Главная » Файлы » РЕФЕРАТ » Барлық реферат [ Добавить материал ]

Сөздің морфологиялық құрамы мен жасалу жолдары Морфемалар туралы түсінік
02.02.2014, 21:44
Сөздің морфологиялық құрамы мен жасалу жолдары
Морфемалар туралы түсінік
Сөздің лексикалық я грамматикалық мағыналарын білдіретін бөлшектері морфемалар деп аталады. Морфема деп сөздің өзіне тән мағынасы бар ең ұсақ бөлшегін атаймыз.
Сөздің морфологиялық құрамындағы морфемалардың мағыналары мен қызметтері, әрине, бірдей емес. Морфемаларды түбір морфема және қосымша морфема деп екіге бөлуге болады.
Түбір морфема – сөздің әрі қарай бөлшектеуге келмейтін ең түпкі негізі.
Қосымша морфемалар деп түбірге қосылып, оған қосымша мғыналар үстейтін морфемаларды айтамыз.
Біріншіден, түбір морфемалар мен қосымша морфемалар бір-біріне парықсыз емес; олардың қарым-қатынастары белгілі бір заңдарға сүйенеді.
Екіншіден, қай қосымша қосылса да, және қанша қосымша қосылса да, түбір морфема тұлға жағынан өзгермейді, үнемі бір қалыпта сақталып отырады.
Үшіншіден, бір түрлі қосымша қай түбірге және қанша түбірге жалғанса да, олардың әрқайсысына әр түрлі мағына үстемейді, олардың бәріне де жалпы бір түрлі ғана мағына үстейді.
Төртіншіден, бір түбір морфемаға қажетіне қарай бірнеше қосымша морфема жалғана береді. Бірақ ондай жағдайда қосымша морфемалар бірінен соң бірі, қалай болса солай қосыла бермейді, тілдің ішкі заңдылықтарына лайық, белгілі бір жүйе бойынша рет-ретімен тіркеседі.

Категория: Барлық реферат | Добавил: adilbek | Теги: Сөздің морфологиялық құрамы мен жас
Просмотров: 1829 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar