Главная » Файлы [ Добавить материал ]

Всего материалов в каталоге: 3056
Показано материалов: 3001-3020
Страницы: « 1 2 ... 149 150 151 152 153 »

Қожа Ахмет Йассауи - сопылық поэзияның негізін салушы ақын, күллі Күншығыс мұсылмандарының рухани ұстазы болған ұлы ойшыл, діни қайраткер тұлға. "Мединада - Мұхаммед, Түркістанда - Қожа Ахмет" деген қанатты сөздің өзінен-ақ кезінде оның қандай қадір-құрметке бөленгенін аңғаруға болады. Әкесі Ибраһим Махмұд Сайрамда жасаған ғұлама кісі болыпты. 
Барлық реферат | Просмотров: 2189 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 06.03.2013 | Комментарии (0)

Махмұд Қашқаридың толық аты-жөні Махмұд ибн Әл-Құсайын ибн Мұхаммед. Ол - XI ғасырда Қашқарда туып, Баласағұн қаласында өмір сүрген ғалым. Қарахандар ақсүйектері ортасынан шыққан. Әкесі Құсайын Мұхаммед Мавераннахрды жаулаушы Боғырханның немересі екен. Барыс ханның уәзірі болып (Ыстықкөлдің оңтүстік жағасы), кейіннен Қашқарға қоныс аударады. 
Барлық реферат | Просмотров: 3565 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 06.03.2013 | Комментарии (0)

Жүсіп Баласағұн өмірі жайында мәлімет мардымсыз. Ол 1017 жылы Қыз-Орду атымен белгілі Баласағұн қаласында дүниеге келген. Бұл қаланың орналасқан жері жөнінде түрлі пікір бар. Біріншісі Жетісуда, Шу жағалауында, Тоқмақ қаласынан алыс емес жерде десе, екіншісі Жамбыл облысының аумағында, Ақтөбенің жоғарғы жағы дейді. Кейбір деректерде Баласағұн қаласы Қарахан мемлекетінің қолөнер сауда орталығы болғанын айтады. 
Барлық реферат | Просмотров: 7284 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 06.03.2013 | Комментарии (0)

Әл Фараби 870 ж. Арыс өзенінің Сырдарияға келіп құятын жағасына орналасқан Фараб қаласында дүниеге келген. Толық аты-жөні әл Фараби Әбу Насыр Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан, яғни әкесінің аты - Ұзлағ, ал арғы атасының аты - Тархан. Оның туған жері - ежелгі қазақ қаласы Отырарды арабтар Барфа, Фараб деп атаған, есімі осыдан келіп, Фарабтан шыққан Әбу Насыр болып аударылады.
Барлық реферат | Просмотров: 3322 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 06.03.2013 | Комментарии (0)

Қазақ ойшылы, оқымысты, мемлекет және қоғам қайраткері. Ақмешіт (қазіргі Қызылорда) қаласында дүниеге келді. Ол - белгілі Торғай датқаның немересі, Ер Шоқай - бектің ұлы. Нағашылары Хиуадағы қазақ хандары тұқымынан.
Барлық реферат | Просмотров: 2826 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 06.03.2013 | Комментарии (0)

Тоқаш Бокин - Жетісуда Совет өкіметін орнатуға және оны нығайтуға белсене қатысушы. Жетісу (қазір Алматы облысы), Верный уезінің 6-ауылында көшпелі кедей шаруа семьясында туған. 1898 - 1906 жылы Верныйда ерлер гимназиясында оқыды.
Барлық реферат | Просмотров: 10725 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 06.03.2013 | Комментарии (0)

Міржақып Дулатов - қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы, жалынды көсемсөз шебері. Туған жері - бұрынғы Торғай уезінің Сарқопа болысының үшінші ауылы. Әкесі Дулат аймағына аты шыққан шебер кісі болған, ер-тұрман жасап, етік, мәсі тіккен. Шешесі Дәмеш - ойын-тойдың базары, әнші кісі болған.
Барлық реферат | Просмотров: 3129 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 06.03.2013 | Комментарии (0)

Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов - көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғұлама ғалым, ұлт-азаттық қозғалысының теориялық негізін салушы әрі көсемі, қазақтың тұңғыш саяси партиясын ұйымдастырушы және Алашорда үкіметінің төрағасы. Туған жері - бұрынғы Семей облысындағы Қарқаралы уезінің Тоқырауын болысы, қазіргі Қарағанды облысының Ақтоғай ауданы.
Барлық реферат | Просмотров: 3199 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 06.03.2013 | Комментарии (0)

Оңтүстік Қазақстан өңіріндегі Қаратауда туған, 1768 жылы Семей облысының Абай ауданындағы Жүрекжота деген жерде қайтыс болған. Жорық жырауы, әскербасы, қоғам қайраткері.
Барлық реферат | Просмотров: 1384 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 06.03.2013 | Комментарии (0)

Бұқар Қалқаманұлы - қазақтың аса көрнекті жырауы, мемлекеттік қайраткері. Ұзақ ғұмыр сүрген ол көптеген тарихи оқиғалардың куәгері. Тәуке хан тұсында беделді билердің бірі болған.
Барлық реферат | Просмотров: 1758 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 06.03.2013 | Комментарии (0)

Азау қаласында дүниеге келіп, Астрахань маңында қайтыс болған. Көне қазақ әдебиеті көрнекті өкілдерінің бірі, әскери жорықтардың жыршысы. Доспамбет жырау қазақ халқы ұлт ретінде қалыптаса бастаған дәуірде өмір сүрді. Өз кезінде Қырым, Ноғай және Қазан хандықтарының арасында болған жорықтар мен шайқастарға қатысқан.
Барлық реферат | Просмотров: 1519 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 06.03.2013 | Комментарии (0)

Тіленшіұлы Шалкиіз жырау Батыс Қазақстанда дүниеге келген. Қазақтың ақын-жыршысы, батыр және жауынгері. Әкесі Тіленші өз тұсындағы ірі феодалдардың бірі болған, ал шешесі Ноғай ордасының ұлы биі Мұсаның қызы екен. 
Барлық реферат | Просмотров: 2112 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 06.03.2013 | Комментарии (0)

Қазтуған Сүйінішұлының туған, қайтыс болған жылдары белгісіз. Халық арасында Қарға бойлы Қазтуған атанып кеткен. Қазақтың XV ғасырдағы айтулы жорық жырауы. Әскербасы, батыр болған. Еділдің Ақтұма, Бозан бойларында туып-өскен. XV ғасырдың орта шенінде іргесі жаңадан қаланған Қазақ хандығына қоныс аударған.
Барлық реферат | Просмотров: 2023 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 06.03.2013 | Комментарии (0)

XIV ғасырдың екінші жартысында Еділ бойында дүниеге келген. Мемлекет қайраткері, ақын, жырау, философ. Оның өмір сүрген тұсы қазақ халқының қалыптасу кезеңіне сай келеді. Асанқайғы шығармашылығында негізгі орын алатын қазақ тұрмысының өзекті мәселелерін арқау еткен философиялық-нақылдық жанрлар: толғау, терме, шешендік сөздер болып табылады. 
Барлық реферат | Просмотров: 4773 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 06.03.2013 | Комментарии (0)

Мәмлүк мемлекетінің төртінші сұлтаны Рукн ад-дин Бейбарыс-Әл-Мансури Әл-Мысридің тағдыры өте қызықты және қарама-қайшылықтарға толы. Бейбарыстың әкесі - Жамақ, анасы - Әйнек. Ол хорезмдік, бербендік қыпшақ. Оның ақсүйектер руынан шыққанын тарихшылар дәлелдеген. Оның құлдыққа қалай түскендігі туралы екі мәлімет бар.
Барлық реферат | Просмотров: 2222 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 06.03.2013 | Комментарии (0)

Ұлы бабамыз шамамен VIII-IX ғасырларда Сыр бойында туып-өскен. "Қорқыт ата кітабы" әдеби ескерткіштерінен, тегі түрік оғыз тайпасынан шыққандығын білуге болады. Ол - Орта Азия халықтарына және басқа түркі тектес халықтарға ортақ тұлға. Әкесінің аты - Қарақожа. Шешесі қыпшақ тайпасынан.
Барлық реферат | Просмотров: 9585 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 06.03.2013 | Комментарии (1)

Тоныкөк есімі, ежелгі түрік руна жазулары мен ескерткіштері айғақтағанындай, Шығыс Түркі қағанатының қалануымен, Қытаймен күресте тәуелсіздігін орнатуымен байланысты. Тарихшы Ма-Шаңжудың айтуынша, Тоныкөк қарлұқ елінің сабек тайпасынан шыққан.
Барлық реферат | Просмотров: 4518 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 06.03.2013 | Комментарии (0)

Қазақтың атақты биі. Қазақ жүздерін басқаруды реттеу ниетімен Тәуке хан Ұлы жүздің биі етіп Төле биді, Кіші жүзге Әйтеке биді, Орта жүзге Қазыбек биді тағайындайды. 
Барлық реферат | Просмотров: 1137 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 06.03.2013 | Комментарии (0)

Қазіргі Жамбыл облысындағы Шу өзенінің жағасында, Жайсаң жайлауында дүниеге келген, 1756 жылы Шымкент облысы, Леңгір ауданының Ақбұрхан ордасында қайтыс болған. 
Барлық реферат | Просмотров: 1437 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 06.03.2013 | Комментарии (0)

Әйтеке Байбекұлы - қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері. Әлім тайпасының төртқара руынан шыққан. 
Барлық реферат | Просмотров: 4822 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 06.03.2013 | Комментарии (0)

1-20 21-40 ... 2961-2980 2981-3000 3001-3020 3021-3040 3041-3056