Главная » Файлы » РЕФЕРАТ » Барлық реферат [ Добавить материал ]

Аласа таулы өлкелер РЕФЕРАТ
06.02.2014, 21:28

Қызылтас (1283 м). Қызыларай (1565 м). Кешубай (1559 м). Кент (1415 м). Қарақуыс (1342 м). Қарқаралы (1403 м). Қу (1356 м) аласа таулары және бұлардың маңындағы кейбір біршама ұсақтау көтерілімдер жиыны негізгі орографиялык жене суайрықтық ядроны түзеді. Бұл аймақтан Теңіз алабының өзендері Шерубай-Нұра мен Нұра, Ертіс езенінің алқабы бағытындағы Түндік және т.б., сондай-ақ Балқаш өзенінің алабына жататын Мойынты, Жамшы, Токырауын, Дағанделі езендері басын алады. Аласа таулардың негізгі тобынан солтүстікке қарай оқшаулана Баянауыл алқабы (1026 м), сондай-ақ бойлық бағытында созылып жатқан Нияз (833 м) бен Ерейментау (858 м) жоталары орналасқан. Бұларда Ертісмаңының сол жағалық келдеріне құятын Сілеті, Олеңті, Шідерті озендерінің бастаулары орналасқан. Сарыарқаның бас суайрық атырабынан басын алатын барлық езендер қар мен жаңбыр суларымен қоректенуден басқа ішінара қатпарлы палеозой мен граниттік интрузиялардың жерасты жарықтары суларымен де қорекіенеді. Бұл аймақтың батыс жағында Арал теңізінің алабына жататын Сарысу озенінің бастауы орналасқан.

Таулық топтар мен жекеленген аралды таулардың тектоникалық табиғаты бар. Олар шын мәнінде барлық жерде морфологиялық жағынан жақсы корінеді, етектері анық, жиі-жиі жартасты, жалаңаш төбелердің пішіндері айрықша түзілген.

Сарыарқаның шығыс жағында кеңінен байқалатын ең жаңа тектоникалық қозғалыстар төмендегідей негізгі қасиеттері бойынша белгіленеді: тау алқаптарын бөліп тұратын кең ежелгі алқаптар өздерінің бөліктерімен тектоникалық иілімдер немесе айырылымдық бұзылулар болып табылады: құрайтын жыныстарының біршама жеңіл бұзылатынына қарамастан кейбір тау сілемдерінің берік контрасты келбеті:
анық тура сызықты тектоникалық кертпештер, өзен алқаптарының антецеденттік телімдері, тегістелу беттерінің деформациялары, топографиялық қырының шұғыл иіндерінде бұлақтар мен көлдердің шоғырлануы, жарықтардың сырғанау айналарының және т.б. кеңінен дамуы.

Физикалық және химиялық үгілумен қатар дамыған гравитациялық беткейлік процесстер кеңінен таралған болса да, таулардың мүсіндері негізінен алғанда эрозиямен жасалған. Әдетте таулардың беткейлері, әсіресе олардың жоғарғы жағында, көбіне 30°-тан астамға дейін барады және де мұнда олар өткір қырқалар шатқалдармен алмасып келеді. Мұнда үгілудің әр түрлі қызықты пішіндері, сусымалар, тасты тасқындар кездеседі.
Тау беткейлердің төменгі бөлігінде олардың құламасы 15°-20°-қа дейін азаяды, бұл тұста олар жатық дөңесті және ойыңқы кескінге келеді. Эрозиялық қималар біршама жатық көлденең және ұзынша қырынға өтеді, бірақ жырасайлардың бағыттары жарықтардың созылуымен сәйкес келіп отырады.

Морфометрия бойынша бұл ауданның таулары, бүкіл Сарыарқаның өзі сияқты, өздерінен төмен жатқан алқаптық беттерден жалпы алғанда 200-600 биігірек болады, яғни төмен биікті типке жатады. Көп жағдайларда таулы алқаптар ұсақшоқылық бедермен қоршалып жатады, сондықтан биіктік айырмасын есептеу таулар ішіндегі және таулар арасындағы ойыстар мен алқаптардың бетінен бастап жүргізіледі.

Сарыарқаның бас суайрық эрозиялық-тектоникалық қыратының төбелері жалдар, сирегірек қырқалар мен жондар, күмбез тәріздес және конустық шоқылар пішінде болады. Кейбір суайрықтық төбелердің беттері, мысалы, Қарқаралы тауларында, біршама тегіс те болып келеді. Бұл ауданда морфоқұрылымдардың солтүстік-батыс бағыты (Шығыс-Хантау) шығыс-солтүстік-шығыс бағытқа (Тектұрмас) ауысады, сондықтан бас суайрықта негізгі қүрылымдардың беріктігіне қарай келе осы екі бағыт бірдей байқалады. Сонымен қатар, тау қырқаларының кең тараған тектоникалық жарылымдардың бойымен бағдарлануы да білінеді.

Бас суайрықтың солтүстік көлбеуіндегі аралды аласатаулардың ішінен екі морфологиялық топ бөлуге болады.

Бірінші топ (Баянауыл мен Ереймен) өзінің қарқындылау бөлшектенуімен, үшкір төбелердің тіркестерімен және тік жартасты асимметриялы терең шатқалдары бар қырқаларымен ерекшеленеді. Баянауыл тауларының беткейлері оңтүстігінде 45°-қа дейін баратын тік жарлармен Сабындыкөл коліне қарай құлайды, ал, солтүстігінде біртіндеп шоқылыққа өтетін кертпештермен төмендейді. Бойлықпен созылып жатқан Ерейментау ассиметрия ендік бойымен өтеді. Шығыс беткейлері тіктеу, жарлау.және жартастылау келеді. Екі алқап та, Баянауыл алқабында граниттерден, Ерейментауда шынытастықтар мен ізбестастардан тұратын көптеген табиғи. ескерткіштері бар, адамдарды экзотикалық түрде қызықтыратын қоныстарға жатады.

Екінші топ (Қызылтау, Едірей, Қалмаққырған, Желтау, Ақирек, Нияз) пішіндердің тегістелген кескінімен, аз бөлшектенуімен, көлбеу беткейлерімен және жалпақтала тегістелген суайрықтарымен сипатталады. Мұнда тек жарылымдардың бойындағы телімдер ғана кертпештерінің тым бөлшектенуімен ерекшеленеді. Төбелердің басым пішіндері қырқалар мен жондар, сирегірек күмбез тәріздес шоқылар болып табылады. Бұлар әсіресе ендік бағытта созылып жатқан қырқалар мен жондардан тұратын Желтау тауларында, сондай-ақ, солтүстік-солтүстік-шығыс бағытта бірнеше ірі жондарға бөлшектенген Нияз тауларында байқалады.

Бас суайрықтың оңтүстік көлбеулігінін басым көпшілігін, әсіресе Балқаш көліне жақындаған сайын, тұғырлық жазықтар алып жатыр. Бұл аумақтың жалпы жазықтығы бір бөлігі аласатаулық бедерге жататын аралды қыратты алқаптармен бөлініп отырады. Ауданда Бектауата таулары (1213 м) күрт бөлектенеді. Батысқа қарай Шұнақ (1111 м) пен Арқалық (1091 м), ал шығысқа қарай-Қалмақемел (870 м), Арқарлы (1089 м), Қараүңгір (865 м) алқаптары орналасқан. Кейде таулық топқа Итмұрынды, Төретай және басқаларды енгізеді, бұл дұрысқа жатпайды, өйткені олардың салыстырмалы биіктіктері бар болғаны 100 м-дей ғана. Аласатаулы алқаптар әдетте палеозойлық антиклиналдық құрылымдардың ядроларының төңірегінде шоғырланған және өзінің басым көпшілігінде берік жыныстармен, жиі-жиі яшма-шынытастықтармен, порфирлермен және туфтармен, сирегірек соңғы герциндік гранитоидтармен түзілген, — бұл олардың сыртқы келбетін анықтайды. Таулардың төбелері сүйір, беткейлері жартасты болып келеді. Бектауатаның гранитті күмбезі өте-мөте мәнерлі, оның бөлшектенуі мен жартастылығы оның беткейлерінде қалып қоймайтын бұзылу өнімдерінің түйіршікті және сусымалы болуымен байланысты болып келеді. Таудың бөлшектенуі негізінен алқапты қиып өтетін жарықтарда шоғырланған, сондықтан жыра-сайлар тік, терең, басым көпшілігінде тура сызықты болып келеді. Бектауатада үгілудің экзотикалық пішіндерінен басқа, алғаш рет 1929 жылы геолог М.П.Русаков жазып сипаттаған граниттік үңгірлер де бар.
Қаралып отырған аймақтың шығыс шекарасының жанында ұзына бойы солтүстік- батысқа созылып жатқан палеозойдың эффузивті-шөгінді қатқабаттарынан тұратын және осы маңдағы жазықтау өлкелердің жанында оқшау көрініс жасайтын аласатаулы Шыңғыстау жотасы орналасқан. Шыңғыстау бедерінің ерекшелігіне суайрықтар төбелерінің анағұрлым тегістелген беті жатады. Жотаға тектоникалық жарылымдардың жіктерімен қабысқан, ұзына бойы созылған кертпештердің кеңінен дамуы тән келеді. Мұнда әсіресе кертпешімен солтүстік-шығысқа қараған жарылым өте жақсы көрінісін тапқан. Тектоникалық жарылымдардың ауқымында бөлшектену тереңдігі 200-300 м болатын аласа таулы блоктар орналасқан. Тауаралық ойыстар ширектік жастағы аллювийлік-пролювийлік шөгінділермен толыққан. Карбонның ізбас тастарында әйгілі адамдардың автографтары бар карстық үңгірлер белгілі (Қоңыр Әулие және т.б.).
Аласатаулы алқаптар соңгы олигоценде түзілген, бірақ таулар бедерінің негізгі қалыптасуы ең күшті тау жаралулары пайда болған неогеннің аяғы мен ертедегіширектік кезеңде болған. Таулардың кейінгі эрозиялық бөлшектенуінің нәтижесінде негізінен неогеннен кейінгі шөгінділерден тұратын тау алды ысырынды конустар қалыптаскан.
Ұсақшоқылық аймақ жерінде аласатаулармен салыстырғанда айтарлықтай едәуір кең ауданды алып жатыр. Жалпы ұсақ шоқылық эрозиялық-тектоникалық денудациялық және эрозиялық немесе беткейлік деп үш генетикалық топқа бөлінеді.

Бірінші топқа әдетте рельефте, кертпештермен көрініс табатын жарылымдармен шектелген, ең соңғы дәуірлерде айқындалған көтерілімдер зонасында шоғырланған алқаптар кіреді. Мұнда эрозиялық бөлшектену қуатты болады да тікбеткейлі, жартасты, сүйіртөбелі және қырқа тәріздес пішіндер түзеді. Мұндай үсақшоқылық аласатаулы бедерге қарағанда неғұрлым аласа абсолют биіктігімен және 200 м-ге жетпейтін бөлшектену тереңдігінің аздығымен ерекшеленеді. Жалпы алғанда,эрозиялық-тектоникалық ұсақшоқылық өзен алқаптары құрылымының өзіндік ерекшеліктерін және беткейлік түзілімдердің де таралу ерекшеліктерін қамтитын жоғарыңқы типтегі рельефтің барлық сапасымен сипатталады.

Пішіндердің жатық кескіндері, аз бөлшектенуі, көлбеу беткейлер және жазықтау суайрықтар тән келетін денудациялық ұсақшоқылық болса, төмендегі типтің рельефіне жатады.

Мұнда байырғы, реликті және біршама жас ұсақшоқылықтың телімдері бөлектеніп тұрады. Зерттеушілердің ең көп ұстанатын көзқарастары бойынша мұндай рельеф негізгі ерекшеліктері зоналардын құрылымына байланысты әр уақытта қалыптасқан байырғы пенепленнің бөлшектенуі процесінде пайда болған [Сваричевская, 1965]. Пенепленнің бөлшектері, оның ішінде үгілу қыртысы арқылы берілгендері, әр гипсометриялық деңгейлерде кездеседі. Бұл болса ұсақшоқылық рельефке әсіресе Сарыарқаның оңтүстік көлбеулігінде анықтау байқалатын ярустық кескін береді.Ұсақшоқылықтың ярустылығын Қосақ өзенінің алабында алғаш рет Г.Ц.Медоев байқап, сипаттап шыққан. Мұнда ол мезозой мен кайнозойдағы үзікті-үзіксіз күмбездік көтерілімдердің себебінен пайда болған бес тегістелу беттерін бөлді [Медоев.1946].

Эрозиялық ұсақшоқылық терең тілімденген алқаптардың, көл қазаншұңқырларының және сорлық-дефляциялық ойыстардың беткейлерінде шоғырланған. Оның қалыптасуы беріктігі ең аз жыныстардың телімдерін іріктеп жырламайтын, көптеп тарамдалған жырасайлардың әсерінен жүзеге асады. Мұндай беткейлік ұсақшоқылық суайрықты жазықтардың және төбелердің тегістігімен және кішкене мөлшерімен ерекшеленеді.
Негізінің генетикалық табиғатына, геологиялық құрылымына және құрайтын жыныстардың литологиялық құрамына байланысты ұсақшоқылықтың әр түрлі типтері бөлінеді.

Салыстырмалы биіктіктің айырмашылығы бойынша ұсақшоқылық биік (100-200м),орташа (50-100 м) және аласа (50 м-ге дейін) деп бөлінеді. Морфометрлік көрсеткіштері бойынша ең типтік көтерілімдер болып қырқалар, жалдар, жондар, конустық және күмбез тәріздес шоқылар ажыратылады.

Қырқалар (тізбелер) деп бірнеше километрге немесе жүздеген метрге созылып жатқан, қимасы трапеция тәріздес ірі қыраттарды атайды. Олар жиі-жиі бөлшектеніп келеді де, геологиялық құрылымдардың созылыңқылығын бейнелейтін біртектес көтерілімдердің тізбегін құрайды.

Жалдар — біршама жіңішке, үшбұрышты қимасы бар ұзынынан созылып жатқан қыраттар. Әдетте оқшаулана келіп, берік жыныстардың шықпаларда морфологиялық біртекті қыраттар тізбегін көрсете шоғырланады.

Жондар — ұзындығы әдетте көлденеңінен екі есе немесе одан да көбірек артып тұратын, төбесі тегіс келетін, биік емес дөңес қыраттар.

Конустық шоқылар — үстінен қарағанда дөңгелек түрінде айқын көрінетін, әдетте анық етекті және біршама тік беткейлі болып келетін сүйір төбелі қыраттар.
Күмбез тәріздес шоқылар — тегіс төбелі және деңес беткейлі болып келетін, дөңгелене біткен қыраттар.

Қырқалар мен жалдар оңашаланып кездеседі, сирегірек бір типті шоғырлар да түзеді. Әр түрлі типтегі қырқалы-жонды, жонды-күмбезді, жалды-конусты және т.б. көтерілімдерді қамтитын аудандар өте жиі кездеседі. Граниттер үгілуінің біршама шағын келген жеке пішіндерінің өзіндік жиынтығын қойтас бедері құрайды. Торлы және симметриялы бөлшектенген қыраттардың биік емес топтарын керегетасбедері құрайды. Жалаң гранитті және конгломератты қыраттардың анық бұдырлығы, бұжырлығы жергілікті қотыртас (яғни, бұжыр жартастар) деген өте дәл атаумен көрсетіледі.
Жоғарыда аталып өткендей, ұсақшоқылық рельеф салыстырмалы биіктігіне қарай аласа (50 м-ге дейін), ортаңғы (50-100 м) және биік (100-200 м) деп бөлінеді. Биік ярус өз тәртібімен эрозиялық-тектоникалық табиғатты болады да, аласа таулардың шеттері бойымен таралады. Бас суайрық қыратының бойында ол 600-1000 м абсолют белгілерде орналасады және ол алашабыр литологиялық құрамдағы палеозой жыныстарында жаралған. Девонның эффузивті-шөгінді жыныстары (құмтастар, конглометраттар, порфириттер, туфтар) бойынша әдетте ұсақшоқылықтың қырқалы — жалды типтері дамыған. Төзімді жалдар төменгі және ортаңғы карбонның ізбестастарында, шынытастықтарда және шынытас-порфирде шоғырланған. Жеке пішіндердің беткейлері көбіне асимметриялы, тереңдігі 60 м-ге дейінгі жыра-сайлармен және шатқалдармен тілімделіп келеді. Неоген-ширектік уақытта жаңарған жарылымдармен сәйкес келген беткейлер өте тік. Биіктердің баурайында көбіне ысырынды конустардың ширектік жыныстарының етектері дамыған.

Сарыарқаның солтүстік көлбеулігінде эрозиялық-тектоникалық ұсақшоқылық Ерейментау, Баянауыл, Желтау, Қоянды, Қу, Нияз, Семізбұғы және басқа аласатаулардың жанында тараған. Кейде ол бөлшектенуі мен гипсометриялық сипаты бойынша аласатаулы бедерге жақындау келетін, едәуір кең көлемді оқшауланған алқаптар түзеді. Мұндай алқаптардың мысалына Айыр, Ақжал, Арқалық, Мыржық, Тілеуімбет және басқалар жатады. Антиклинорийлердің осьтік бөлігімен өзара байланыстағы олар, палеозойға дейінгі дәуір мен төменгі палеозойдың жарықтардың күрделі жүйесімен бөлшектенген метаморфтық қатқабаттарынан түзілген. Биік ұсақшоқылық пішіндерінің ішінде қырқалар, көбіне қырқалар мен жондардың өзара тіркестері басым келеді. Ең ірі қырқа Қарасор көлінен солтүстіктегі Айыр алқабында байқалады. Ол ендікке жақын бағытта 20 км-ге дерлік созылады. Оның биіктігі 150 м-ге дейін. Беткейлері тік, 30-40°-қа дейін барады.

Оңтүстік көлбеулікте биік ұсақшоқылық бас суайрықтық қыраттың тауларын қоршап тұрады және жеке алқаптар түрінде Солтүстік Балқашмаңында Тоқырауын мен Бақанас өзенаралығында 450-800 м абсолют белгілерде кездеседі. Мұнда қырқалы рельефі басым алқаптар сирек кездеседі. Итмұрынды, Түлкілі, Шұбартау, Қараүңгір, Қалмақжатқан және басқа ірі алқаптарда салыстырмалы биіктіктері 100-200 м қырқалы- конус тәріздес, қырқалы-жонды, жонды-күмбезденген ұсақшоқылық бедерлердің тіркестері басым.

Категория: Барлық реферат | Добавил: admin
Просмотров: 2035 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 1.0/1
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar