайдағы 90 миллион адамның тегі Ли екен.

47. Грекия әнұранының 158 нұсқасы бар, осы елдің бірде-бір тұрғыны оның барлығын бірдей білмейді.

48. Грекияда дүйсенбі күні аң аулауға тыйым салынған.

49. Португалияда күн райы қолайсыз болса, жұмысқа шықпай-ақ қоюға рұқсат.

50. Швецияда ит асыраушылар өз серігінің бойының ұзын-қысқалығына қарай салық төлейді.

51. Вашингтонның мэрі - АҚШ президенті.

52. 1603 жылы Жапонияда император бұйрығымен жүзу міндетті оқу пәні болып белгіленді.

53. Науру - ресми астанасы жоқ әлемдегі жалғыз мемлекет.

54. Ресей мемлекетінің ең бірінші астанасы - Ладога.

55. 1979 жылдың 18 ақпанында Африкадағы Сахара шөлінде қар жауыпты.

56. Куба - Кариб аралдары елдерінің ішіндегі темір жолы бар жалғыз ел.

57. Егер Жер өз осінен кері айналған болса, онда жылдың тәулігі екі есеге азаяр еді.

58. Сағатына 60 мильдік жылдамдықпен жүретін автокөлікке бізге ең жақын орналасқан планеталардың біріне жету үшін 48 миллион жыл қажет екен.

59. Соңғы 500 жылда ғарыштық заттардың қалдықтары себебінен Жердің салмағы миллиард тоннаға ауырлаған.

Категория: Барлық реферат | Добавил: QaraBala | Теги: қызықты әңгімелер, қызықты мағлұмат, сіз білесіз бе?қызықты ақпарат, логикалық есептер, есептер шығару, қызықты суреттер, қызықты фотолар, қызықты әлем
Просмотров: 2490 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar