Главная » Файлы » РЕФЕРАТ » Барлық реферат [ Добавить материал ]

Кәсіпкерлік реферат / Бизнесмен қазақша реферат
05.02.2014, 23:27
Кәсіпкерлік – азаматтар мен олардың бірлестіктерінің пайда немесе өзіндік табыс алуға бағытталған бастамашылық дербес қызметі. К-ті азаматтар өз атынан, өзінің мүліктік жауапкершілігі кепілдігімен немесе заңи тұлғаның (кәсіпорынның) атынан және соның жауапкершілігі кепілдігімен жүзеге асырады. К. кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысаны (мемл., ашық акцион. қоғам, жабық акцион. қоғам, серіктестік, жекеше кәсіпорын, өндірістік кооператив, муниципалдық кәсіпорын) арқылы айқындалатын шектегі мүліктік жауапкершілікті көздейді. Қазақстан азаматтары мен шет мемлекеттердің азаматтары, сондай-ақ, азаматтардың бірлестіктері (ұжымдық К.) К. субъектілері болып табылады. К. жалдамалы еңбекті қолданбай немесе жалдамалы еңбекті қолданып, заңи тұлға құрмай немесе заңи тұлға құрып жүзеге асырылады. Жалдамалы еңбекті қолданбай жүзеге асырылатын К. жеке еңбек қызметі ретінде тіркеледі, жалдамалы еңбекті қолдану жолымен жүзеге асырылатын К. кәсіпорын ретінде тіркеледі. К. – бизнестің неғұрлым жекеше жағдайы. Қызметтің бұл түрі, көбінесе, адамның жеке басымен – кәсіпкермен байланысты. Ол жаңа істі қолға алады, жаңа енгізілімді іске асырады, тәуекелдікке бас тігеді. Кәсіпкердің мәртебесі мемл. тіркеуге алу арқылы қуатталады, онсыз К. қызметке тыйым салынады. Кәсіпкердің еңбегіне ақы төлеу нысаны, тәртібі мен талаптары шартпен айқындалады, жеке табысқа салық салынуға тиіс. Шаруашылық қызметтің барлық түрлері, оларға заңнамалық актілерде тыйым салынбаған болса, мыс., коммерциялық делдалдық, сату-сатып алу, инновациялық, кеңес беру, т.б. қызметтер, сондай-ақ, бағалы қағаздармен жасалатын операциялар К-ке жатады. Нарықтық жүйеде толымды К. қызметке жол ашылады және ол мемл. меншікті қоса, меншіктің барлық нысандарына тән. Меншікті мемлекет иелігінен алу, кәсіпорындарды жекешелендіру К. үшін қолайлы жағдай туғызатын экон. үдерістер болып табылады. Қазақстанда К. мәртебесі, мұндай қызметті жүргізуге кепілдік заң жүзінде баянды етілген. К-тің ұйымдық-құқықтық нысандары: бірлескен К. – екі не бірнеше елдер серіктестерінің өндірістік-шаруашылық қызметінің кең ауқымды нысаны, яки өндіріс пен айналыс аясындағы, ғыл.-тех., инвестициялық және қызмет көрсету салаларындағы бірігу; жеке К. – К. қызметпен заңи тұлға құрмай айналысу; мемлекеттік К. – ұлттық экономиканы дамыту үшін тауарлар шығаратын, қызметтер көрсететін мемлекеттік кәсіпорындардың қызметі, тәуекелдікті К. – көбінесе ғылымды көп қажетсінетін салаларға бағытталған, жаңа технологияны жасаумен және таратумен айналысатын, яки инвестициядан табысты кем алу қатері үлкен салалардағы ұсақ фирмаларға тән К. 
Категория: Барлық реферат | Добавил: admin
Просмотров: 1599 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar