Главная » Файлы [ Добавить материал ]

Всего материалов в каталоге: 3056
Показано материалов: 2981-3000
Страницы: « 1 2 ... 148 149 150 151 152 153 »

Қазақ Ордасының ханы, Қазақ мемлекетінің тарихындағы аса көрнекті мемлекет қайраткері. 1743 жылға дейін Орта жүздің сұлтаны болған. Әбілмәмбет хан қаза болған соң, Абылай Ұлы жүздің ханы болады.
Барлық реферат | Просмотров: 1239 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 06.03.2013 | Комментарии (0)

Бөкей Ордасының (1823-1845) ханы, Бөкей ханның ұлы. 1815 жылы әкесі мұрагерлік салтқа сәйкес хандық тақты Жәңгірге берді. Алайда, Жәңгір жас болғандықтан, Бөкейдің тапсыруы бойынша хандықты Бөкейдің інісі Шығай сұлтан басқарды. 1823 жылға дейін Жәңгір еуропалық үлгіде тәлім-тәрбие алады, Астрахан губернаторы Андреевскийдің үйінде жатып оқиды. 
Барлық реферат | Просмотров: 4222 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 06.03.2013 | Комментарии (0)

Қажымұқан Мұңайтпасұлы (1871-1948) - қазақтың әлемге әйгілі балуаны, классикалық күрестің асқан шебері. Шыққан тегі - Орта жүздің Қыпшақ тайпасының алтыбас руынан.
Барлық реферат | Просмотров: 3388 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 06.03.2013 | Комментарии (0)

Нұрғиса Атабайұлы Тілендиев - қазақтың әйгілі күйші-сазгері, дирижер, дәулескер домбырашы. Туып-өскен жері - Алматы облысының Іле ауданына қарасты Шилікемер ауылы. Топырақ бұйырған жері - Жамбыл кесенесінің іргесі. Мәскеудің П. И. Чайковский атындағы консерваториясының дирижерлік факультетін (профессор Н. П. Аносовтың класы бойынша) бітірді. 
Барлық реферат | Просмотров: 6212 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 06.03.2013 | Комментарии (0)

Ахмет Қуанұлы Жұбанов - қазақ музыкасын зерттеуші көрнекті ғалым, әйгілі сазгер, дирижер. Қазақстанның халық артисі (1944), өнертану ғылымының докторы (1943), профессор (1948). Туып-өскен жері - Ақтөбе облысының Темір ауданы. Топырақ бұйырған жері - Алматы қаласы. Жас кезінде ауылдасы Талым күйшіден, ауыл мұғалімі Қ. Ашғалиевтен, әкесі Қуаннан, ағасы Құдайбергеннен тәлім алып, музыка өнеріне ден қояды.
Барлық реферат | Просмотров: 2018 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 06.03.2013 | Комментарии (0)

Дина Нұрпейіс келіні - қазақтың әйгілі күйші-композиторы. Туып-өскен жері - Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданына қарасты Бекетай құмы деген жер. Топырақ Алматы қаласынан бұйырған. Қазақстанның халық әртісі (1944). Халық өнерпаздарының 1937 жылы өткен республикалық байқауына қатысып, 75 жасында халық аспаптарын тартатын өнерпаздардың Мәскеуде өткен Бүкілодақтың бірінші байқауында, одан кейін 1944 жылы 83 жасында Орта Азияның бес республикасынан өнерпаздар қатысқан Ташкенттегі он күндікте Дина тағы да жүлделі орындарды жеңіп алады.
Барлық реферат | Просмотров: 4266 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 06.03.2013 | Комментарии (0)

Қазанғап Тілепбергенұлы - қазақтың әйгілі күйші-композиторы. Туып-өскен жері - Арал көлінің жағасы, Құланды түбегінің Ақбауыр деген жері. Топырақ бұйырған жері - сол Ақбауыр маңы, Айшуақ ауылының іргесі. Шыққан тегі - Ұлы жүз құрамындағы байырғы тайпалардың бірі - Шанышқылы. Шежіре дерегі бойынша, Ұлы жүз Ақарыстан тараған ұрпақтың бірі - Кейкі би, одан Төбей туған. Төбейден Майқы, Қоғам, Мекіре, Құйылдар деген төрт ұл туады. 
Барлық реферат | Просмотров: 2217 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 06.03.2013 | Комментарии (0)

Азды-көпті дәулеті бар әкесі Қорамса мұсылманша сауат алған Ақанды ауыл молдасы етпек болады. Бірақ бала кезінен домбыра тартып, әнге, өлеңге құмар болып өскен Ақан, басына сәлде орап, мешіт ұстаудың орнына қайда жиын-той, шілдехана, алтыбақаны бар жерге аңсары ауа береді. 
Барлық реферат | Просмотров: 5432 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 06.03.2013 | Комментарии (1)

Мұса Байжанұлы бала кезінен ауылдағы молдадан оқып, сауатын ашса да бұл білімінің аз екенін ерте сезеді. Өзі туып-өскен өлке - қазіргі Павлодар облысының Баянауыл, Жасыбай көлі жағасынан әлде қайда алыста жатқан Қызылжар қаласына қатынаған жолаушыларға ілесіп, үлкен өмірге қол созады. Бір саудагер ноғайдың үйінде самаурыншы болып жалданып, бос уақытында орысша оқиды. Қала жағдайы оған қатты әсер еткен.
Барлық реферат | Просмотров: 2686 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 06.03.2013 | Комментарии (0)

Бойында әншілік дарыны бар, домбырада шебер ойнайтын Біржан жастайынан қазақ даласына танымал болған. Ол бірегей сазды-поэтикалық шығармаларды дүниеге келтірген. Ел аралап, алуан түрлі айтыстардың ортасында жүрген. Айналасына дарынды жастарды жиып, өзіндік көшпелі театр құрған.
Барлық реферат | Просмотров: 4683 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 06.03.2013 | Комментарии (0)

Жетісудың төрі болып есептелетін Қарқарада дүниеге келген. Қожекенің әкесі Назар сөзге шешен, төңірегіне ықпалды адам болған.
Барлық реферат | Просмотров: 1062 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 06.03.2013 | Комментарии (0)

Дәулеткерей Шығайұлы 1820 жылдар шамасында қазіргі Орал облысының Орда ауданында ауқатты отбасында дүниеге келген. Әкесі Шығай да, Бөкей ордасының ханы Жәңгір де оны бала жасынан ел билеуге, төрелік салтанат құруға тәрбиелеген. Алғашқы уақытта ол сол елдегі жеке-жеке руларды басқарып көреді. Бірақ билікте жүрген адамның амалсыздан қатігез болатынын ол нәзік жүрегімен ерте түсінеді.
Барлық реферат | Просмотров: 2156 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 06.03.2013 | Комментарии (0)

Қазақ елі өз жерінің қазына-байлығымен ғана емес, әлемді аузына қаратқан атақты талант иелерімен де белгілі. Елді өзінің өзгеше өнерімен оятқан жасампаз күйші Құрманғазы Сағырбайұлы болды. Ол ХІХ ғасырдың басында, Батыс Қазақстан өңірінде, Орал облысы, Жанғали ауданының Жиделі елді мекенінде, кедей шаруа отбасында дүниеге келді.
Барлық реферат | Просмотров: 8628 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 06.03.2013 | Комментарии (0)

Адам баласының тағдыры әрқалай. Табиғат берген өнер бойынша қанша күш-қуат құйса да, Сегіз серінің, Құрманғазының, Біржан салдың, Ақан серінің, Жаяу Мұсаның өмірлерінің оншама бақытты болмағанын білеміз. 
Барлық реферат | Просмотров: 2320 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 06.03.2013 | Комментарии (0)

Роза Тәжібайқызы Бағланова (01.01.1922 ж. т.) - қазақ әншісі (сопрано), КСРО халық әртісі (1967), Халық қаһарманы (1996), Қызылорда облысының Қазалы қаласында туған. 1939-1941 ж. Қызылорда педагогика институтында оқыды. 1941-1949 ж. 
Барлық реферат | Просмотров: 5786 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 06.03.2013 | Комментарии (0)

Әбілхан Қастеев - қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график-суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі. Туып-өскен жері - Алматы облысына қарасты Жаркент төңірегі. Топырақ бұйырған жері - Алматы қаласы. Қазақстанның халық суретшісі (1944). Қазақстан Суретшілер одағы басқармасының төрағасы (1945-1956). 
Барлық реферат | Просмотров: 9191 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 06.03.2013 | Комментарии (0)

Ыбырай (Ибраһим) Алтынсарин, - қазақтың көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы. Туып-өскен жері - Қостанай облысының Қостанай ауданы, Арқарағай. Осы өңірде, Тобыл өзенінің жағасынан топырақ бұйырған. Орынбор шекара комиссиясының қазақ балалары үшін ашқан мектебіне оқуға түседі (1850). 
Барлық реферат | Просмотров: 1822 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 06.03.2013 | Комментарии (0)

Ахмет Байтұрсынұлы - қазақтың ұлы ағартушысы, ірі ғалым-лингвист, түркітанушы, ақын, аудармашы, әдебиет жинаушы һәм зерттеуші, бірқатар оқулықтар мен оқу құралдарының авторы. Туған жері - бұрынғы Торғай уезінің Тосын болысы (Қазіргі Қостанай облысының Жангелдин ауданындағы Ақкөл ауылы).
Барлық реферат | Просмотров: 1202 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 06.03.2013 | Комментарии (0)

Шоқан Уәлиханов (шын аты - Мұхаммедханафия) Шыңғысұлы (қараша, 1835, Құсмұрын бекінісі, қазіргі Қостанай облысы, сәуір, 1865, Алтынемел, қазіргі Алматы облысы) - қазақтың ұлы ғалымы, ориенталист, тарихшы, этнограф, географ, фольклорист, ағартушы, демократ. Омбының кадет корпусын бітірген (1853), Петербург университетінің тарих-филология факультетінде лекция тыңдаған (1861-1862). Арғы атасы - Абылай.
Барлық реферат | Просмотров: 16139 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 06.03.2013 | Комментарии (0)

Ташкентте дүниеге келіп, Үндістандағы Кашмир уалаятында қайтыс болған. Атақты тарихшы, әдебиетші.Мұхаммед Хайдар Дулатидің "Джаханнама" атты дастаны Моғолстан мен оған шекаралас облыстар бойынша жасалған әйгілі "Тарихи Рашиди" кітабына енген. 

Барлық реферат | Просмотров: 2783 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 06.03.2013 | Комментарии (0)

1-20 21-40 ... 2941-2960 2961-2980 2981-3000 3001-3020 3021-3040 3041-3056