Главная » Файлы » РЕФЕРАТ » Барлық реферат [ Добавить материал ]

Қазақ мемлекеттік салық қызметін құру
05.02.2014, 22:31
Қазақстан Республикасының Конституцияның 35-бабында «Заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндетті болып табылады» деп атап көрсетілген.
Салықтар – мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген, белгілі бір мөлшерде жүргізілетін, қайтарымсыз және өтеусіз сипатта болатын бюджетке төленетін міндетті ақшалай төлемдер. Нарықтық қатынастары дамыған елдерде салықтар экономика мен әлеуметтік ахуалын тұрақты дамытудағы реттеушілік қасиеттері бюджеттік қатынастар мүмкіншілігіне тікелей басқару әдістері ретінде қолданылады.
Республикамыздағы Салық қызметінің құрылу кезеңдеріне көз жіберсек, ол алғашқыда Қазақ ССР-ның Қаржы министрлігінің 16.03.1990 жылғы «Мемлекеттік салық қызметін құру туралы» №Л-46 бұйрығына сәйкес Қазақ ССР-ның Қаржы министрлігі саласында Мемлекеттік салық инспекциясы болып құрылып, оның құрамына облыстар, қала, аудандар бойынша салық инспекциялары кірді.
Осы аталған бұйрыққа сәйкес Қазақ ССР-ы Қаржы министрлігінің мемлекеттік Гурьев облысы бойынша салық инспекциясы да құрылды. Салық инспекциясының құрылым базасы Гурьев облыстық қаржы бөлімінің кіріс бөлімдері және қалалық, аудандық қаржы бөлімдерінің аталған бөлімдері мен Облыстық атқару комитетінің баға бөлімінің кейбір бірліктері негізінде жасақталды. Сөйтіп, алғашқыда облыс бойынша салық инспекциясы: 8 ауданнан және 1 Гурьев қалалық салық инспекциялары болып 145 қызметкерге бекітілген штаттық кестемен өз жұмысын бастаған. Бұл жылдарда еліміздің экономикасы жоспарлы негізде дамып, мемлекетке кірістің түсуі де сол негізде жүргізілетін.
Қазақ ССР-ы Президентінің 1991 жылғы 9 шілдедегі «Қазақ мемлекеттік салық қызметін құру» және Қазақ ССР Министрлер Кабинетінің 1991 жылғы 9 қыркүйектегі «Қазақ ССР мемлекеттік салық қызметінің мәселелері туралы» №520 қаулысын іске асыру мақсатында берілген №380 Жарлығына сәйкес облыс, аудан, Гурьев қалалық мемлекеттік салық инспекциялары негізінде Қазақ ССР-ы Гурьев облысы бойынша мемлекеттік Бас салық инспекциясы құрылды.
Бұл кезеңде ел экономикасын дамытуда біртұтас жоспарлы экономикамен қатар, нарық экономикасы өмірге келіп, жеке кәсіпкерлік, өндірістік кооперативтер, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер құрылып, қанатын жая бастаған еді. 1998 жылдың 12 қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдар жүйесін реформалау» туралы №4114 Жарлығымен бюджет қорына салықтар мен басқа да міндетті төлемдер кірісін түсіре білетін бірден-бір мемлекеттік орган ретінде көрсете білуіне байланысты, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Кіріс министрлігі құрылды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 28 тамыздағы №931Жарлығымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Кіріс министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құрамына қосу арқылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті болып қайта құрылды. Бүгінгі күн талаптарына байланысты ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі 387 қаулысына сәйкес салық қызметі органдарының құрылымы қайтадан өзгерді. Республика деңгейінде бұрынғыша Қаржы министрлігінің Салық комитеті қаланды да, облыста облыс бойынша Салық комитеті Салық департаменті, аудандарда салық басқармалары атауына ие болды.
Салық қызметі органдары салық заңдарына сәйкес «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР-ның Кодексімен салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық түсуін, міндетті зейнетақы жарналарының және Мемлекеттік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың толық және дер кезіндке аударылуын қамтамасыз ету жөніндегі, сондай-ақ салық төлеушілердің салық міндеттемелерін орындауына салық бақылауын жүзеге асыру жөнінде міндеттер жүктелген.
Категория: Барлық реферат | Добавил: admin
Просмотров: 829 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar