Главная » Файлы » РЕФЕРАТ » Барлық реферат [ Добавить материал ]

Салыстырмалы құқықтанудың ғылым ретінде қалыптасуының онтологиялық және гнесологиялық факторлары
02.02.2014, 13:51
Салыстырмалы құқықтанудың ғылым ретінде қалыптасуының
онтологиялық және гнесологиялық факторлары.
  
«Онтология» - иделалистік философияда болмыс туралы метафизикалық ілім.
«Гносеология» - ғылыми дүние тануды тексеретін философияның бір тарауы.
Салыстырмалы құқықтанудың қалыптасуы мен дамуына екі түрлі фактор әсер етеді. Олар: онтологиялық және гносеологиялық.
Онтологиялық фактор қоғамда объективті түрде қалыптасқан қоғамның экономикалық, саяси, идеологиялық мүдделерімен байланысады.
Гносеологиялық факторлардың қалыптасуына тәжірибелі мамандар мен ғалымдардың ғылыми және кәсіби мүдделері әсер етеді. Оның негізінде тәжірибелі мамандардың әлемді қайтадан құруға деген, ал ғалымдардың әлемді танып білуге деген ұмтылысы жатады.
Қоғамның жабық тоталитарлық түрінен ашық демократиялық түріне өткенде мемлекеттік және құқықтық құбылыстарды көптеген өзгерістерге, қоғамдағы процесстер құқықтық реформацияға ұшырайды. Бұл жағдайлардың бәрі, әрине құқық пен мемлекетті танып білудің ғылыми шектерін кеңейте түседі.
Салыстырмалы құқықтану заңгерлер мен мамандардың құқықтың әлеуметтік реттеуші ретіндегі құндылығын ұғып біліуі негізінде:
1. құнды, қайшылықсыз заңшығарушылық;
2. жоғары-кәсіби заң тәрбиесін;
3. жоғары құқықтық мәдениет құруына кең мүмкіндіктер тұғызады.
Салыстырмалы құқықтанудың құрылымы 2 бөлімнен тұрады: жалпы және ерекше.
Жалпы бөлімі салыстырмалы құқытанудың тарихи мәселелерін, теориясын, пәнін және әдістемесін, өзекті ғылыми мәселелерді және салыстырмалы құқықтану зерттеулерінің негізгі бағыттарын көрсетеді.
Салыстырмалы құқықтанудың ерекше бөлімі құқықтық құбылыстарды, яғни жеке нормаларды салыстырмалы анализдеуден бастап құқықтық жүйелерді зерттеуге дейінгі саяси-құқықтық зерттеулерді қарастырады.

Категория: Барлық реферат | Добавил: adilbek | Теги: Салыстырмалы құқықтанудың ғылым рет
Просмотров: 872 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar