Главная » Файлы » РЕФЕРАТ » Барлық реферат [ Добавить материал ]

ХХ ғасырда этнопсихологияның Ресейде дамуы
02.02.2014, 22:35

ХХ ғасырда этнопсихологияның Ресейде дамуы

 

ХХ ғасырдың басында этнопсихология мәселелеріне тікелей психологиялық ғылым өкілдері келе бастады.

 

Физиолог И.Ч. Сеченев (1829-1905) этнографтардың қолданбалы зерттеу нәтижелерін бақылап отырды. Әлем халықтары психикасын жан-жақты зерттеуге талпынысын қолдап отырды. Сонымен қатар, мұны халықтың рухани даму өкілдері арқылы ғана емес, тұлғаны зерттеудегі арнайы психологиялық әдістемелерді қолдану арқылы да зерттеу керек деді.

 

Психиатр және психолог, Психоневрологиялық институттың ұйымдастырушысы және басқарушысы, «Коллективная рефлексология» жұмысының авторы, «Общая психология» « Внушение в общественной жизни» еңбектерінің авторы В.М. Бехтерев (1857-1927) этнопсихология сұрақтарын назардан тыс қалдырмады.

 

Ол әр-бір ұлтта өз темпераменті, әр-түрлі ұлттық мінез сипаттары, сонымен биологиялық жолмен берілетін және тұрақталатын ақыл-ой ерекшеліктері бар деген қорытындыға келді. Ал, басқа этнопсихологиялық сипаттарға әлеуметтік-мәдени табиғат тән, Бехтерев ойынша, мәдени генезис жолында қалыптасқан қоғамдық дамуға тәуелді.

 

В.Вунд ұлттық психологияның негізгі көзі мифтерді, дәстүрлерін, тілдерін зерттеу десе, Бехтерев адамның ұжымдық және индивидуалды психологиясы мен іс-әрекетін зерттеуді шақырады. Ол сол кезде В.Вундт және Г.Лебон берген, қолданған түсінік аппаратын сынайды «халық жаны», «халық сезімі», «халық рухы» туралы айта отырып, ол субъективизм көрсетті дейді. Бехтеревтің  көзқарасы бойынша, адамдардың ұлттық-психологиялық ерекшеліктерін зерттеу мәселесімен, ерекше ғылым- «Ұжымдық рефлексология» айналысу керек дейді.

 

Бехтерев Ресей бойынша бірінші болып әр-түрлі халықтар үшін символдың мәні мен орнын анықтау сұрағын қарастырды. Оның көзқарасы бойынша, әр-бір этникалық топ өмірі символизмге толы. Ұлттық ерекше символ ретінде заттар мен құбылыстарды қолдануға болады тіл, жест, ту, ел таңба, соғыс батырларын, тарихи тұлғалардың  атақты тарихи жағдайлары. Бұл символдар адам іс-әрекетінің бірлесуін және қызығушылықтарының өзара келісімінің құралы ретінде болып, оларды бір қоғамға біріктіреді.

 

Келесі этнопсихологияның дамуына үлес қосқан Д.Н. Овсянико-Куликовский (1853-1920) жатқызуға болады. А.А. Потебня оқушысы және ізбасары. Оның негізгі еңбегі «Психология национальности» деп аталады (1922). Оның концепциясы бойынша, ұлттық психиканың қалыптасуының негізгі факторлары интеллект және ерік  элементтері, ол эмоция мен сезім элементтері олардың қатарына кірмейді. Ол ойлауды санап, бұл ерекшеліктерді интелектуалды іс-әрекетпен және оның нәтижесінен емес, адамның психикасының санасыз компоненттерінен іздеу керек деді. Бұл кісі барлық ұлттарды екі негізгі типке бөлуге болады деді белсенді және белсенсіз – ол әр этноста ерікті қайсы екі түрі бар «әрекет етуші» немесе «кідіруші ерік пе» соған байланысты. Бұл әр типті нақты бір этностық ерекшеліктерімен бір-бірінен айрықшалайтын түрлерге, типтерге жатқызуға болады. Мысалы, ғалым белсенсіз типтерге орыстар мен немістерді жатқызады, орыстардағы еріктік жалқаулықты көрсетті. Белсенді типтерге ағылшын және француз ұлттық мінездерін жатқызды.

 

Этнопсихологияның дамуына ерекше үлес қосқандардың бірі, филосов Г.Г Шпет (1879-1937) болды. Бұл кісі осы пән бойынша ең бірінші дәріс оқып, 1920 жылы әлемдегі жалғыз этнопсихология кабинетін ұйымдастырды. 1927 жылы «этнопсихологияға кіріспе» еңбегін жариялайды. Онда барлық мақалалар В.Вунд, М.Лацарус, Г.Штейнтальмен дискуссия арқылы негізгі көзқарастарын жазды. Шпеттің көрсетуінше, этнопсихология түсіндірмелі емес, бейнелік ғылым болып табылады. Оның ойынша, этнологиядан әлеуметтік құбылыстарды қарағаннан кейін, мынадай сұрақтарға жауап беру керек  ал, бұл осы эпоха халқымен қалай бастан кешіріледі Олар нені жақсы көреді, неден қорқады, неге сенеді

 

Этнопсихология пәні, - дейді ол, - нақты бір ұлт өкілдерінің топтық жағдайларындағы тілдер, миф, религия, дәстүрдің құрылуының ізі болып табылатын уайымын, тіршіліктерін суреттеу болып табылады.

 

Әр-бір ұлт өкілі индивидуалды ерекше ұқсастықтары, айырмашылықтары жоқ болса да, бірақ олардың реакциясы мен әрекеттерінде, мінез-құлықтарында «жалпыны» көруге болады.

 

Жалпы Шпет көзқарастары философиялық ойларға жақын болды. Оның негізгі қосқан үлесі- жалпылауға, талқылауларға өз көқарастарын енгізіп, жоғары мектептерде этнопсихологияны оқытуды бастаған адам.

 

Этнопсихологияға және этнопсихологиялық зерттеулерге қызығушылық 1917ж Революциядан кейін де тоқтаған жоқ. Л.С. Выготский (1896-1934) - психолог, Ресей психологиясындағы мәдени тарихи мектептің негізін қалаушы. Ол адамның психикалық қызметі мәдени - тарихи  дамуда еңбек қаруының әсерінен қалыптасып, ішкі мазмұнының құрылымын білдіреді. Этнопсихологияның негізгі әдісі ретінде ол инструменталды әдісті атады. Оның мәні – адамның мінез-құлқын тарихи, әлеуметтік – мәдени ұлттық даму тенденциялармен өзара байланыстыра отырып зерттеу. Этнопсихологияның объектісіне Выготский «халықтар психологиясын» жатқызды.

Категория: Барлық реферат | Добавил: adilbek | Теги: ХХ ғасырда этнопсихологияның Ресейд
Просмотров: 1842 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar