Каталог файлов - Cak.clan.su Қазақша кітап, реферат, слайдтар сайты
Главная » Файлы [ Добавить материал ]

Всего материалов в каталоге: 3056
Показано материалов: 61-80
Страницы: « 1 2 3 4 5 6 ... 152 153 »

КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНК – лицензияға және қолданыстағы заңнамаға сүйеніп коммерциялық негізде банк операцияларын жүзеге асыру құқығы берілген заңи тұлға, яки кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер, азаматтар үшін әмбебап банк операцияларын: есеп айырысу, төлем төлеу, салымдар тарту, несие беру операцияларын, сондай-ақ, құнды қағаздар рыногіндегі операцияларды жүзеге асырушы ірі несие мекемесі. К. б. үлеспұлдық немесе акцион. негізде құрылады. 
Барлық реферат | Просмотров: 448 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 05.02.2014 | Комментарии (0)

Ұлтаралық банк  түрлі елдерде, түрлі аяларда, түрлі валюталармен операциялар жасайтын әмбебап тұрпаттағы халықаралық қаржы-несие кешені. Ұ. б. өнеркәсіптік монополиялармен біте қайнасуы арқасында несие капиталдары мен көрсетілетін несие-қаржы қызметінің әлемдік нарығын экон. бөлісуге нақты қатысады. Ұ. б-інің несие капиталдарының әлемдік нарығын монополияландыруы оның орталықтандырылған басшылықтың, бас мекеменің бірыңғай стратегиясы мен тактикасы арқасында өзінен ірілігі төмендеу банкілерге өктемдігін жүргізуіне мүмкіндік береді. Қарызгерлердің несие капиталдарының әлемдік нарығына қол жеткізу мүмкіндігі шектеулі әрі сараланған. 
Барлық реферат | Просмотров: 319 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 05.02.2014 | Комментарии (0)

КРЕДИТ-АҚША САЯСАТЫ – мемлекет экономикасында ақша мөлшерін реттеу мақсатында қолданылатын шаралар кешені. К.-а.с. жалпы ұлттық өнім, баға деңгейі және ұлттық табыс сияқты аса маңызды макроэкон. көрсеткіштерге айтарлықтай әсерін тигізетіндіктен мемл. экон. саясаттың негізгі бағыттарының бірі ретінде қаралады. Бүкіл 20 ғ. бойына мынадай заңдылық орын алды: неғұрлым дамыған мемлекеттер, экон. өсуді ынталандыру, экон. жағдаяттың ауытқуын реттеу үшін нақ осы К.-а. с. құралын қарқынды пайдалануға тырысты, әйтсе де мұндай жанама ынталандыру әрқашан да күткендегідей нәтижелер бермеді.
Барлық реферат | Просмотров: 559 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 05.02.2014 | Комментарии (0)

ИНФЛЯЦИЯ (лат. іnflatіo – желбуаз), ақшаның құнсыздануы – ақша айналысы арналарының тауар айналымы қажеттерінен артық мөлшерде толуы. Мұның өзі ақша өлшемінің құнсыздануын туғызып, тиісінше бағаның өсуіне апарып соқтырады. Бағаның кез келген өсуін инфляциялық өсу деп есептеуге болмайды. Баға өсуінің инфляциялық себептерінің арасында мемл. шығыстар мен кірістердің теңдестірілмеуі, яғни мемл. бюджеттің тапшылығы неғұрлым елеулі себепке жатады. Көбінесе, бұл тапшылық ақша шығару жолымен жабылады, мұның өзі ақша көлемінің көбейіп, соның салдарынан И-ға әкеліп соғады, яғни айналыстағы қағаз ақша құнсызданып, валютаны сатып алуға жарамдылығы құлдырайды.
Барлық реферат | Просмотров: 364 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 05.02.2014 | Комментарии (0)

МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЖЫ – экономиканы реттеуге, азаматтардың әлеуметтік қажеттіліктерін, қорғаныс және мемлекеттік басқару мұқтаждарын қанағаттандыруға, мемлекеттік борышты өтеуге, т.б. арналған мемлекеттік ақша қорларын құрау мен пайдалануға байланысты құндық бөлу үдерісінде туындайтын ақша қатынасы. Елдің қаржы жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады. М. қ. экон. мазмұнына қарай әртекті болып келеді, онда мемл. бюджет, мемл. бюджеттен тыс қорлар, мемл. несие, мемл. және жергілікті (муниципалдық) кәсіпорындардың қаржысы қамтылады. М. қ-ның аталған буындарының сан алуан атқарымдық мақсатына орай мемлекет қоғамда болып жатқан экон. және әлеум. үдерістерге түрліше ықпал етеді, салалық және аумақтық мәселелердің қолайлы шешімін табады.
Барлық реферат | Просмотров: 461 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 05.02.2014 | Комментарии (0)

Қазақстан халық жинақ банкі, Халық банкі – аса ірі әмбебап коммерциялық банк; Қазақстанның ең сенімді және әртараптандырылған қаржы құрылымдарының бірі. Банктің Қазақстанда 528 құрылымдық бөлімшесі, Ұлыбританияда (Лондон), ҚХР-да (Пекин) және Ресейде (Мәскеу) шетелдік өкілдіктері бар. Банк өз тарихын 1923 ж. тамызда Ақтөбе қ-нда мемл. еңбек жинақ кассасының ашылған кезінен бастайды. 
Барлық реферат | Просмотров: 376 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 05.02.2014 | Комментарии (0)

Қазақстан Республикасы: Бюджет жүйесі – мемлекеттік, әкімшілік-аумақтық бірліктер мен бюджет тұрғысынан дербес мекемелер бюджеттерінің жиынтығы. Қ. Р. б. ж. елдің түрлі деңгейлердегі бюджеттерінің экон. қатынастар мен заңды нормативтеріне негізделген. Оларды әзірлеу, қарау, бекіту, атқару және атқарылуын бақылау процесін біріктіреді. Бюджет жүйесінің бірлігі бірыңғай заң шығарушылық негіз, бюджеттік құжаттама нысаны, бірыңғай бюджеттік жіктелімді (кіріс пен шығыстың міндетті топтамасын) қолдану, бюджеттердің төменгі деңгейінен келесі деңгейіне қажетті статистик. және бюджеттік ақпарат беру, бірыңғай ақша жүйесі арқылы қамтамасыз етіледі. Қ. Р. б. ж-нің құрылымы екі деңгейлі – респ.
Барлық реферат | Просмотров: 433 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 05.02.2014 | Комментарии (0)

Кредит жүйесі – кең мағынада: елде орын алып отырған кредиттік қатынастардың, кредит мекемелерінің, кредит түрлері мен әдістерінің жиынтығы; тар мағынада: кредиттік-есептілік қатынастарды ұйымдастыратын, ақша айналысын реттейтін кредит мекемелерінің (банктердің, сақтандыру қоғамдарының, ломбардтардың, т.б.) жиынтығы. Ақша және ақша қорларына иелік етіп отырғандар арасындағы қатынастар кредиттік қатынастардың негізгі және бастапқы түрі болып табылады. Осы қатынастардың аясында кредиттің негізгі түрлері дами түседі. Банктер мен бейбанктік (банктен тыс) кредит-қаржы мекемелері елдегі К. ж-нің негізгі буындары болып табылады. Банктер – ақша қаражаты мен жиналымын шоғырландыратын, кредит беретін, ақшалай есеп айырысуларды, айналысқа ақша шығаруды, бағалы қағаздармен жасалатын операцияларды, т.б. жүзеге асыратын айрықша мекемелер. 
Барлық реферат | Просмотров: 503 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 05.02.2014 | Комментарии (0)

Қазақстан Даму Банкі (ҚДБ) – мемлекеттік қаржы институты. ҚР-ның "Қазақстан даму банкі туралы” Заңына сәйкес мемлекеттің инвестициялық саясатын іске асыру мақсатымен 2001 ж. 25 сәуірде жабық акцион. қоғам ретінде құрылды. Банктің жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесі – 100%. ҚДБ-ның құрылтайшысы – Үкімет (Қаржы мин.), жергілікті атқарушы органдар. Банктің жоғ. органы – акционерлердің жалпы жиналысы, ол ҚР Президентінің ұсынуымен директорлар кеңесінің мүшелерін сайлайды. Кеңес банктің қызметіне (жалпы жиналыстың ғана құзырына жататын мәселелерден басқасына) жалпы басшылық жасайды. ҚДБ қызметінің мақсаты – мемл. инвестиц. қызметті жетілдіріп, тиімділігін арттыру; өндірістік инфрақұрылым мен өңдеуші өнеркәсіпті дамыту, елдің экономикасына ішкі және сыртқы инвестициялар тартуға жәрдемдесу. 
Барлық реферат | Просмотров: 350 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 05.02.2014 | Комментарии (0)

Кәсіпкерлік – азаматтар мен олардың бірлестіктерінің пайда немесе өзіндік табыс алуға бағытталған бастамашылық дербес қызметі. К-ті азаматтар өз атынан, өзінің мүліктік жауапкершілігі кепілдігімен немесе заңи тұлғаның (кәсіпорынның) атынан және соның жауапкершілігі кепілдігімен жүзеге асырады. К. кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысаны (мемл., ашық акцион. қоғам, жабық акцион. қоғам, серіктестік, жекеше кәсіпорын, өндірістік кооператив, муниципалдық кәсіпорын) арқылы айқындалатын шектегі мүліктік жауапкершілікті көздейді.
Барлық реферат | Просмотров: 591 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 05.02.2014 | Комментарии (0)

Әлемдік экономиканың жаһандануы – шаруашылық өмірдің интернационалдануының ең жаңа сатысы. Ә. э. ж-ның жалпы жұрт қабылдаған анықтамасы жоқ. Қазіргі әлемдік экономика ұлттық экономикалардың барған сайын біте қайнасуымен сипатталады. 19 ғ-дың аяғында басталған интернационалдану жаңа сатыға аяқ басып, бірыңғай жаїандық әлемдік шаруашылық қалыптасты. 1980 – 90 ж. өндіріс аялары мен салалары бойынша дағдылы мамандануға ғана емес, сонымен қатар компоненттерді, тораптарды, бөлшектерді әлемдік нарыққа шығарып, жеткізуге де маманданған мүлде жаңа халықаралық еңбек бөлінісі қалыптасты.
Барлық реферат | Просмотров: 558 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 05.02.2014 | Комментарии (0)

Мұнай-грек халқының «нафта» деген сөзінен шыққан «нафта» жарып шығарлық қасиеті бар деген мағынаны білдіреді. Шынында, жер бетінде кездесетін мұнай мен газ, көздерінің терең орналасқан қабаттарымен адам баласына жұмбақ болып келді. Кейбір ойпаттарды жер қойнауын жарып шығып атқылап , кейде бұлақ болып ағып жататын «қарамай» немесе үзілмес от болып жанып тұратын таңғажайып жаратылыс құбылыстары халыққа әр заманда «құдірет күші» деп танылады.
Барлық реферат | Просмотров: 362 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 05.02.2014 | Комментарии (0)

Мұнай газ өнеркәсібі және қоршаған орта-Мұнай мен газ улы заттар болғандықтан қоршаған ортаға түскенде табиғатқа және адам денсаулығына орасан зор зиян келтіреді.Топырақ, атмосфера, су қоймалары ластануға ұшырауда. Жер қойнауынан шамадан тыс көмірсутектерін игерудің нәтижесінде жасанды жер сілкінісінің пайда болған кездері де болды. Мұнай газ өнеркәсібінің табиғатқа және адам денсаулығына қолайсыз әсер етуін азайту мақсатында табиғатты сақтау технологиясын қолданып отыруды қажет етеді. Өндіруші компанияларға ілеспе газды жағуға тыйым салынды.

Барлық реферат | Просмотров: 1507 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 05.02.2014 | Комментарии (0)

Барлық реферат | Просмотров: 316 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 05.02.2014 | Комментарии (0)

Мұнай  (түрікше neft – мұнай) – Жердің шөгінді қабатында таралған, жанғыш майлы сұйықтық; адамзат тіршілігі үшін маңызы зор, пайдалы қазынды. Мұнай 1,2 – 2,0 км-ден астам тереңдікте газ тәрізді көмірсутектермен бірге түзіледі. Түсі ашық-қоңырдан қою қоңырға, қараға дейін өзгереді, тығыздығы 0,65 – 1,05 г/см3 аралығында; жеңіл (тығыздығы 0,83 г/см3-ке дейін), орташа (0,831 – 0,860 г/см3), ауыр (0,860 г/см3-тен жоғары) болып бөлінеді. 28°С-тан жоғары температурада қайнайды, меншікті жылу сыйымдылығы 1,7 – 2,1 кДж/(кг.К), меншікті жану жылуы 43,7 – 46,2 МДж/кг, диэлектрлік өтімділігі 2 – 2,5; тұтану температурасы 35 – 120°С, органикалық еріткіштерде ериді, суда ерімейді.
Барлық реферат | Просмотров: 758 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 05.02.2014 | Комментарии (0)

Монополиялық пайда – рынок пен өндірісті монополиялық бақылау жолымен алынатын жоғары пайда; монополистік бірлестіктердің орташа пайдадан асып түсетін пайдасы. М.п. тауарларды монопол. өндіру мен өткізу жағдайында рыноктың монопол. бақылауға алынуын сипаттайды. Тауар өндірушілер монопол. жағдайға аса білікті жұмыс күшін, жетекші мамандар мен менеджерлерді, ғыл. ашылымдар, патенттер, лицензиялар негізінде жаңа технологияларды пайдалану жолымен қол жеткізеді. Монополияларда сұранымды зерттеу, оны қанағаттандыру, нақты сатып алушылар рыногін қалыптастыру үшін мүмкіндіктер көп.
Барлық реферат | Просмотров: 403 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 05.02.2014 | Комментарии (0)

Әкімшілдік-әміршілдік экономика, өндіріс құрал-жабдығына қоғамдық меншікке, орталықтандырылған жоспарлауға және қоғам өмірінің барлық аясын директивалық басқаруға негізделеді. Басты белгісі – іс жүзінде барлық экон. ресурстарға (жерге, жер қойнауына, кәсіпорындарға, қаржыға, т.б.) мемл. меншіктің үстемдігі. Тиісінше халық ш. бірыңғай "фабрика” болып табылады, ал орт. жоспарлаушы органдар кім үшін, қалай өндіру мәселелерін шешеді, яғни нарықтық жүйедегідей сұраныс емес, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің ұсынысы айқындаушы фактор болып табылады. Мұндай шарттар монополия мен бюрократияны сөзсіз тудырады, мұның өзі дамуға деген ынтаны төмендетеді.
Барлық реферат | Просмотров: 305 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 05.02.2014 | Комментарии (0)

Көмір өнеркәсібі – елдің халық шаруашылығындағы және минералдық-шикізат кешеніндегі базалық салалардың бірі. Ол энергетиканы, металлургияны, химия өндірісін, өнеркәсіптік және коммуналдық қазандықтарды, ауыл шаруашылығын, халықты отынмен қамтамасыз етеді, сондай-ақ қазба көмірді өндіру және өңдеу шараларын да қамтиды. Көмірден түрлі әдістермен шаруашылықтың әр саласына қажетті 350-ден астам құнды заттар алынады.
Қазақстанда көмір өнеркәсібі шаруашылықтың ең көне саласына жатады. 1833 ж. қойшы Байжанов Аппақ Қарағанды мекенінен "отқа жанатын қара тасты” кездейсоқ тауып алған. Бірақ 23 жыл өткеннен кейін ғана өнеркәсіп иелері кен орнына назар аудара бастады. Қарағанды кенінен алғашқы 30 жылда (1857 – 87) 303 мың тонна немесе әр жылы орта есеппен 10 мың тонна көмір өндірілді.
Барлық реферат | Просмотров: 956 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 05.02.2014 | Комментарии (0)

ҚАЗАҚСТАННЫҢ 1946 – 1991 ЖЫЛДАРДАҒЫ САЯСИ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ – халық шаруашылығындағы тарихи кезең. 1941 – 45 ж. соғыстан кейін халық ш. бейбіт бағытқа көшті. Ауыр өнеркәсіпті дамытуға баса көңіл бөлінді. Жергілікті отынға негізделген энергетика дамыды. Республикада 4-бесжылдықта (1946 – 50) егіс көлемі бір миллион га-дан астам ұлғайды. А. ш. дақылдарының түсімі артты. Керісінше, мал басының өсу қарқыны төмен болды. 50-жылдары Қазақстанның экон. күш-қуатының өсуі үшін шаруашылық айналымға жаңа қорларды тарту, өндірістің тех. дәрежесін арттыру шаралары жүзеге асырылды. Бірақ жеңіл және тамақ өнеркәсіп салалары артта қалып, шикізат және отын өндіретін салалар озық дамыды. А. ш-ның даму қарқыны өнеркәсіптен едәуір төмен болды. 
Барлық реферат | Просмотров: 429 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 05.02.2014 | Комментарии (0)

Қоғамның аумақтық ұйымдасуындағы басты буын - экономикалық-әлеуметтік аумақтық кешендер (ЭӨАК). Олар аумақты игеру барысында қалыптасады. Әрқайсысы ландшафт, тұрғын халық және шаруашылыктың үштік бірлігін көрсетеді. ЭӨАК-нің мысалы ретінде қала, ауыл шаруашылық аудан, демалыс зонасы, т.б. қарастыруға болады. Ең ірі кешендерге облыстар және тұтас ел жатады. География оларды сипаттап жазып, жүріп жаткан процестерді түсіндіре отырып, болашаққа болжам жасайды. Бұл зерттеулердің мақсаты - қоғамның тиімді аумақтық ұйымдасуын қалыптастыру. Мұндай ұйымдасуды жоғары дамыған экономика мен адам өмірінің жоғары сапасы ерекшелендіреді.
Барлық реферат | Просмотров: 1767 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 05.02.2014 | Комментарии (0)

1-20 21-40 41-60 61-80 81-100 101-120 ... 3021-3040 3041-3056