Главная » Файлы [ Добавить материал ]

Всего материалов в каталоге: 3056
Показано материалов: 41-60
Страницы: « 1 2 3 4 5 ... 152 153 »

Ежелгі грек этикасы. Этиканың өзіндік мәртебесі бар философиялық ілім ретінде қалыптасуы антикалық грек философиясының қойнауында жүзеге асқандығы туралы айтып өткен болатынбыз. Өзінің атауымен де, негізгі ұғымдық категорияларымен де, мәселелік өрісімен де этика Аристотельге қарыздар. "Никомах этикасын", "Эвдем этикасын", "Үлкен этиканы" жазған ұлы ойшыл этиканы дамыта отырып, елге танытты.
Барлық реферат | Просмотров: 2764 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 06.02.2014 | Комментарии (0)

Эстетика (грек. aіsthetіkos – сезіну, сезімдік) – адамның дүниені эстетикалық тұрғыдан ұғынып-түсіну заңдылықтары туралы, әсемдік заңдарын арқау еткен шығармашылықтың мәнісі мен формалары туралы ғылым. Эстетика ғылым ретінде осыдан 5 мың жыл бұрын – Мысырда, Вавилонда, Үндістанда және Қытайда дүниеге келіп, Ежелгі Грекия мен Римде кеңінен дамыған. Демокрит, Аристотель, Эпикур, Лукреций Кар, т.б. өз еңбектерінде сұлулықтың объективті негізі – шындық өмірдің заттық қасиеттерінде, байланыстарында, қатынастарында, заңдылықтарында деп білді.
Барлық реферат | Просмотров: 4143 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 06.02.2014 | Комментарии (0)

Ақиқат – таным теориясының негізгі категориясы, адам ойының өмір шындығымен сәйкестілігі. Ақиқат — танушы кісінің объектіні дұрыс, дәл бейнелеуі, адам санасынан тыс және тәуелсіз күйінде, өмір сүрген қалпында көрсетуі. Ақиқат категориясы білімнің затқа сәйкес келуін ғана емес, танымдық қызмет тәсілін де сипаттайды. Объективті ақиқат — білімінің адамға да, адамзатқа да тәуелсіз мазмұны. Ақиқат — салыстырмалы, себебі ол ішкі қайшылықта үнемі дамып, толықтырылып, тереңдетіліп, түзетіліп отыратын процесс. Абсолюттік ақиқат — затты толық сипаттайтын, таным дамуында теріске шығарылуы мүмкін емес мызғымас ілім. Салыстырмалы ақиқат пен абсолюттік ақиқат диалектик. байланыста. Салыстырмалы ақиқатта абсолюттік ақиқаттың ұшқыны бар, ал абсолюттік ақиқат салыстырмалы ақиқаттың жиынтығы (қ. Абсолютті және салыстырмалы ақиқат) негізінде құралады.
Барлық реферат | Просмотров: 2075 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 06.02.2014 | Комментарии (0)

"Ақиқат ұғымы" Білімдегі абсолюттік және салыстырмалылық диалектикасы. Таным нәтижелерінің практикалық қызметте жетістікпен қолданылуы тек алынған білім дәйекті, ақиқатты болғанда ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Акиқат туралы мәселе, тиісінше, таным теориясындағы аса маңыздылардың бірі. Ақиқат — білімнің пәніне, нағыздығына сәйкестігі. Былайша айтқанда, ол — нағыздығтың дұрыс көрсетілуі. Акикаттың айқындамасын түсіну оның төменде келтірілген негізгі қасиеттерін, белгілерін дәл айқындап алуды талап етеді.
Барлық реферат | Просмотров: 2849 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 06.02.2014 | Комментарии (0)

Фр. Бэкон философиясы
Жаңа Заман ағылшын философиясының көркейген кезеңіне айналды.
XVII-XVIII ғасырлардағы ағылшын философиясының жалпы сипаты:
1.Материалистік бағыттылық (ағылшын философтарының көпгшілігі басқа елдер философиясына, мысалы, осы кезеңдегі неміс филосфтарына керісінше, болмыс мәселелерін материалистік тұрғыдан түсіндіріп, идеализмді қатаң сынады);
Барлық реферат | Просмотров: 1584 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 06.02.2014 | Комментарии (0)

Философияның пайда болуы ежелгі дүниеге қатысты. Философиялық білімдердің бастауы біздің заманымызға дейінгі VІ—V ғасырлардағы құл иеленуші мемлекеттерде — Қытайда, Үндістанда, Грекияда болғаны айқын көрінеді. "Философия" сөзін алғаш қолданған Грекиядан шыққан ұлы математик, философ Пифагор болды. Аңыз бойынша, ежелгі грек қалаларының бірінің билеушісі базарға келіп, сырттай босқа қарап тұрған Пифагордан: "Сен кімсің?"— деп сұраған. Пифагор: "Мен философпын", — деп жауап беріпті. Бұл сөз билеушіге таныс болмағандықтан, Пифагор былай түсіндіріпті: "Өмір дегеніміз — Олимпиадалық ойындар сияқты: біреулер оған жарысқа түсуге, екіншілері сауда жасауға, ал ең бақыттылары көруге келеді. Кәдімгі өмірдегідей, біреулер—даңққұмар, енді біреулер — жемқор, ашкөз.
Барлық реферат | Просмотров: 1431 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 06.02.2014 | Комментарии (0)

Осы дәуірдегі философия ілім "схоластика” ("мектептік ілім”) деген атқа ие болып, негізгі үш кезеңнен өтті: а) Балауса схоластика (IX – XII ғасырлар). Бұл кезеңде ғылым, философия, теология әлі бір-бірінен ажырамаған, бірақ ақыл-ой әрекетінің жемісі мен құндылығын түсінуді және универсалийлерге (жалпылық) байланысты пікірталас негізінде ақыл-ойға сенімнің үстемдігін жүргізуді және сол үстемдіктің "заңдылығын” дәлелдеуді өзіне мақсат етіп қойған схоластикалық тәсіл қалыптасты.
Барлық реферат | Просмотров: 1172 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 06.02.2014 | Комментарии (0)

Қызылтас (1283 м). Қызыларай (1565 м). Кешубай (1559 м). Кент (1415 м). Қарақуыс (1342 м). Қарқаралы (1403 м). Қу (1356 м) аласа таулары және бұлардың маңындағы кейбір біршама ұсақтау көтерілімдер жиыны негізгі орографиялык жене суайрықтық ядроны түзеді. Бұл аймақтан Теңіз алабының өзендері Шерубай-Нұра мен Нұра, Ертіс езенінің алқабы бағытындағы Түндік және т.б., сондай-ақ Балқаш өзенінің алабына жататын Мойынты, Жамшы, Токырауын, Дағанделі езендері басын алады. 
Барлық реферат | Просмотров: 2046 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 06.02.2014 | Комментарии (0)

Орталық Қазақстан атырабы гипсометриялыктұрғыдан Солтүстік Қазақстан, Торғай, Бетпақдала және Балқашмаңы жазықтарынан бөлектеніп, ерекше өлкеге жатады. Жалпы ауданы 1 млн. км2-ге жуық атыраптың мұндай бөлектенуі оның геологиялык дамуының тарихымен және геологиялык кұрылымымен байланысты. Кристалды жыныстар беттерінің өз түзілу элементтерін барлық тұстарда анық көрсете, ашыла жатуының салдарынан орыс тілді әдебиетте Қазақтың катпарлы атырабы, Орталық Қазақстандық қалқан, Орталық Қазақстан платформасы, Қазақ үстірті деген терминдер пайда болды.Сонымен қатар, Орталық Қазақстанның өзіне тән жер бедері «Қазақтың ұсақшоқылығы» (Казахский мелкосопочник) деген қалыптасып кеткен атауын туғызды.
Барлық реферат | Просмотров: 1726 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 06.02.2014 | Комментарии (0)

Батыс Қазақстанның жануар және өсiмдiк әлемi өте бай және алуан түрлi. Шөлдi далалары өзендер мен көлдерге жалғасады, альпiлiк шалғындар биiк тау қыраттарымен шектеседi.

Батыс-Алтай мемлекеттiк қорығы 1992 жылы ұйымдастарылған. Оның ауданы 56,3 мың га. Қорық Алтайдың қазақстандық бөлiгiнiң таулы жерлерiнде орналасқан: Ақ Оба өзенiнiң бастауындағы Линей, Холзын, Көксi және Иванов ауданы, Тұрғысын өзенiнiң құйылуындағы Қара Оба және Борсық жерлерi. Ақ Оба өзенiнiң бастауында 14 майда мұздықтар бар. Орман шекарасынан жоғары мұздан түзiлген майда тау көлдерi және жылғаларға бастама болатын батпақ орналасқан.

Барлық реферат | Просмотров: 2090 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 06.02.2014 | Комментарии (0)

Халықтың қоныстануының географиялық ерекшелігі Қазақстан халқының саны аумағының, үлкендігіне сай келмейді. Халықты біркелкі қоныстандыру және үлкен аймақты игеру мүмкін емес. Сонымен бірге халықтың қоныстануына табиғат жағдайы қолайлы жерлердің тек 1 / 3 бөлігі ғана жарайды. Сондықтан да мемлекетті модернизациялау бағдарламасында негізгі рөлді халықты аумақтық ұымдастыруга баса назар аударады. Оның дұрыс орындалуы халықтың еңбек әлуетін тиімді пайдалануға мүмкіншілік береді. Халықты аумақтық ұйымдастыруға орналасу және қоныстану жатады.
Барлық реферат | Просмотров: 1178 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 06.02.2014 | Комментарии (0)

Қағаз ақша – атаулы құны бар ақша белгілері, яғни айналыста толымды ақшаны алмастыратын құн белгілері. Оны мемлекет өзінің шығыстарын жабу үшін шығарады. Қ. а. асыл металдармен қамтамасыз етілмеген, асыл металға айырбасталмайды және ұсақталмайды. Бағамы мәжбүрлі түрде белгіленеді;  Қ. а-ның бірнеше мәні бар: төлемнің заңды құралы – экономиканы, мемлекетті несиелендіру үшін және мемлекеттің алтын-валюта сақтық қорын молайту мақсатымен айналысқа шығаратын банкнота
Барлық реферат | Просмотров: 1074 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 05.02.2014 | Комментарии (0)

КАПИТАЛДЫ ШЕТКЕ ШЫҒАРУ, капитал экспорты – кәсіпкерлік қызметтің түрлі нысандарын жүзеге асыру және пайда алу мақсатымен капиталдың шет елдегі ұзақ мерзімді салымы. К. ш. ш. негізгі екі нысанға бөлінеді. Олар: тікелей және қоржындық инвестициялар. Тікелей инвестициялар қаражатты шет ел кәсіпорындарын (филиалдар, бөлімшелер, бірлескен кәсіпорындар) құруға, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар сатып алуға, акциялардың бақылау пакетін сатып алу немесе бақылау құқығын беретін мажоритарлық қатысу жолымен шетелдік компанияға бақылау орнатуға, шетелдік филиалдардың қызметін кеңейтуге, соның ішінде пайданы кері инвестициялау есебінен кеңейтуге жұмсау болып табылады.
Барлық реферат | Просмотров: 1106 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 05.02.2014 | Комментарии (0)

КАПИТАЛ (нем. kapіtal, ағылш. capіtal, лат. capіtalіs – басты нәрсе‚ басты мүлік, негізгі қаржы) – кең мағынада – табыс әкеле алатын нәрселердің бәрі немесе адам өзінің тіршілік әрекеті барысында тауарлар‚ өнімдер‚ т.б. өндіру‚ қызметтер көрсету үшін жасаған ресурстар, яки қосымша құн әкелетін құн; тар мағынада – табыстың жұмыс істеп тұрған қайнар көзі‚ іске қосылған өндіріс құрал-жабдығы‚ ақшалай қаражат‚ зияткерлік меншік.
Барлық реферат | Просмотров: 2232 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 05.02.2014 | Комментарии (0)

ҚАРЖЫ, финанс (ағыл. және фран. fіnances, орта лат. fіnantіa – ақшалай қаржы, аяқтау, төлем төлеу туралы бұйрық) – ақша қорын жасау және пайдалану барысындағы экон. қатынастар жиынтығы. Мемлекеттің, аймақтардың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің, заңды және жеке тұлғалардың кірістері мен шығыстарының, жинақ қорларының қалыптасуы барысында ақшалай қаражатының құралуы, бөлінуі және қайта бөлінуі процесін, осыған орай туындайтын ақша қатынастарын сипаттайтын іргелі, жалпылама, көп мәнді экон. категория ретінде қарастырылады.
Барлық реферат | Просмотров: 1933 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 05.02.2014 | Комментарии (0)

ҚАРЖЫ НАРЫҒЫ,  қаржы рыногі – капитал несие берушілер мен қарыз алушылар арасында бағалы қағаздарды шығару және сатып алу-сату нысанында қайта бөлінетін несие капиталдары рыногінің бір бөлігі. Қ. н-н бастапқы және қайталама рыноктардың жиынтығы деп қарауға болады. Бастапқы рынок бағалы қағаздарды шығару сәтінде пайда болады, оған қаржы қорлары жұмылдырылады. Қайталама рынокта бұл қорлар бірнеше рет қайта бөлінеді. Қайталама рынок биржалық және биржадан тыс рыноктарға ажыратылады.
Барлық реферат | Просмотров: 1824 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 05.02.2014 | Комментарии (0)

ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ ЖИНАҚ БАНКІ, Халық банкі – аса ірі әмбебап коммерциялық банк; Қазақстанның ең сенімді және әртараптандырылған қаржы құрылымдарының бірі. Банктің Қазақстанда 528 құрылымдық бөлімшесі, Ұлыбританияда (Лондон), ҚХР-да (Пекин) және Ресейде (Мәскеу) шетелдік өкілдіктері бар. Банк өз тарихын 1923 ж. тамызда Ақтөбе қ-нда мемл. еңбек жинақ кассасының ашылған кезінен бастайды.  1988 жылғы банк реформасы бойынша екі деңгейлі банк жүйесіне: орт. банкке және мамандандырылған банктерге көшу межеленіп, мемл. еңбек жинақ кассалары жүйесі халық пен заңды тұлғаларға қызмет көрсететін КСРО жинақ банкі болып қайта құрылды. 

Барлық реферат | Просмотров: 1505 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 05.02.2014 | Комментарии (0)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІК ЖОСПАРЛАУ МИНИСТРЛІГІ – орталық атқарушы орган Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын әзірлеп, салааралық тұрғыда үйлестіретін, еліміздің стратегиялық жоспарлары мен индикативтік жоспарларын, мемлекеттік қаржыны, лицензиялау жүйесін басқаратын, орта мерзімді кезеңге арналған мемлекеттік бюджеттің болжамды көрсеткіштерін белгілейтін, республикалық бюджеттің тиісті қаржы жылына арналған жобасын жасайды. 
Барлық реферат | Просмотров: 1073 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 05.02.2014 | Комментарии (0)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІ, Қазақстанның ұлттық банкі (ҚҰБ) – ақша қаржылары мен қорларын жинақтау, айналысқа түсіру, бағалы қағаздар шығару және олармен түрлі операциялар жасаумен айналысатын республикалық орталық мекеме. Біздің республикамызда екі деңгейлі банк жүйесі қалыптасқан. ҚҰБ 1993 ж. 13 сәуірде қабылданған "Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы” ҚР Заңына сәйкес КСРО Мембанкінің Қазақ респ. банкі негізінде құрылды. Республиканың банк жүйесін реформалаудың алғашқы заңдық негіздері 1990 ж. 7 желтоқсанда қабылданған "Қазақ КСР-ндағы банктер және банк қызметі туралы” Заңда қаланды. ҚҰБ-нің атқарымдары мен өкілеттіктері ҚР Президентінің "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы” 1995 ж. 31 тамыздағы заң күші бар Жарлығымен белгіленді. ҚҰБ басқа елдердің орт. банктерімен және басқа банктерімен қарым-қатынаста Қазақстанның мүддесін білдіреді.
Барлық реферат | Просмотров: 1635 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 05.02.2014 | Комментарии (0)

Қаржы саясаты – мемлекеттің өз қызметтері мен міндеттерін жүзеге асыруы үшін қаржыны ұйымдастыру және пайдалану жөніндегі шараларының жиынтығы. Қаржы қорларын жұмылдыру нысандары мен әдістері жүйесінде, оларды халықтың әлеум. топтары, қызмет салалары арасында бөлуде, қаржы заңдарында, шығыс пен кіріс құрылымында көрініс табады. Қаржы саясатына мемл. бюджет қызмет көрсетеді және ол экон. саясаттың құрамдас бөлігі болып табылады, сондықтан ел экономикасы өркендеуінің басым бағыттарына байланысты түрде де, өнеркәсіптегі, энергетикадағы, құрылыстағы және құрылым құрайтын мәні бар басқа да салалардағы, сондай-ақ, а. ш-ндағы мемл. сектордың дамуын айқындайтын жалпы ұлттық мүдделерді басшылыққа ала отырып та қалыптастырылады.
Барлық реферат | Просмотров: 1397 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 05.02.2014 | Комментарии (0)

1-20 21-40 41-60 61-80 81-100 ... 3021-3040 3041-3056