Главная » Файлы » РЕФЕРАТ » Барлық реферат [ Добавить материал ]

Ақшалай есебі реферат
05.02.2014, 22:15
Қай саладағы кәсіпорындар мен ұйымдар болмасын өз қызметі барысында басқа заңды және жеке тұлғалармен қарым-қатынас жасайтындығы белгілі. Сол уақыттардағы операциялардың барлығы дерлік ақшамен есеп айырысу арқылы жүргізіледі десек қателеспейміз. Ал ақша арқылы есеп айырысу белгілі бір заңға сәйкес жүргізілуді қажет етеді. Біздің елімізде қызмет ететін кәсіпорыңдар мен ұйымдар ақшалармен есеп айырысу операцияларын Қазақстан Республикасының Ұлттық банк мекемесі белгілеген ережелер мен тәртіпке сәйкес жүргізіп отырады.
Өздерінен алынатын табысқа байланысты құнды қағаздар мынадай екі топқа бөлінеді:
Қарыздық құнды қағаздар — құнды қағаздың бұл түрі бойынша эмитент көрсетілген уақыт барысында белгіленген пайыз көлемінде (процентімен) тиісті қарыздарын өтеуге (төлеуге) міңдетті. Қарыздық құнды (бағалы) қағаздарға облигацияның барлық түрлері, вексельдер, тағы да басқа бағалы қағаздар жатқызылады.
Инвестициялық құнды қағаздар — құнды қағаздың бұл түрі иемденушіге активтің бір бөлігін иемденуге құқық береді. Құнды қағаздардың бұл түріне акцияны жатқызуға болады.
Құнды қағаздар шығарылу мақсатына байланысты мынадай екі түрге бөлінеді:
Қорлы құнды қағаздар — бұндай құнды қағаздар қор биржаларында айланысқа түседі және көп мөлшерде эмиссияланады. Құнды қағаздардың бұл түріне акциялар және облигациялар жатқызылады.
Саудалық құнды қағаздар — құнды қағаздың бұл түрі белгілі бір коммерциялық бағытпен сауда операциялары кезінде есеп айырысуға арналған.
Нарықтағы айналымдағы ерекшеліктеріне байланысты құнды қағаздар мынадай болып екіге бөлінеді:
Нарықтық құнды қағаздар — бұндай құнды қағаздар айланыста еркін сатылып немесе сатып отырылады.
Нарықтық емес құнды қағаздар — бұл аталған құнды қағаздар қолдан-қолға еркін жүре бермейді, яғни олар екінші айналымға түспейді.
Атқаратын қызметіне және рөліне байланысты құнды қағаздар мынадай үш топқа бөлінеді:
- негізгі (акция, облигация),
- көмекші (чектер, вексельдер, депозиттік сертификаттар),
- туынды (варранттар, опциондар, фьючерстер, бондар, тағы да басқалары)
Акция дегеніміз кәсіпорындар мен ұйымдардың қандайда бір акционерлік қоғамды дамыту үшін қаржы салғандығын куәландыратын және иесіне акционерлік қоғамның пайдасының бір бөлігін дивидендт түрінде (табыс ретінде) алуға құқық беретін құнды қағаз болып табылады. Акциялар айналым мерзімі белгіленбей-ақ шығарыла береді. Кәсіпорындар мен ұйымдарды басқаруға қатысу құқығына сәйкес акциялар мынадай түрлерге бөлінеді:
Жәй акциялар акционерлік қоғамды басқаруға құқық береді. Бір жәй акция ұйымның акционерлер жиналысында осы кәсіпорынға қатысты мәселелерді шешу барысында бір дауысқа ие бола алады. Жәй акциялар үшін дивидендт төлеу акционерлік қоғамның таза пайдасынан резервтер жасалғаннан (толтырылғаннан) кейін және артықшылығы бар акциялар бойынша диввденттер төленгеннен кейін ғана жүргізіледі.
Артықшылығы бар акциялар — басқаруға қатысу құқығын бермейді, әйтседе олар иесіне тұрақты белгіленген мөлшерде дивидендтер алу құқығын береді, яғни оларға белгілі бір мөлшерде табыс әкеліп тұрады. Сонымен қатар артықшылығы бар акциялар ұйымның таза табысын акционерлер арасында бөлу кезінде немесе қоғамның жойылуы кезінде жәй акциялар мен салыстырылғанда артықшылыққа ие болып табылады.
Акцияның бір акционерден екінші акционерге берілу ережелеріне сәйкес оларды атаулы акциялар және ұсынбалы акциялар деп аталатын екі түрге бөледі.
Атаулы акциялар деп — иелері міндетті түрде кәсіпорындар мен ұйымдардың тізілімінде (реестрінде) тіркелуге тиісті акцияларды айтады. Бұл ереже бойынша акционерлер штабында акционердің сатып алған акцияларының алынған уақыты мен саны көрсетіліп және басқа да тиісті жазулар мен мәліметтер жазылады. Атаулы акциялардың иесі бұл бағалы қағазды сатып алған кезде акцияны шығарушы кәсіпорындар мен ұйымдардан барлық сатып алған акциялары үшін олардың өз иесінің қолында екендігін куаландыратын бір ғана сертификат алады. Акциялардың бұндай түрін сату барысында сертификаттың теріс жанында екі тараптың да қолдары қойылған (сатушы мен сатып алушы) табыстау туралы келісімшарт жасалуы қажет. Содан кейін бұл сертификат акционерлер тізіміне тиісті өзгертулер енгізу үшін кәсіпорынға беріледі. Осыдан кейін барып акцияның жаңа иелері өзінің сатып алған құнды қағазына жаңа сертификат алады.
Ұсынбалы акциялар иелерінің аты-жөні, яғни олар туралы деректер мен мәліметтер акцияны шығарушы кәсіпорындар мен ұйымдарда тіркелмейді. Кәсіпорындар мен ұйымдар әдетте ондай акциялар иелерінің кім екендігін де біле бермейді. Акциялардың бұл түріне, яғни ұсынбалы түріне иелік ету тек қана кәсіпорындар мен ұйымдардың акционерлері бар деп айтуға заңды түрде негіз бола алады. Ұсынбалы акцияларды сатып алу немесе оларды қайта сату операциясы құнды қағаздың бұл түрінің бір меншік иесінен екінші бір меншік иесіне тікелей ауысуы болып табылады.
Облигация дегеніміз оның иесінің ақша салғандығын куәландыратын және оған көрсетілген мерзім ішінде осы құнды қағаздың атаулы (номиналды) құнына белгіленген пайызды (процентті) төлей отырып, өтеу міндеттемесін мақұлдайтын құнды қағаз болып табылады. Облигациялар белгілі бір мерзімге шығарылады. Жалпы облигацияларда акциялар сияқты кәсіпорын үшін инвестицияның маңызды көзі болып табылады.
Депозиттік сертификаттар дегеніміз — ірі атаулы құнға (номиналға) ие болатын мерзімдік сертификаттар. Депозиттік сертификаттар (жалпылай алғанда) құнды қағаз болғанымен оларды бір адамнан екінші адамға беруге болады. Депозиттік сертификаттар клиентке баык мекемесінің берген борыштық сенімхатының рөлін атқарады. Бұл сертификатта банкке белгілі-бір мерзімге салынған салымдарының түрі көрсетіледі. Сертификаттардың өзі атаулы және ұсынбалы болып екі түрге бөлінеді.
Категория: Барлық реферат | Добавил: admin
Просмотров: 896 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar