Главная » Файлы » РЕФЕРАТ » Барлық реферат [ Добавить материал ]

Қазақстан Республикасы: Бюджет жүйесі - РЕФЕРАТ
05.02.2014, 23:31

Қазақстан Республикасы: Бюджет жүйесі – мемлекеттік, әкімшілік-аумақтық бірліктер мен бюджет тұрғысынан дербес мекемелер бюджеттерінің жиынтығы. Қ. Р. б. ж. елдің түрлі деңгейлердегі бюджеттерінің экон. қатынастар мен заңды нормативтеріне негізделген. Оларды әзірлеу, қарау, бекіту, атқару және атқарылуын бақылау процесін біріктіреді. Бюджет жүйесінің бірлігі бірыңғай заң шығарушылық негіз, бюджеттік құжаттама нысаны, бірыңғай бюджеттік жіктелімді (кіріс пен шығыстың міндетті топтамасын) қолдану, бюджеттердің төменгі деңгейінен келесі деңгейіне қажетті статистик. және бюджеттік ақпарат беру, бірыңғай ақша жүйесі арқылы қамтамасыз етіледі. Қ. Р. б. ж-нің құрылымы екі деңгейлі – респ. бюджет пен жергілікті бюджеттерден құралады. Бюджеттердің дербестігі меншікті кіріс көздерінің болуы және оның пайдаланылуын айқындау құқығы арқылы қамтамасыз етіледі. Барлық деңгейдегі бюджеттердің теңдестірілуі бюджет, қаржы саясатының қажетті шарты болып табылады. ҚР-нда әрбір деңгейдегі бюджеттердің кірістері оның салық, жергілікті шаруашылық, өзін-өзі басқару, бюджет жүйесі туралы заңдарға сәйкес құралады. Респ. бюджет пен жергілікті бюджеттерді әзірлеу, қарау, бекіту, атқару және атқарылуын бақылау тәртібі "Бюджет жүйесі туралы” ҚР Заңымен (1.4.1999) және оған кейіннен енгізілетін өзгертулер мен толықтырулар туралы заңдармен айқындалады.

Жергілікті бюджеттер жергілікті басқару органдарының қаржы базасы, қажетті шараларды қаржыландыруға арналған қаражатты қалыптастырудың негізгі жоспары. Оларға обл., қалалық (респ. және обл. мәні бар қалалар), ауд. бюджеттер және арнайы экон. аймақтардың бюджеттері жатады. Жергілікті бюджеттерде жергілікті басқару органдары жүзеге асыратын, жергілікті және аймақ аралық мәні бар экон., әлеум., мәдени және басқа бағдарламалар мен шараларды қаржыландыру жоспарланады. Жергілікті басқару органдары өздеріне жоғары деңгейдегі бюджеттен – респ. бюджеттен берілген қаражаттан және мақсатты ақша ресурстарынан басқа бюджет қаражатының пайдаланылу бағытын айқындайды (қ. Жергілікті бюджет).

Республикалық бюджет – жалпы респ. мәні бар шараларды қаржыландыруға қажетті қаражатты құраудың негізгі жоспары. Оның кірісі: жергілікті бюджеттерге аударылатын бөлігі шегерілген жалпы респ. салықтар мен кірістер (қосылған құн салығы, акциздер, заңда көзделген басқа да кірістер); кәсіпорындардың бірлестіктер мен ұйымдардың пайдасына салынатын салық (олардың осы салықты жергілікті бюджетке аударатындарынан басқасы, сондай-ақ, осы салықтың жергілікті бюджетке аударылатын бөлігінен басқасы); экспорт пен импорт салығы; кеден алымдары мен баждары; сыртқы экон. қызметтен және бағалы қағаздармен жасалған операциялардан түскен кірістер, т.б. Респ. бюджеттің шығысы мыналарды қаржыландыруға жұмсалады: респ. меншікке жататын нысандарға жұмсалатын күрделі қаржы; табиғат қорғау шаралары; халықты арнаулы қорғау жөніндегі жалпы респ. бағдарламалар мен басқа да мақсатты бағдарламалар; сыртқы экон. қызметпен байланысты шығындар; халыққа білім беру, ғылым, мәдениет, денсаулық сақтау, дене шынықтыру мекемелері мен ұйымдары, респ. бағыныстағы басқа да мекемелер мен ұйымдар; мемл. сақтық қорларын құру мен жаңғыртуға жұмсалатын шығындар; мемл. өкімет пен басқару органдарын, соттарды, құқық қорғау органдары мен прокуратураны, ұлттық қауіпсіздік органдарын ұстауға жұмсалатын шығындар; қорғаныс, шекаралық әскер мен кеден қызметі; бюджет шығыстарын, мемл. борышты жабу үшін берілген банк несиелерін өтеу, олар бойынша пайыздар төлеу, т.б.

Қазақстанның бюджет жүйесінің ұйымдастырылуы бюджет жүйесіне кіретін барлық бюджеттердің бірлігі, толықтығы, айқындылығы, жариялылығы, дербестігі қағидаларына негізделеді. Бюджет жүйесінің бірлігі бірыңғай құқықтық база арқылы, бірыңғай бюджеттік жіктелім мен бюджеттік құжаттаманың бірыңғай нысандарын пайдалану жолымен, бюджеттік процестің келісілген қағидалары арқылы қамтамасыз етіледі. Бюджет жүйесінің түрлі буындарының дербестігі жүйенің әрбір буынында меншікті кіріс көздерінің болуын және жұмсалатын шығыстардың бағыттары мен көлемін бекітілген өкілеттіктерге сәйкес дербес айқындау құқығын көздейді.

ҚР-ның 2003 жылға арналған респ. бюджеті кірістер бойынша 714,4 млрд. теңге (яғни ішкі жалпы өнімнің 17%-ы) және шығыстар бойынша 631,6 млрд. теңге (яғни ішкі жалпы өнімінің 15%-ы), бюджет тапшылығы 82,8 млрд. теңге болып бекітілді. 2002 жылғы бюджетпен салыстырғанда түсімнің өсуі 18,3%-ды, шығыстың өсуі 16,3%-ды құрады.

Ағымдағы бюджеттік бағдарламалар бюджет жобасында 66,8 млрд. теңгеге, яғни 14,8%-ға; даму бағдарламасы – 31,7 млрд. теңгеге (20,6%) көбейді.

К. Жүйріков

Категория: Барлық реферат | Добавил: admin
Просмотров: 1661 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar