Главная » Файлы [ Добавить материал ]

Всего материалов в каталоге: 3056
Показано материалов: 121-140
Страницы: « 1 2 ... 5 6 7 8 9 ... 152 153 »

Бүкіл әлемде спорттық шаңғы тебу түрі қысқы спорт түрінде белгілі болды. Оның табиғатпен байланысы және адамға деген пайдалылығымен үлесі зор. Шаңғы спорты адам денесін қалыптастыруға үлесі зор. Адам тұлғасының мәдениеті – бұл оның маңызды, материалдық және рухани құндылықтарды құру мен тұтынудағы шығармашылық қызметінде қолданатын әдісінің жоғарғы даму деңгейі. Адамның негізгі күш-қуаты тек оның қызметінде, ең алдымен еңбек нәтижесінде көрінеді. Тек қана, еңбек іс-әрекеті арқылы адам қоғамға өзгеріс енгізе алады және өзінің күші мен қабілетін іс жүзінде көрсете біледі. Мұндай іс-қимылды педагогикалық зерттеулерде «мәдени әрекет» деп түсіндіріледі. Дене мәдениеті қоғамдық кұбылыс ретiнде пайда болып, калыптасты және дамыды. Құрылу ерекшелiктерi мен қызмет ету жүйесi жайлы өзiнiң заңдылыктары бар ғылымның саласы болып табылады. Дене мәдениетінің мәнiн түсiну үшiн алдымен олардың мағыналы мазмұнын анықтап алу қажет. Бiрiншiден, дене мәдениеті — адамның денсаулығын нығайтып, күш — жiгерiн арттыруға, козғалыс белсендiлiгiн жетiлдiру мақсатында қоғамның жасайтын және пайдаланатын рухани, материалдық құндылықтарының жиынтығы.
Барлық реферат | Просмотров: 4321 | Загрузок: 0 | Добавил: adilbek | Дата: 02.02.2014 | Комментарии (0)

                     ХХ ғасырда этнопсихологияның Ресейде дамуы

 *ХХ ғасырдың басында этнопсихология мәселелеріне тікелей психологиялық ғылым өкілдері келе бастады.

Физиолог И.Ч. Сеченев (1829-1905) этнографтардың қолданбалы зерттеу нәтижелерін бақылап отырды. Әлем халықтары психикасын жан-жақты зерттеуге талпынысын қолдап отырды. Сонымен қатар, мұны халықтың рухани даму өкілдері арқылы ғана емес, тұлғаны зерттеудегі арнайы психологиялық әдістемелерді қолдану арқылы да зерттеу керек деді.

 *Психиатр және психолог, Психоневрологиялық институттың ұйымдастырушысы және басқарушысы, «Коллективная рефлексология» жұмысының авторы, «Общая психология» « Внушение в общественной жизни» еңбектерінің авторы В.М. Бехтерев (1857-1927) этнопсихология сұрақтарын назардан тыс қалдырмады.

 

Барлық реферат | Просмотров: 1822 | Загрузок: 0 | Добавил: adilbek | Дата: 02.02.2014 | Комментарии (0)


Мәдени өрлеу мәселесін шешу мәдениеттің табиғатын түсінуге, оны ұғыну сипатына, мәдениеттің тарихи дамуының бай материалын түсінуге байланысты болады. Мәдениеттануда мәдениеттің аз жетілген түрінен толық жетілген түріне даму бағыты ретінде өрлеу (прогресс) проблемасына екі негізгі тәсіл бар.
Бірінші тәсіл оның құндылықтарын байыту, адам өмірінің барлық формаларының дамуы ретінде мәдениеттің даму кезеңдерінің ауысуына сүйенеді. Осы тәсіл шеңберінде мәдениеттің көптеген формалары мен типтері олардың бар айырмашылықтарына қарамастан адамзаттың рухани және материалдық-өндірістік дамуының біртұтас линиясын құрайды және мәдениеттің өрлеуін оның табиғатының біртұтастығы және мәдени алуан түрлердің бірлігі ретінде қарастырады.

Барлық реферат | Просмотров: 1244 | Загрузок: 0 | Добавил: adilbek | Дата: 02.02.2014 | Комментарии (0)

        Холдингтік компания корпорация ұйымдастырудың жетекші нысанының бірі болып табылады.  Холдинг иеленуші компания – басқа компаниялардың қызметін бақылау және басқару мақсатында, олардың бақылау акцияларын иелену үшін құрылатын қаржы компаниясының ерекше түрі.
Барлық реферат | Просмотров: 1358 | Загрузок: 0 | Добавил: adilbek | Дата: 02.02.2014 | Комментарии (0)

VIII ғасыр аяғы -XIX ғасыр басынан Еуропа және Шығыстағы билік үшін, Англия жэне Франция арасындағы, күресте Иран маңызды рөлге ие болады. Географиялық жағдайын есепке ала отырып, олар қандай да жолмен Иранды араларындағы күреске кіргізуге тырысқан. Сонымен қатар осы екі державалар, Закавказье халықтары, Иран және Туркияда билігін сақтауға тырысқан, Ресейге қарсы шыққан. 1801 жылғы Грузияның Ресейге қосылуы, оның Закавказье елдерін қорғауы, екі орыс-иран соғыстарының себепкерлерінің бірі болған.
Барлық реферат | Просмотров: 1746 | Загрузок: 0 | Добавил: adilbek | Дата: 02.02.2014 | Комментарии (0)


   ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Ресейдің ішкі жағдайы ең алдымен дами түскен капитализмнің әсерімен крепостнойлық құрылыстың ыдырауының күшею үрдісімен сипатталды. Осыған байланысты елде таптық қарама-қайшылықтар шиеленісе түсті, соның нәтижесінде шаруалар толқуының өсуін революциялық бағыттағы дворян жастарының (декабристердің), ал одан кейін әртүрлі тектегі зиялылардың бой көтерулерін байқауға болады.

Барлық реферат | Просмотров: 1009 | Загрузок: 0 | Добавил: adilbek | Дата: 02.02.2014 | Комментарии (0)

   ХҮІІІ ғасырдағы француз ағартушыларының ішінде философ-материалистерді ерекше атауға болады. Өз кезіндегі жаратылыстанудың жетістіктерін ескере отырып, олар алдыңғы қатарлы материалистік көзқарастарды дамытты. Материалист-философтар табиғаттағы жалпыға бірдей өзара әрекетті және қозғалысты материяның табиғи қасиеті ретінде мойындады. Дүниені тану мәселелерінде олар Локктың материалистік сенсуализмі көзқарасында болды, бірақ оған бірізділік сипат берді: Локктың "ішкі тәжірибе” туралы ілімін алып тастап, олар тануды  сыртқы дүниенің адам санасындағы бейнесі деп дұрыс түсіндіреді.
Барлық реферат | Просмотров: 1005 | Загрузок: 0 | Добавил: adilbek | Дата: 02.02.2014 | Комментарии (0)

Франция – Батыс Еуропадағы ең ірі мемлекет,жерінің ауданы жағынан ол Ұлыбританиядан екі есе үлкен .Францияның құрамына Корсика аралы, Жерорта теңізі мен Бискай шығанағындағы ұсақ аралдар енеді . Француз одағы деп аталатын бірлестікке бес шалғай департамент (Кариб теңізі алабындағы Гваделупа, Мартиника,Оңтүстік Америкадағы Гвиана ,Үнді мұхитындағы Реюньон, Атлант мұхитындағы Сен – Пьер мен Микелон) және т.б. жатады.Жалпы ауданы 127 мың км2 болатын бұл иелікте 1,5 млн адам тұрады.Француздар өз елін «гексагон» (алтыбұрыш) деп атайды.Еуропаның батысында орналасқан елдің негізгі аумағының құрылықтағы шекаралары солтүстікте Бельгия мен Люксембург, шығыста Германия мен Швейцария ,ал оңтүстік – шығыста Италия және Монакомен,оңтүстік – батыста Испания және Андоррамен шектеседі.Еуропалық Одаққа енетін дамыған мемлекеттердің аралығында орналасуы Францияның еуропалық біртұтас қарым – қатынастарының дамуына оң әсер етеді.Францияның теңіздік шекаралары Жерорта теңізі, Бискай шығанағы және Ла-Манш бұғазы бөліп тұр 
Барлық реферат | Просмотров: 1720 | Загрузок: 0 | Добавил: adilbek | Дата: 02.02.2014 | Комментарии (0)

Фразеология термині белгілі бір тілдегі фразеологизмдердің тұтас жиынтығы деген мағынамен қатар, тіл білімінің фразеологизмдерді зерттейтін саласы деген ұғымда да қолданылады. І. Кеңесбаевтың авторлығымен  шыққан «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі» қазақ фразеологиясына ғана емес, қазақ тіл біліміне де қосылған елеулі үлес. І. Кеңесбаев аталған сөздіктегі қазақ тілінің фразеологизмдері туралы жазған мақаласында фразеология туралы: «Тіл-тілдің өзіне тән ұлттық қасиеті оның барлық тарауларынан (ярустарынан) байқалатыны мәлім. Сол қасиет, әрине, тиянақты сөз тіркестерінен де анық көрінеді. Тіл байлығын сөз еткенде сөз байлығы (лексикалық қор) деген топқа осы сөздікте қамтылған алуан түрлі фразеологизмдерді жай, жалпылай жатқыза салуға болмайды. Басқаша айтқанда сөз байлығын тексеретін тіл білімі саласын л е к с и к о л о г и я деп атайтын болсақ, фразеологизм байлығын тексеретін тіл білімі саласын ф р а з е о л о г и я деп атау әбден орынды», – деп жазады 
Барлық реферат | Просмотров: 1761 | Загрузок: 0 | Добавил: adilbek | Дата: 02.02.2014 | Комментарии (0)

1. Адамның объективтiк дүниенi танудың алғашқы формалары-дүниенi сезiну және дүниенi қабылдау - эмоционалды-сезiмдiк сфералармен, түйсiктермен байланысты болады. Әрбiр адам жастайынан дүниенi танып бiле бастайды, заттар мен құбылыстар жайында бiлiмдер жинақтайды  (мыс.оптимистiк және пессимистiк көзқарастар дүниенi сезiну мен байланысты,ал сол сезiмдер негiзiнде қалыптасқан образдар мен бейнелер мыс.белгiлi бiр өткен немесе келешекте болатын өмiр жағдайларын елестету, дүниенi қабылдау болып табылады). Дүниенi сезiну мен қабылдау адам өмiрiнде маңызды орын алады,бiрақ құбылыстар мен процестердiн терен мәнiң,олардын себептерi мен салдарын түсiнуге мүмкiндiк тудырмайды.

Барлық реферат | Просмотров: 1419 | Загрузок: 0 | Добавил: adilbek | Дата: 02.02.2014 | Комментарии (0)

Ата-бабамыз ұлды өздерiндей еңбексүйгiш, малсақ, жауынгер, әншi, күйшi, аңшы, құсбегi — бесаспап азамат етiп тәрбиелеудi мақсат еткен. Жiгiттiң бойына өнер мен еңбектi, iзгi адамгершiлiк қасиеттердi қатар  сiңiрген.  Ер баланы бес жасынан бастап ат жалын тартып  азамат болғанға  дейiн мал бағу мен аң аулауға, отын шабуға, қора салуға, ағаштан, терiден, темiрден түрлi тұрмысқа қажеттi бұйымдар жасауға, яғни қолөнер шеберлiгiне баулыған. Әсiресе әкелерi мен аталары ұлдарға мал жаюдан бастап шаруаның алуан тәсiлдерiн үйретiп баққан. Мысалы, малды ерте өргiзу, саулатып қоя бермей, алдын кес-кестеп қайырып, тоқтатып жаю, шаңқай түске дейiн жусатпауды тапсырған.
Барлық реферат | Просмотров: 1356 | Загрузок: 0 | Добавил: adilbek | Дата: 02.02.2014 | Комментарии (0)

Ойнамайтын бала жоқ. Ойынға қызықпайтын адам жоқ. Көңiл көтермейтiн адам, сауық құрмайтын халық жоқ. Үлкен де, кiшi де ойнап көңiл көтередi, бiр нәрсеге берiле қызығады, әр жетiстiктен қанағат табады. Ал қызығу, қуану, қанағаттану - өмiрдi тамашалаудың көрiнiсi немесе өмiрде сауық құрудың нышаны. Ойын-сауыққа үлкен-кiшiнiң бәрi де әуес. Айтпағымыз, өмiр кейде ойын-сауыққа ұқсас, ойын-сауықсыз адамның өмiрiн көз алдыңа елестете алмайсың. Ойынның тарихы тереңде, көне дәуiрден басталады. Оның қалыптасу кезеңдерi мен тарихы өз алдына әңгiме. Ойын халықтың өмiр сүру салтынан, өмiр сүру үшiн күресiнен туындаған қажеттiлiктiң бiрi. Ойын-сауық еңбектiң мазмұны мен құралына орай түрленген, жетiлген. Қазақ — ойын-сауықшыл халық. Бүгiнде қазақтың 100 ден аса ойын түрлерi мәлiм. Қазақ "баланы жастан” дегенде, ойын-сауық арқылы жасөспiрiммен тәрбиелiк жұмысты ертерек және жас ерекшелiктерiне қарай жүргiзудi пайымдайды. Ойынсыз ұрпақтың кiм екенiн, халықтың қандай екенiн бағалау екiталай. Адам мен ойын түйiндес, түбiрлес. Ойын-сауық қазақтың әдет-ғұрпына үнемi және айқын ықпал еткен.
Барлық реферат | Просмотров: 955 | Загрузок: 0 | Добавил: adilbek | Дата: 02.02.2014 | Комментарии (0)

Дене беті тегіс болмайды. Бір дене екінші дененің бетімен қозғалғанда осы тегіс емес жерлер деформацияланады, үйкеліс күштері пайда болады. Үйкеліс күші электромагниттік күштер қатарына жатады. Қатты денелер бірінің бетімен бірі қозғалғанда олардың арасында сұйық немесе газ тәрізді зат болмаса, онда пайда болатын үйкелісті құрғақ үйкеліс деп атайды. Құрғақ үйкеліс тыныштық үйкелісі және сырғанау үйкелісі болып екіге бөлінеді. Үйкелістің тербеліс үйкелісі деп аталатын түрі де кездеседі. Тыныштық үйкелісі мына формуламен анықталады
Барлық реферат | Просмотров: 1758 | Загрузок: 0 | Добавил: adilbek | Дата: 02.02.2014 | Комментарии (0)

Бүгінгі таңда тұлға - психологиядағы ең өзекті мәселелерінің бірі болып саналады. Өйткені қоғамымыздың қарқынды әлеуметтік дамуы белсенді, жасампаз тұлғаны қалыптастыруға жоғарғы талап қояды. Ал қоғамның қазіргі жағдайында, елдің саяси, мәдени, әлеуметтік-экономикалық жақтарын жаңарту кезінде - жас ұрпақтың болашақта ізгі ниетті азамат болып дамуына олардың тұлғасының дұрыс қалыптасу үрдісі үлкен ықпалын тигізетіні сөзсіз. Сондықтан да тұлғаның теориялық зерттеулеріне, жалпы ұғымына сарапталған талдауларға зер салайық.
Барлық реферат | Просмотров: 2152 | Загрузок: 0 | Добавил: adilbek | Дата: 02.02.2014 | Комментарии (0)

Қазақ тілі грамматикасының құрылысының ана тілімізде зерттеулердің  жарық көруі ғасырымыздың алғашқы 10-15 жылдарынан басталады. Оның бастауы – 1914 жылы «Тіл құралы» деген атпен Орынборда жарық көрген Ахмет Байтұрсыновтың еңбегі – қазақ тілі морфологиясы ана тілімізде сөз еткен алғашқы зерттеу. 30-шы  жылдар ішінен бастап 60-шы жылға дейін, біріне-бірі жалғастырыла үздіксіз жүргізіліп келген Қ.Жұбанов, С. Аманжолов, Н. Сауранбаев, А. Ысқақов, А. Қалыбаева т.б ғалымдардың зерттеулері арқасында өз шешімін тапты. Ол академиялық грамматика мен  жоғарғы оқу орындарына арналған оқулықтардың күрделі бір саласы ретінде де, жеке монографиялық зерттеулердің объектісі ретінде де кең көлемде қойылып зерттеліп келді. Тек өкініші – 60-шы жылдардан бері қарайғы уақытта бұл саладағы жұмыс ілгері баспай қойды.
Барлық реферат | Просмотров: 2327 | Загрузок: 0 | Добавил: adilbek | Дата: 02.02.2014 | Комментарии (0)

Тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу теңдеулер мен теңсіздіктердің басқа түрлерін шешуден бірінші кезекте оларды шешу нәтижесінде шешімдердің ақырсыз сериясын алуымызбен ерекшеленеді. Сондықтан осы теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу нәтижелерін келтірумен шектелеміз. Негізгі тригонометриялық теңдеулер мыналар: 

Барлық реферат | Просмотров: 3732 | Загрузок: 0 | Добавил: adilbek | Дата: 02.02.2014 | Комментарии (0)

Тәуекел дегеніміз – алдын ала қарастыратын болжам немесе жоспарланған нәтижемен салыстырғанда зиян шегу немесе табысты азырақ алу ықтималдығы. Түрлері:
1. өндірістік;
2. коммерциялық;
3. қаржылық;
4. несиелік;
5. проценттік.

Барлық реферат | Просмотров: 911 | Загрузок: 0 | Добавил: adilbek | Дата: 02.02.2014 | Комментарии (0)

Тəрбие педагогикада бірнеше қырларымен танылған:

– əлеуметтік мағынада – бұл аға буын жинақтаған тəжірибені жас ұрпақ өкілдеріне өткізу. Тəжірибе дегеніміз – адамзаттың өз тарихи даму барысында жасаған рухани мұрасы, дəлірек айтсақ : адамдарға белгілі болған білімдер, ептіліктер, ойлау тəсілдері, құқықтық, адамгершілік жəне т.б. нормалар.

– педагогикалық мағынада – бұл тəрбиеленушіге ықпал жасау үшін ұйымдастырылған арнайы іс-əрекет, тұлға қалыптастыруға бағытталған мақсатты процесс. 

Барлық реферат | Просмотров: 832 | Загрузок: 0 | Добавил: adilbek | Дата: 02.02.2014 | Комментарии (0)

Тəрбие құрал-жабдықтары – бұл əлеуметтік тəжірибенің педагогикалық тəуелсіз көздері. Ниеттеген мақсатына жету жолындағы, субъектке тəрбиелік ықпал жасаушы əрқандай заттың бəрі тəрбие құрал-жабдығы есептеледі. Қоршаған болмыстың қалаған нысаны: зат, мүлік, дыбыс, аң, жануарлар, өсімдіктер, шығармашылық туындылары, құбылыстар, оқиғалар, өмірлік сəт көріністері жəне т.б. – тəрбиелік ықпалға ие. Тəрбие құрал-жабдықтары тəрбиеленушіге өздігінен əсер етеді, сонымен бірге оларды тəрбиеші мақсатты бағытта пайдалануы да мүмкін. 

Барлық реферат | Просмотров: 862 | Загрузок: 0 | Добавил: adilbek | Дата: 02.02.2014 | Комментарии (0)

Білім берудің кез-келген  жүйесінің негізгі мақсаты - оқушы  тұлғасының дамуы жөнінде айта келе, ең алдымен қазіргі замандағы педагогикалық психологияның негізгі ережелерінің бірін атап өту қажет, оған сәйкес оқыту адамның психикалық және жалпы алғанда, тұлғалық дамуының шарты ғана емес, сонымен катар оның негізі және құралы болып табылады. Оқыту мен дамытудың ара қатысының сипаты туралы сұрақ та маңызды. Бұл сұраққа жауап педагогикалық психология үшін өте маңызды.
Барлық реферат | Просмотров: 5449 | Загрузок: 0 | Добавил: adilbek | Дата: 02.02.2014 | Комментарии (0)

1-20 21-40 ... 81-100 101-120 121-140 141-160 161-180 ... 3021-3040 3041-3056