Главная » Файлы » РЕФЕРАТ » Барлық реферат [ Добавить материал ]

Әкімшілдік-әміршілдік экономика реферат
05.02.2014, 23:00
Әкімшілдік-әміршілдік экономика, өндіріс құрал-жабдығына қоғамдық меншікке, орталықтандырылған жоспарлауға және қоғам өмірінің барлық аясын директивалық басқаруға негізделеді. Басты белгісі – іс жүзінде барлық экон. ресурстарға (жерге, жер қойнауына, кәсіпорындарға, қаржыға, т.б.) мемл. меншіктің үстемдігі. Тиісінше халық ш. бірыңғай "фабрика” болып табылады, ал орт. жоспарлаушы органдар кім үшін, қалай өндіру мәселелерін шешеді, яғни нарықтық жүйедегідей сұраныс емес, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің ұсынысы айқындаушы фактор болып табылады. Мұндай шарттар монополия мен бюрократияны сөзсіз тудырады, мұның өзі дамуға деген ынтаны төмендетеді. Алайда Ә.-ә. э-ның оң жақтары да бар. Ол: әлеум. аяның дамуы, білім алуға, мед. қызмет көрсетуге еркін қол жеткізу мүмкіндігінің болуы. Ә.-ә. э. елдеріне бұрынғы соц. елдер, қазіргі КХДР жатады. Ә.-ә. э-ның ұйтқысы – КСРО экономикасы болды. Ол 20 ғ-дың 30-жылдарында қалыптасты. Оның құрылуының алдында Қазан төңкерісінен кейінгі екі кезең бастан кешірілді: соғыс коммунизмі (1917 – 20) және жаңа экономикалық саясат (ЖЭС) (1921 – 28). Соғыс коммунизмі үшін тәркілеу, реквизициялау, азық-түлік салғырты және нарықтық саудаға тыйым салу жүйесі тән болды. ЖЭС кезеңінде КСРО-да 5 тірек болды, олар: соц. тірек (мұнда жерге мемл. меншік, ұлт меншігіне алынған өнеркәсіп орындары мен банкілер, т. ж. және су көлігі қамтылды); ұсақ тауар тірегі (мұнда орташалар деп аталған көптеген ауқатты шаруалар қамтылды, олар "егіншіліктің орталық тұлғасы” деп есептелді); жеке меншіктік-капит. тірек (деревнядағы шаруа-құлақтардың, өнеркәсіптің көлемі бойынша ұсақ және орташа қожалықтарды, жеке меншікті саудагерлерді, жекеше кәсіпкерлерді қамтыды); концессиялар, жалгерлік, үлескерлікпен қатысатын аралас мемл.-жекеше кәсіпорындар нысанындағы мемл. капит. тіректер; патриархтық тірек (өнімді өзіндік және ішкі шаруашылық мақсатта тұтыну үшін өндіретін, сирек жағдайда нарыққа жүгінетін шаруаларды қамтыды). ЖЭС жылдары қатаң азық-түлік салғыртын алмастырған азық-түлік салығы өндірілген өнімнің бір бөлігін нарықта өткізу үшін қалдырды. Көп ұзамай көп тіректі шаруашылық өмір сүруін тоқтатты, нарықтық элементтер толық ығыстырылды. 1929 ж. кеңестік экономика тарихына "ұлы бетбұрыс жылы” ретінде енді. Партия және мемлекет органдары ұжымшарлар құру жолымен ауыл-селоларды "жаппай” ұжымдастыруды қолға алды. Алайда бұл орайда шаруашылықтарының тауарлылығы жоғары құлақтар мен ауқатты шаруалар "тап ретінде жойылды”. Соның салдарынан а. ш-ның құрылымында ұжымшарлар – ұжымдық шаруашылықтар, мемл. сипаттағы кеңшарлар; мемл. меншік болып табылатын МТС-тер – машина-трактор ст-лары (кеңшарлар сияқты олар да шаруашылық есепте болды) басымдық алды. Кеңшарлар өздерінің өнімін мемл. дайындау қорларына өткізуден табыс алды. Дайындау жоспарын орындаған кезде олардың жоспардан тыс өнімді ұжымшар базарында сұраныс пен ұсынысқа қарай қалыптасқан бағамен сатуға құқығы болды. МТС-тер жерді жоспардан тыс өңдеген кезде заттай қосымша ақы алуға құқылы болды, сондай-ақ өнімін базарда еркін бағамен сатты. Осы жылдары жүзеге асырылған елді қарқынды түрде индустрияландыру үдерісі оның экономикасының құрылымын айтарлықтай өзгертті. Біріншіден, бүкіл халық ш. шеңберінде тұтыну заттарын өндірумен салыстырғанда өндіріс құрал-жабдығын өндірудің үлесі артты. Екіншіден, осы бағытта өнеркәсіп шеңберіндегі ара қа-тынас өзгерді. Пайдалануға берілген жаңа өнеркәсіп орындары негізінен мемлекеттік бюджет есебінен салынды және мемлекеттік меншік болды. Сондықтан индустрияландыру үдерісі мемл. меншікті айтарлықтай молайтты, ол социалистік меншік деп аталды. КСРО өнеркәсібінің негізгі қорларында мемлекеттік кәсіпорындардың үлесі 90%-ға жуықтады. Мұның өзі Ә.-ә. э-ның іргетасын қалады. Бұл жүйеде мемл. директивалық жоспарлау маңызды рөл атқарды. Соғыс, қирау, аштық, басқа да бұқаралық қасірет туғызған төтенше жағдайда Ә.-ә. э-ны қолдану толық ақталды, өйткені ол материалдық, қаржылық және адами ресурстарды қоғам үшін өмірлік маңызды міндеттерді тез шешуге жұмылдыруға мүмкіндік береді.
Категория: Барлық реферат | Добавил: admin
Просмотров: 1027 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar