Главная » Файлы » РЕФЕРАТ » Барлық реферат [ Добавить материал ]

Салыстырмалы құқықтанудың әдістемесі
02.02.2014, 13:52

Салыстырмалы құқықтанудың әдістемесі    

 

Салыстырмалы құқықтанудың әдістемелерін:

1. әдістер туралы ғылым,

2. әдістер жүйесі ретінде қарастыруға болады.

Салыстырмалы құқықтанудың әдістемесі  ғылымға белгілі келесі әдістерге негізделеді:

1. жалпы – жеке ғылыми

2. орта ғылыми - жеке құқықтық

3. логикалық.

Салыстырмалы құқықтың негізін салушы Аристотель. Ол грек және варвар қалаларының 158 Конституциясын салыстырған.

Салыстырмалы құқықтың әдістері синхронды және диахронды болып келеді. «Синхронизировать» - үйлестіру, «Синхронизм»-- - екі немесе бірнеше құбылыстардың, процесстердің уақыт жағынан дәл, сәйкес болып шығуы.

Яғни, синхронды әдіс бір замандағы екі немесе бірнеше құқықтық жүйелердің ұқсас институттарын салыстыру арқылы бүгінгіге және болашаққа түсінік береді.

Диахрония – белгілі бір уақытта өзгеру, даму эволюциясы. Диахронды әдіс белгілі бір объектіні бұрынғы заманда орын алған ұқсас объектілермен байланыстыра отырып, оған түсініктеме береді.

Салыстырмалы құқықтанудың әдістері келесі кезеңдерден өтеді:

1. салыстырылатын объектілерді жеке-жеке оқып білу;

2. анықталған белгі нышандарын ұқсастық және айырмашылық жағынан салыстыру;

3. нәтижесін бағалау.

Салыстырмалы құқықтанудың әдістемелігі мәселесі. Әдіс - өткенді, осы кезді және болашақты, теориялар мен идеяларды танудың қандай да бір бастапқы принциптеріне негізделген, ғылыми болжамдарды тұжырымдайтын, осының бәрін жеке әдістемеліктер көмегімен оның дәлелдігін тексеретін тәсіл.

Салыстырмалы құқықтанудағы  басты әдіс – салыстырмалы әдіс болып табылады. Ол ерекшелік пен жалпыламалықты салыстырып көру және ашып көрсету, ғылыми ұғымдарды топтау үшін қажет.

Құқықтық және мемлекеттік институттарды салыстыра зерттегенде салыстырудың:

1. ұқсастықты растайтын салыстыру;

2. теріске шығарушы салыстыру;

3. қарсы салыстыру тәсілдері қолданылады.

Салыстырмалы құқықтануда тарихи әдіс те кеңінен қолданылады. Ол мемлекеттіліктің және құқықтың белгілі бір немесе өзге де институттарының даму бағытын ашып көрсетуге және белгілі бір мөлшерде оларға болжам жасауға мүмкіндік береді.

Салыстырмалы құқықтануда қолданылған тағы басқа да әдістер:

1. статистикалық (қай институттың тиімді екенін көрсетуге мүмкіндік туғызады);

2. логикалық (талдау жасағанда қолданылады);

3. формальдық (анықтама бергенде);

4. әлеуметтік сараптау (іс жүзінде тексеру, ойша);

5. талдау, синтездеу, болжау т.б.

 

Категория: Барлық реферат | Добавил: adilbek | Теги: Салыстырмалы құқықтанудың әдістемес
Просмотров: 1470 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar